№23 орта мектеп-лицейінің қазақ тілі мен
әдебиеті пәні мұғалімі Есбусинова Гүлмира
Бөкенбайқызы
Сабақтың тақырыбы: Азық- түліктер
(3-сынып)
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды азық-түлік атауларымен таныстыру, нанның қасиеттілігін түсіндіру.
Міндеті:
білімдік: Фонетикалық талдауды еске түсіру, мәтін бойынша сұрақ қоя білуге, сурет бойынша сөйлем құрастыра білуге үйрету.
дамытушылық: Өз ойын еркін жеткізу дағдысын жетілдіру, ауызекі сөйлеу дағдыларын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Сөйлету, ойлау арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейту,
тәрбиелік: Тілге деген қызығушылығын арттыру, топтық жұмыс арқылы достық қарым-қатынасқа, сыпайы болуға тәрбиелеу. Оқушыларды асты қадірлеуге, қастерлеуге тәрбиелеу.
сабақтың түрі : жаңа сабақ.
сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс; іздендіру
Пәнаралық байланыс: орыс тілі,әдебиеттік оқу
Сабақтың көрнекілігі:слайдтағы азық-түлік суреттері, карточкалар, ас туралы жұмбақтар.
пәнаралық байланыс: орыс тілі
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. оқушылармен сәлемдесу, сабақта жоқ оқушыларды белгілеу.
2. оқу құралдарының толықтығы, оқушылардың көңіл-күйі, оқушылар назарын сабаққа толық аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.Өтілген модуль бойынша қайталау.
Сұрақтар:
1.Уақыт өлшем бірліктерін ата?
2. Бір аптада неше күн бар?
3.Қазақ тіліне тән дыбыстар қандай?
4. Ай аттары?
5. Сағаттың қандай түрлері бар?
6.Жылдың төрт мезгілін ата?
Грамматикалық тақырыппен жұмыс:
1.Жатыс септіктің сұрақтарын ата?
2.Жатыс септіктің жалғауларын жалғап айт: қала, сағат, жыл, дәптер, терезе, үй, газет.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Лексикалық тақырыппен жұмыс
Сөздікпен жұмыс:
Азық- түліктер- продукты
нан- хлеб
май- масло
айран- кефир
қант- сахар
ірімшік-сыр
шұжық- колбоса
шай-чай
кәмпит- конфет
жаңғақ- орех
ішемін- пью
жеймін- ем
1. Суретпен салыстыра түсіндіру
2. Оқушыларға қайталату
3. Буынға бөлу
4. Сөз тіркесін не сөйлем құрау
Оқулықпен жұмыс
1-тапсырма
Мынау -дүкен. Дүкенде азық –түліктер сатылады. Азық- түліктер: нан, май, шай, кәмпит, шұжық, айран, ірімшік. Дүкенге Әлия мен Айнұр келді. Әлия нан мен қант сатып алды. Айнұр айран мен сүт сатып алды.
1. Мәтінді түсініп оқып шығу.
2. Сұрақтарға жауап беру.
3. Ішілетін, жейтін тамақтарды бөліп сызба құру.
2-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқы
Нан иісі
Есіңде болсын, балам,
Нан- қастерлі тағам.
Қоқымын оның шашпа,
Жерге түссе,баспа,-
Дейді атам маған.
Ә. Бостыбаев
Тапсырма:
1. Өлеңді мәнерлеп оқу
2. Тақырыбын пысықтау: а) өлеңнің тақырыбы не туралы? б) нан қандай тағам?
в) нанды қалай қастерлеу керек?
3- тапсырма. Көп нүктенің орнына азық- түлік атауларын қой. Мен әкеммен дүкенге бардым. Біз ....... , ...... , ........ , ....... сатып алдық. Дүкенде ...... жоқ. Біз үйге келдік.
«Адасқан әріптер» ойыны. Әр оқушы жасырылған сөзді шешуі керек.Бір сөзге фонетикалық талдау жасайды.
