Зертханалық-тәжірибелік жұмыс №22
Тақырыбы: Мәліметтер базасының құрылымын жасау. Конструктор режимінде кестелер мен объектілерді талдау.
Мақсаты: Оқушыларды MS Access бағдарламасында мәліметтер базасын құруға үйрету. Мәліметтер базасын Конструктор режимінде құру: кесте құру, жазбалар мен өрістерді толтыру, кестенің түрін, түсін өзгерту, кестеге өрістер мен жазбалар қосу әрекеттерін меңгеру.
1 тапсырма. «Жазба кітапшасы» мәліметтер базасын құру.
Microsoft Access 2007 бағдарламасын жүктейміз.
Жаңа мәліметтер базасы (Новая база данных) – Құру (Создать) батырмасын бас.
Жаңа мәліметтер базасының атын қой – «Жазба кітапшасы».
Кесте (Таблицы) аспаптар панелінде Құру (Создание) лентасында Кесте конструкторы (Конструктор таблиц) батырмасын шертіңдер.
Өріс аттарын енгіз және берілгендер типін көрсетіңдер.
| Имя поля | Тип данных |
| р/б № | Есептеуші (Счетчик) |
| Тегі | Мәтіндік (Текстовый) |
| Аты | Мәтіндік (Текстовый) |
| Мекен-жайы | Мәтіндік (Текстовый) |
| Индексі | Сандық (Числовой) |
| Телефон | Мәтіндік (Текстовый) |
| Хобби | Мәтіндік (Текстовый) |
| Эл.пошта | Гиперсілтеме (Гиперссылка) |
Кестені «Достар» атымен сақтап, Конструктор режимінен шығыңыз; кілтті өріс енгізбеңіз.
«Достар» кестесін меңзерді екі рет шерту арқылы ашыңыз және 10 жол толтырыңыз.
«Әкесінің аты» және «Туған күні» өрістерін енгіз, ол үшін:
курсорды жаңа баған қоятын өрістің алдына қой;
К
есте режимі (Режим таблицы) Өрістер мен бағандар (Поля и столбцы) аспаптар панелі Қою (Вставить) командаларын орында.
Поле1 екі рет шертіп «Әкесінің аты» деп өзгерт, ал Поле2 – «Туған күні».
Конструктор режиміне өтіңіз, ол үшін: Главная – Режим – Конструктор командасын орында.
«Туған күні» өрісіне Күн/уақыт (Дата/время) типін орнат; өріс құрамында (Свойства поля) Күннің қысқа форматын (Краткий формат даты) таңда.
Кестені келесі түрде өзгерт:
Тор түсі (цвет сетки) – қою қызыл;
Фон түсі (цвет фона) – аспан көк;
Мәтін түсі (цвет текста) – қою қызыл, размер – 12 пт, курсив.
«Хобби» өрісін «Қызығушылығы» деп өзгерт.
8 нөмірлі жазбаны өшір.
Ұяшықтың размерін мәліметтер көрінетіндей өзгерт. Ол үшін өріс шектеуін (граница полей) меңзердің сол жақ батырмасын екі рет шерту жеткілікті.
Бос ұяшықтарды толтыр.
Конструктор режимінде «Отбасы жағдайы» өрісін қосыңыз. Мұнда тіркелген мәндер тізімі болады – тұрмыста, тұрмыс құрмаған, үйленген, үйленбеген. Ашылатын тізімді құру үшін Алмастыру шеберін (Мастер подстановок) пайдаланамыз.
Алмастыру шебері (Мастер подстановок) типін орнат;
Пайда болған диалог терезесінде «Будет введен фиксированный набор значений» жолын таңда және Әрі қарай (Далее) батырмасын бас;
Баған саны (число столбцов) – 1;
Тізім берілгендерін енгіз - тұрмыста, тұрмыс құрмаған, үйленген, үйленбеген;
Ограничиться списком жолын таңда;
Дайын (Готово) батырмасын шерт.
Ашылатын тізім арқылы жаңа бағанды толтыр. Кесте жалпақ болғандықтан, оны толтыру кезінде ыңғайсыздықтар туындайды: «Отбасы жағдайы» өрісін толтыру үшін адамның фамилиясы көрінбейді. Фамилия үнемі көрініп тұру үшін, кестені толтыру кезінде «Тегі» өрісінің контекстік менюінде Бағанды бекіту (Закрепить поля/столбцы) командасын қолдану қажет.