Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в среней группе
Өткізу күні / Дата проведения: 27.02.2018
Тәрбиеші / Воспитатель : Садвокасова В.А
Білім беру саласы / Образовательная область: Шығармашылық
Пән / Предмет: Сурет салу
Өтпелі тақырып /Сквозная тема: Қоныс аударатын құстар
Тақырыбы / Тема: "Қарлығаш"
Мақсаттары / Цели
1. Тәрбиелік – воспитательная: Балалардың зейінділікпен орындау қабілетін арттыру, ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая : Құстар туралы түсініктерін кеңейту
3. Оқыту – обучающая : Балаларды қарлығаш құсын суретке қарап қағазға бейнелеп сала білуге үйрету.
Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, презентация, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : суреттер, ақ қағаз, жай қарындаш, гуашь бояу, қылқалам.
Билингвалдық компонент : қарлығаш-ласточка
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі
Балаларға жұмбақ жасыру
Бұдыр-бұдыр балшықты,
Жинады да талшықты.
Ұқсатып қамытқа,
Үй салды жабыққа. (Қарлығаш)
Балалар кәзір жыл мезгілі қандай? (қыс мезгілі)
Қыс мезгілінде құстар қайда ұшып кетеді? (жылы жаққа)
есік қағылып топқа қарға келеді. Балалармен амандасады (балалар қарғамен амандасады)
Қарға: балалар мен досым қарлығашты сағындым. Ол жылы жаққа күзде ұшып кетіп еді, енді көктемде ғана келеді, Маған қалай көмектесе аласыңдар?
Тәрбиеші: Қарға сен уайымдама ,біздің балалар кәзір саған досыңның суретін салып береді (Балалар қуана келісед)
2.Негізгі бөлім
Балалар Қарға досын сағынып келген екен, біз оған қарлығаштың суретін салып берейік. ол үшін ақ қағазды алайық, бірінші есімізге түсіріп алайық, қарлығаштың түсі қандай? (қарлығаштың түсі ақ қара түсті)
Тағы қандай ерекшеліктері бар? (қарлығаштың құйрығы айыр болып келеді)
Тамаша балалалар жарайсыңдар, мен кәзір үлгісін салып көрсетейін.Тәрбиеші қарлығаштың суретін салады.
Балалар бастаңдар,балалар суретті салады, қиналған балаларға қол ұшын береді
Балаларды қарлығаш құсын суретке қарап қағазға бейнелеп сала білуге үйрету.
Тәрбиеші: Қарға біздің балалар сенің досың қарлығаштың суретін салды, ұнады ма?
Қарға: көп рахмет, суреттерің өте тамаша екен. сендер мені біраз қуантып тастадыңдар.Енді мен қайтайын, сау болыңдар (балалар қарғамен қоштасады)
Сергіту сәті:
Бойды сергек тік ұста,
Емін-еркін тыныста.
Оң қолыңды соз алға,
Қол ұшына қара да,
Үшбұрыш сыз ауада,
Сол қол босқа тұрмасын,
Шеңбер жасап тынбасын.
3Қортынды:
Балалар сендер бүгін қарға ға көмектестіңдер жарайсыңдар, арқашан осындай тәрбиелі бала болыңдар.Суреттеріңді тақтаға ілейікте. кімнің суреті жақсы шыққанын тамашалайық. (Балалар суреттерді іледі)көп рахмет.