А т қ а м - тамақ
р і м і к ш і – ірімшік
н е к ү д – дүкен
ұ м ғ а і м л - мұғалім
ышуқо - оқушы
Жаңа тақырыпты бекіту
Азық- түліктің қандай түрлерін білеміз?
Айгүл, мұғалім, оқушы сөздеріне қандай сұрақ қойылады?
Мектеп, нан, айран, сынып сөздеріне қандай сұрақ қойылады?
Азық- түліктер қайда сатылады?
Үйге тапсырма
1. 2- тапсырма.Өлеңді жаттау.
2. Сөздік жаттау.
3. «Азық- түлік дүкенінде» диалог құру.
Бағалау. Оқушыларды қатысымына қарап бағалау, мадақтау
Мұғалім: Кожабергенова Г.А.
Ақтөбе қаласы-2014 жыл
Сабақтың тақырыбы: Менің үйім. Нәтиже сабақ.
Сабақтың мақсаты:
1.Өтілген модульдің тақырыптары бойынша оқушылардың алған білімдерін пысықтау. Пәнге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
2.Ауызекі тілде сөйлету арқылы тіл байлығын дамыту,сөздік қорын кеңейту,топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
3.Бейнелеу арқылы оқушыларды көркемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Қорытынды сабақ
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,суретпен жұмыс, ойын.
Сабақтың көрнекілігі:суреттер, сандық, кеспе қағаздар
Сабақтың барысы:
I .Ұйымдастыру кезеңі: (3 минут)
Оқушылар 2 топқа бөлініп отырады, амандасу, қонақтармен амандасу
- Бүгін сыныпта кезекші кім?
- Сыныпта кім жоқ?
- Оқу құралдарын тексеру (оқулық,дәптер,қалам,сөздік дәптер)
Тіл дамыту кезеңі:
Қазір қай сабақ?
Қазақ тілі сабағында қай тілде сөйлейміз?
Аптаның қай күні?
Бүгін ауа райы қандай?
Бүгінгі сабағымыз өтілген тақырыптарды қорытындылауға арналады. Алдарыңда бірнеше баспалдақтар тұр, сол баспалдақтардан өтіп «Арман шыңына» жетулерің керек.Олай болса 2 топқа бөлініп, «Арман шыңына» қол ұстасып, жолда кездескен кедергілерге шалдықпай жетулеріңе тілектеспін.
-Балалар, бір-біріңе жұмыс алдында не тілейсіңдер?
( топтар бір-біріне іске сәттілік, жетістікке жетейік деген тілектер айтады)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (5 минут)
Жұмбақ жазып,жаттау.
1-саты (2 минут)
Сандарды сөйлет . Берілген сандар мен зат есімдерді пайдалана отырып, сөйлемдер құрастыру керек.
6
7 4 5 10
8 3 2 1 9
Зат есімдер: қабат, бөлме,үй, орындық, пәтер, сынып, мектеп, парта, тоңазытқыш, сурет.
Мен үшінші қабатта тұрамын. Менің үйім төрт бөлмелі. Қабырғада 8 сурет ілулі тұр. Сыныпта 10 орындық бар. Менің мектебім 2 қабаты. Сенің үйіңде жаңа тоңазытқыш бар. Менің досым 4-ші сыныпта оқиды. Мен 7-ші партада отырамын. Мен 1-ші үйде тұрамын.
2-саты (5 минут)
« Қатесін тап» Әр топқа мәтін таратылады. Топ мүшелері мәтіннің қатесін түзейді. Екі топ алмасып тексереді. Қателер жігін арнайы параққа жазады.
Үй біздің көшесінде Абай орналасқан. Үй біздің үлкен және әдемі.Үйіміз бес қабатты. Үшінші қабатта тұрамыз біз. Үйде төрт бөлме бар. Бөлмемде менің тұр кереует шкаф орындық үстел. Бөлмем таза менің әдемі. Үйде ас бар тоңазытқыш үстел ыдыстар. Жудым мен еденді сүрттім терезелерді.Көмектестім шешеме мен.
