Просмотр содержимого документа
«Конспект урока Шуакты кун»
Күні: 18. 02. Сыныбы: 3 б
Сабақтың тақырыбы: Шуақты күн. Пейзаж.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: табиғат көрінісі, ондағы түстердің мәнерлеу мүмкіндігі туралы білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық: табиғат көрінісі композициясын құру және оның көңіл күйін түс арқылы беру біліктілігін дамыту.
Тәрбиелік: табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін және бақылағыштықтарын тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ
Әдісі: түсіндіру, баяндау,тақырыпқа сурет салу.
Көрнекілігі: слайдтар, ребус,смайликтер.
Қажетті құралдар:
Мұғалім үшін:А.И.Куинджи картиналарының көшірмелері, жазғы пейзаж суреттері.
Оқушылар үшін: сурет дәптері,карындаш, өшіргіш, акварель, қылқалам, палитра, су ыдысымен.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка, дүниетану.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Шаттық шеңбері.
Қайталау сұрақтары.
Жаңа сабақ
Сарамандық жұмыс.
Сергіту сәті.
Қорытындылау.
Бекіту.
Оқушылардың оқу құралдарын түгендеп болғасын барлығын шаттық шеңберіне шақырамын. Бір-біріне жақсы тілек айтып, орындарына отырады. Содан соң сабақтың тақырыбы, мақсаты айтылады. Жаңа сабақ басталмас бұрын қайталау сұрақтарын қоямын.
III. 1. Бейнелеу өнері қандай үлкен топтарға бөлінеді?
2. Қандай жанр түрлерін білесіңдер?
3. Жылы және суық түстерді атаңдар.
IV. Біздер бүгін жазғы пейзаж туралы айтпақпыз. Табиғаттың қай мезгілін алсақ та өзінің бояу түстерімен, реңктерімен, сұлулығымен адамды баурап алады. Ең мықты суретші – табиғаттың өзі, ал біздер, яғни суретшілер оның оқушыларымыз. Міне сондай суретші, қылқалам шебері, есімі ресейлік және әлемдік кескіндеме өнерінде өшпес із қалдырған қайраткердің бірі – А.И.Куинджи. Суретші көзі тірі кезінде өзі туралы әңгімелеуді ұнатпапты. Сондықтан да оның балалық, жастық шағы туралы көп мәлімет жоқ екен. Бірақ өзінің замандастары, әріптестері оның өте еңбекқор, адал, діттеген мақсатына жетпей қоймайтындығын, тұрақты адам болғанын айтады. Ол үш жасында жетім қалып, он жасында еңбек жолын бастайды. Он бес жасқа келгенде оның ешқандай ақшасы да, тума-туыстары да болмай көп қиындық көріп жүріп, жас бала Феодосиядағы Айвазовскийдің шеберханасын іздеп табады. Кейін Одессаға барып, әрі қарай Петербург қаласына асып кетеді білім іздеп. Өзінің табандылығымен өнер академиясының тыңдаушысы болады. Сол кездері ол өзіне пейзаж жанры жақын екенін түсінеді. Өнер әлеміне жаңадан қадам басқан жас суретші жалпы пәндер бойынша емтихандардан босатылып, кәсіби емтиханды үздік тапсырып, суретші атанады. Бұл оның бойындағы табиғи қабілеттің арқасы еді. Кейін ол «Әлем суретшісі» атанады. Куинджидің картиналарында көбіне сюжет болмайды, олар баланың суреті сияқты қарапайым әрі шынайы. Оның шығармалары қоршаған ортаның сұлулығы мен үйлесімділігін бейне бір көрерменнің жүрегіне үңіліп тұрғандай тамаша, таңғаларлықтай. Көремендер оның картиналарын көру үшін ұзақ кезекке тұрған, одан шыққанда қатты толқып таңданып шығатын болған. Өкінішке қарай, сол кезеңде пайдаланылған бояулардың нашарлығына байланысты Куинджидің катиналарындағы түстер уақыт өте келе күңгірттеніп,әсемділігінен айырылады. Қаржылық жағы түзелгеннен кейін ол картиналарын 20 жылдай көрмеге шығармайды. Бірақ жұмысын тоқтатпай, оқытушылық қызметін істей береді.Ол енді өзінің шәкірттерін, жас суретшілерді қаржылай көмектесіп қолдап, шетелдерге апарып, көрмелер ұйымдастырады. Сөйтіп Куинджи «Әлем суретшісіне » айналады. Қайтыс болғаннан кейін суретшілер қоғамына оның есімі беріледі.
V. Оқушылар картинаны көргеннен кейін не көріп-сезгендерін әңгімелейді. Табиғаттың күйін беру үшін суретші қандай құралдарды қолданғанын анықтайды.
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ.(палитрамен жұмыс)
VI. Слайдтарға қарап табиғат құбылысын сәйкестендіру смайликпен.
VII. Сарамандық жұмыс.(әсем әуен қосылады)
VIII. Сергіту сәті.
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар
Үп-үлкен боп өседі.
Қорытындылау. Ребус шешу «ПЕЙЗАЖ»
Бекіту.