БҚОӘББ “Жоғары аграрлық-техникалық колледжі” МКҚК
«Фотограмметрия және түсірілімді дешифрлеу» пәнінен ашық сабақ
Оқытушы: Жумабаева Г.Т.
СТ-631.1қ тобы
Өткен тақырыпты қайталау
Платформасынан тест тапсырмасын орындау
Сәйкестендіру
8. Белгілі уақыт аралығында жарық сезгіш қабатқа суретке түсіру объектісінен келген жарықты өткізуге арналған құрал
10. Көрші суреттердің түсіру орталары арасындағы ұзындықты қалай атайды.
3. Суретке түсіру биіктіктерінің айырмасын анықтау үшін қолданылатын аспап
2. Түсіру мәліметтерін жерге жеткізу тәсілі
1. Аэрофото пленка салатын және түсіру кезінде рамка жазықтығына келтіру үшін қолданылатын құрылғы бөлшегі
5. Домалақ тесігі бар жарық өткізбейтін экран
6. Дискреттік ақпаратты ал табиғи шақылысқан жарықты тіркеу тәсілі
9. Жасанды электромагниттік сәулені тіркеу тәсілі
4. Нүктенің және сызықтың перспективасын зат жазықтығында көлемдік емес, жазық сұлбасын тұрғызу сызбасы дегеніміз не?
7. Көріністі құрастыру тәсіліне қарай түсіру жүйесінің түрі
Жаңа тақырып:
«Координаталар жүйесі»
Сабақтың мақсаты:
Оқыту мақсаты : Түсірілімнің негізгі қасиеттерін пайдалану
Сабақ мақсаты : Аэро және ғарыштық түсіріс кезінде алынған карталардағы берілген нүктелердің координаталарын анықтай алады
Координаталар жүйесі – координаталық әдісті жүзеге асыратын анықтамалар жиынтығы, яғни сандар немесе басқа белгілер арқылы нүктенің немесе дененің орнын және қозғалысын анықтау тәсілі. Белгілі бір нүктенің орнын анықтайтын сандар жиыны осы нүктенің координаталары деп аталады.
Тік бұрышты координаталар торы (тікбұрышты тор) — тең арақашықтықтар арқылы жүргізілетін өзара перпендикуляр түзулердің стандартты жүйесі, мысалы, белгілі бір километр саны арқылы. 1:200000 масштабтағы топографиялық карталарда тор аралығы 4 км, 1:100000 кезінде - 2 км. Әдетте бұл тор топографиялық карталар мен жоспарларға қолданылады, оның тік сызықтары аймақтың осьтік меридианына параллель (абсцисса осі), ал көлденең сызықтары экваторға (у осі) параллель өтеді.
Жаңа тақырып
материалдарын
қорытындылау
Жаңа тақырып материалдарын қорытындылау
Жаңа метериалды бекіту мақсатында карта беріледі, А және Б нүктесінің координаталарын есептеулерің қажет.
Рефлексия
Padlet сайтынан білім алушылармен кері байланыс
Үйге тапсырма:
Жаңа тақырып бойынша дәрісті жазып алу, карта бойынша С және Д нүктелерінің координаталарын есептеу
Назарларыңызға рахмет
Сау болыңыздар
1. Масштаб дегеніміз не?
Масштаб дегеніміз пландағы, картадағы сызықтың (кесіндінің) өзіне сәйкес жер бетіндегі ұзындыгының горизонталь проекциясына қатынасы
2. Масштабтың неше түрі бар және оларды ата
3 түрі бар, сандық, сызықтық, көлденең болып бөлінеді
3. Нүктенің координатасын анықтауда масштабтың қай түрі қолданылады
Көлденең масштаб
4. Координата жүйесі дегеніміз не?
Координаталық әдісті жүзеге асыратын анықтамалар жиынтығы
5. Тік бұрышты тірек торы дегеніміз не?
Тең арақашықтықтар арқылы жүргізілетін өзара перпендикуляр түзулердің стандартты жүйесі
6. Нүкте координатасы дегеніміз не?
Белгілі бір нүктенің орнын анықтайтын сандар жиыны