3-саты. (2минут)
Сергіту сәті. Мынау-менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау-басым ақылды,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау-менің оң қолым,
Мынау-менің сол қолым,
Барлық істі басқарған.
4-саты (3 минут)
«Қыз қуу» ойыны.Бір ұл, бір қыз шығады. Қыз тек сын есімдерді,ал ұл тек зат есімдерді айтады. Екінші жұпта қыз сан есімді, ал ұл зат есімдерді айтып айтысады.
Қандай? Не? Неше? Не?
Әдемі үй Бір есік
Кең бөлме Төрт терезе
Қызыл перде Екі бөлме
Қара есік Үш кереует
Қоңыр еден Жеті гүл
5-саты (5 минут)
«Біздің үй» .
Бір бөлмені таңдап, мәтін құрастыру.
Ас үй
Ұйықтайтын бөлме
Қонақ бөлмесі
6-саты (5 минут)
Дыбыстар әлемі. Берілген дыбыстарды үйге дұрыс жинау.
А Т М Е К Ғ Қ Ы І Ә Ұ Ү Ң Р Д
Дауысты Дауыссыз
«Біліміңді шында» (Берілген сөздерді тәуелдеу)
І топ ІІ топ
Орындық Кереует
7-саты (5 минут)
« Cиқырлы сандық» Келесі 7-ші сатыға көтерілу үшін балалар,сиқырлы сандықтағы жасырынған сұрақтарға екі топ кезек-кезек шығып, жауап беруі керек. Сұраққа дұрыс әрі толық жауап берген топ алмаға ие болады . Қай топ көп алма жинаса, сол топ жеңімпаз болады.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
1.Қай қалада тұрасың?
2. Мекен-жайың қандай?
3.Заттарды бір сөзбен ата.
Кесе,қасық,пышақ,шанышқы.
4.Пәтерің неше бөлмелі?
5.Зат есімнің тәуелдік жалғауларын ата?
6.Төртінші артықты тап.
Қасық,кесе,пышақ,орындық.
7.Пәтерің нешінші қабатта?
8.Сенің бөлмең қандай?
9.Берілген сөздерді буынға бөл.
Жиһаз,кереует,орындық.
10. Төртінші артықты тап.
А,Е,Ә,К
Сабақты бекіту:
Енді, балалар тақтадағы мына үйдің қабырғасына назар аударайық.Осы үйді толық құрастыру үшін келесі сұрақтарға жауап беруіміз керек.
Ыдыс-аяқтар қай бөлмеде тұрады? (ас бөлмесінде)
Қонақты қай бөлмеде қабылдайды? (қонақ бөлмесінде)
Оқушының кітаптары қайда тұрады? (кітап сөресінде)
«Пәтер» сөзін тәуелде
Қай бөлмеде ұйықтайды? (ұйықтайтын бөлмеде)
Сенің үйің қай көшеде орналасқан?
Қорытындылау: Жарайсыңдар, балалар! Міне бүгінгі сабағымызды қорытындылай келгенде,тақтадағы үйіміз де әдемі, үлкен болып құрастырылды. Біздер «Арман шыңына» қол ұстасып, әр сатыдан мүдірмей,еш қиындықсыз өттік. Сонымен, балалар, «Арман шыңына» шығу оңай ма екен? Бұл көрініс бүгінгі алған, берген сабағымыздың әдемі көрінісі болды. Балалар, болашақ өз үйлеріңнің қандай болғанын қалар едіңдер?
Бағалау. Бүгінгі сабағымызда барлық оқушылар да сабаққа белсене қатысып отырды. Екі топ та жақсы жұмыстар жасады. (5 мин)
Үй тапсырмасы: «Менің болашақ үйім» (2 минут)
І.Сурет салу
ІІ.Мәтін құрастыру Бағалау (5 мин)