СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Көп,аз,артық,кем,сонша,теңестіру»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
««Көп,аз,артық,кем,сонша,теңестіру»»

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в подготовительной группе

Өткізу күні / Дата проведения: 05.02.2020

Тәрбиеші / Воспитатель : Садвокасова В.А.

Білім беру саласы / Образовательная область: Таным

Пән / Предмет: ҚМҰҚ

Өтпелі тақырып /Сквозная тема: "Көліктер"

Тақырыбы / Тема: «Көп,аз,артық,кем,сонша,теңестіру»

Мақсаттары / Цели :

1. Тәрбиелік – воспитательная : Балалармен Көп,аз,артық,кем,сонша,теңестіру ұғымдарын қайталау.Шамаларды,заттарды салыстыра білуге үйрету.Ұғымдарды қалыптастыруға жаттықтыру.

2.Дамытушылық – развивающая : Балаларды тапқырлыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу. Табиғат пен адам арасындағы қарым - қатынас арқылы татулыққа, бірлікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

3. Оқыту – обучающая : Бірнеше заттардың биіктігін, көлемін, ұзындығын салыстыру. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, демонстрациялық материал, түсіндіру.

Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : суреттер,

Көп тілділік полиязычие: еңі- ширина- width ,ұзындығы – длина-length, биіктігі - высота height

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1. Ұйымдастырушылық кезеңі

Тосын сәт:

Есік қағылып, топқа қонжық келеді.Балалармен амандасады.(Балалар қонжықпен амандасады)

Қонжық: Балалар мен сендерден көмек сұрай келдім,Маған заттардың көп,аз,артық,кем,сонша,теңестіру дегенді үйретіңдерші

Тәрбиеші: қонжық сен жоғары шық,біздің балалар бәрін үйретеді.

2.негізгі бөлім.
Балалар біз қонжыққа топтағы заттардан көрсетіп үйретейік.

Бағлан алдыңда тұрған суреттен не көп,не аз екенін айта ғой (Бағлан : көк түсті доптар көп,қызыл түсті доптар аз )өте жақсы жарайсың! Көк түсті доп қызыл түсті доптан нешеуге көп? (Бағланның жауабы)

Ясмин алдыңда жемістердің суреті тұр, қайсы артық,қайсы кем? (Ясмин: Алма алмұрттан екеуге артық)өте жақсы жарайсың!

Самрат алдыңда жеті сары шар тұр, сонша көк шарды қасына қой. (Самрат неше сары шар бар,сонша көк шарды қояды. ) өте жақсы

Балалар кәзір алдарыңа ленталар беремін,сол ленталарды жалпағын бір бөлек, жіңішкесін бір бөлек, жуан-жіңішкесін бір бөлектеп жинайсыңдар.(балалар берілген тапсырманы орындайды.

Ойын: "Сипаттап ата"

Үлгі: дорбаға біраз заттар салынады, балалар қолдарын салып,затты сипау арқылы сипаттайды.

Ойын барлық баламен жүргізіледі.

Көп тілділік полиязычие: еңі- ширина- width ,ұзындығы – длина-length, биіктігі - высота height
Сергіту сәті: 1 дегенде тұрайық,
2, 3, 4,- алақанды соғайық,
Оң жаққа бұрылып,
Сол жаққа бұрылып
Бір отырып, бір тұрып,
Біз жүгіріп алайық.
5 дегенде асықпай,
Орнымызды табайық.
«Көңілді математика» ойыны.
1. Қандай зат дөңгелек тәрізді болады?
2. Екі тышқанда неше құйрық?
3. Сендердің жастарың нешеде? (Балалар қуана ойнайды).

Жеке жұмыс: Нұрасыл мен Мансұрға санамақтарды дұрыс қолдануға үйрету.
3.Қортынды
- Жарайсыңдар балалар, өте тапқыр екенсіңдер. Қонжық біздің балалардың білімге деген құштарлығын байқаған боларсың. Сен де біздің балалардан көп нәрсе үйренген шығарсың

Қонжық: балалар сендерге көп рахмет.Енді мен қайтайын сау болыңдар
- Балалар мен сендерге беретін сыйлықтарым бар. (балаларға смайликтер беріледі)Балалар сендерге көп - көп рахмет!




















Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №3 бөбекжай-бақшасы» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад № 3акимата города Костаная отдела образования акимата города Костаная»














Білім саласы-Образовательная область-Educational areaТаным. ҚМҰҚ

Тақырыбы-Тема-Theme: «Көп,аз,артық,кем,сонша,теңестіру»


Интербелсенді тақтамен жұмыс









Тәрбиеші: Садвокасова В.А














Костанайқ. 2019 – 2020 оқу жылы