| Мотивациялық - қозғаушылық | Ойын жагдаяты - Балалар, біздің ойын бұрышымызда қонжык бар. Бүгін маған қонжық сүйікті ойыншығы -пирамиданың сынып қалғаны туралы айтты. - Қалай ойлайсыңдар, біз қөнжыққа көмектесе аламыз ба? Тапсырма: «Пирамиданы құрастыруга көмектес». - Балалар бір-бірден шығып, сақиналарды үлкеннен кішіге дейін құрастыруға көмектесіңдерші. - Сақиналардың пішіні қандай? | Қызығушылық танытады, педагогті тыңдайды. Қонжыққа көмектесуге ынта білдіреді. Пирамиданы жинайды, түсін және пішінін айтады. -Дөңгелек. |
| Ұйымдастырушылық - ізденістік | - Аппликация жасау үшін бізге не керек? Үлестірмелі материалға назарларын аударады. Жұмыстың орындалу ретін тусіндіреді. - Сопақ пішінді тіктөртбұрыштың бұрыштарын дөңгелетіп қиямыз. Сонда сопақша пішін шығады. - Пирамидадағы дөңгелектердің (сақиналардың) түсі және пішіні әртүрлі, сондықтан тіктөртбұрыштар да әртүрлі. Маған олардың түсін атап беріңдерші. Сөздік жүмыс: түрлі түсті пирамида. Билингвальді компонент: қонжық -медвежонок, пирамида - пирамида. Қиылған сопақ пішіндерді үлкеннен кіші пішінге дейін қоямыз, үстіне домалақ шарды қоямыз. Енді бэрін желімдейміз. - Сопақ пішіннің екінші жағына желімді жағып, эдемілеп желімдейміз. Сосын келесі пішінді - оның үстіне кішісін жэне тағы біреуін солай желімдейміз. Қауіпсіздік ережелерін еске түсірейік: 1. Өзінің үстелінде ғана жұмыс істеу. 2. Қайшының астыңғы жағын үстіне қаратуға болмайды. 3. Қайшымен жүріп бара жатқанда және тұрғанда кесуге болмайды. 4. Достарыңа қайшымен жұмыс істегенде жақындауға болмайды. 5. Қайшыны үстелдің шетіне қоюға болмайды, қайшының басы жабық болуы керек. 6. Жұмыс істеп болғаннан кейін орнына қою. Сергіту сәті Оңга, солга бұрылдық, Алга, артқа иілдік. Тіземізді бүкгпіріп, Қолды создық тік түрып, Секіреміз топ-топ, Шапалактап көп-көп. Иілеміз оңга қарай, бір, екі, үш. Иілеміз солга карай, бір, екі, үш. - Енді жұмысқа кірісуге болады. Балалармен жеке жұмыс жүргізеді. | - Қайшы, қағаз және желім. Үлестірмелі материалды қарастырады. Жұмыстың орындалу ретімен танысады. - Ең үлкені - қоңыр, сосын сары, жасыл, қызыл, көк. Қайталайды: түрлі түстіпирамида. Қайталайды: қонжық - медвежонок, пирамида - пирамида. Педагогті тыңдайды. Балалар еске сақтаған қауіпсіздік ережелерін айтады. Мәтінге сәйкес қимыл-қозғалыс жасайды. Балалар жұмысқа кіріседі, пирамиданы қиып, жабыстырады. |