СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Көп тіл білетін жастар. Туынды зат есім. Мен болашақта қандай жұмыс істеймін? Ресми стиль"

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл сабақ жоспары тамақтандыруды ұйымдастыру мамандығы бойынша 1 курс студенттеріне арналған

Просмотр содержимого документа
«"Көп тіл білетін жастар. Туынды зат есім. Мен болашақта қандай жұмыс істеймін? Ресми стиль"»

Курс : 1

Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Көп тіл білетін жастар. Туынды зат есім. Мен болашақта қандай жұмыс істеймін? Ресми стиль

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: зат есім сөз табы туралы, оның құрамына, мағынасына, құрылысына қарай бөліну жолдарын түсіндіру. Зат есім түрлеріне лексикалық тақырыппен байланыстыра отырып мысал келтіріп, талдау жасап, олардың айырмашылығын таныту, өз ойларын жүйелі айтуға үйрету. Оқушыларға ресми іс қағаздары стилі, іс қағаздарының түрлері мен тілдік құрылымдық ерекшеліктерін меңгерту

Дамытушылығы: оқушы қабылдауы мен ойлау аралығын зерттей отырып, ой қорытқызу және өз пікірлерін еркін жеткізе білуге баулу, жаңа сөздермен сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу тілін, ой-өрісі мен дүниетанымын, есте сақтау, қабылдау, меңгеру қабілеттерін дамыту; білім, білік дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелігі: сауатты оқу-жазуға, жауапкершілікке тәрбиелеу; халықтың мәдени мұрасын, өнерін, тарихи ескерткіштерімізді, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге үйрету; өнер-білімге деген сүйіспеншілігін ояту; оқушылардың бойына адамгершілік, эстетикалық, ізгілік қасиеттерді, рухани байлығын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Ж аңа сабақ:

Түсінік



ЗАТ ЕСІМ (Имя существительное)
Зат есім – бір заттың, нәрсенің, құбылыстың, оқиғаның атын білдіретін сөз. Зат есім -кім?-не?-кімдер?
-нелер? деген сұрақтарға, тәуелдік жалғауларының -кімің? -нең? -кімі? -несі? деген сұрақтарына және септік жалғауларының сұрақтарына жауап береді.
Кім? деген сұрақ тек адамға қатысты қойылады. Не? деген сұрақ басқа атаулардың барлығына қойылады.
(Имя существительное – обозначает название какого-либо предмета, явления. Отвечает на вопросы -кто? -что?, также на вопросы притяжательности и падежей. Вопрос –кто? применяется только по отношению к человеку, а вопрос -что? задается ко всем другим названиям и именам).
 
Зат есімнің лексикалық-семантикалық қатары
(Лексико-семантические разряды существительного)
1. Нақтылы (деректі) зат есім – көзге көрінетін, денеге сезілетін деректі зат атауы.
(Конкретные имена существительные – название отдельных ощущаемых, видимых предметов).
Мысалы: мектеп, әріп, қала, Азамат, үй, қоян т.б.
2. Жалпылық (дерексіз) зат есім – көзге көрінбейтін, денеге сезілмейтін, тек ойша топшылап айтылатын   заттар атауы. ( Абстрактные имена – отвлеченные понятия).
Мысалы:намыс,әдет,егемендік, мінез т.б.

3. Жалпы зат есім – бірыңғай заттардың, нәрселердің жалпылама атауы.
(Нарицательные имена – общее название каких-либо предметов).

Мысалы: кітап, қалам, қоян, есік, шаш, қол, доп т.б.
 
4. Жалқы зат есім – адамның аты-жөні, бірыңғай заттың дараланған жеке атауы. Жалқы есімдер бас  әріппен басталып жазылады. Мемлекеттік жоғары қызмет бабы, құрмет тақтарының аттары жалқы есімге   жатып, барлық сөзі бас әріппен жазылады. Жалпы қызмет бабының аттары мен жай атақтың алғашқы сөзі ғана бас әріппен жазылады.
(Собственные имена – имена людей,отдельные названия общих наименований предметов. 
Собственные имена пишутся с заглавной буквы. Названия высших государственных должностей  относятся к собственным именам и все слова в их составе пишутся с заглавной буквы. В названиях  общих должностей и в званиях с заглавной буквы пишутся только первые слова).
Мысалы: Абай, Құлагер, Еңбек Ері, Оқу министрі, Ғылым академиясы т.б.  Есте сақта. (Запомни). 
Күрделі есім құрамындағы анықтауыш екінші сөз болып келсе, онда ол кіші әріппен жазылады.
(Определение, находящееся в составном имени на втором месте, пишется с маленькой буквы).
Мысалы: Баян сұлу, Ақан сері (бірақ, Ақсақ Темір, Жаяу Муса) т.б.
 5. Жанды зат есім – тек адамға байланысты атаулар.
(Одушевленные имена – к ним относятся существительные, обозначающие людей).
6. Жансыз зат есім – адамдар атауынан басқа барлық заттың атауы.
(Неодушевленные имена – все прочие названия предметов, кроме людей.
7. Заттық зат есім – заттық ұғымның атауы. (Вещественные имена – названия веществ).
Мысалы: көмір, сүт, үн, мұнай т.б.
8. Жинақтау зат есім – бірыңғай заттардың жалпы атауы. (Собирательные имена – названия совокупных  однородных веществ). Мысалы: жастық, жан-жануар, туыс-бауыр т.б. 

Зат есімнің семантикалық жіктемесі (Семантические признаки существительного)
I . Мағынасына қарай  (По значению)
1. Жалпы (Нарицательные)бала, адам, мектеп
2. Жалқы (Собственные) Марат, Алматы, Есіл


II. Тұлғасына қарай  (По способу образования)
1. Негізгі (Непроизводные – нет суффикса)ел, жер, от, үй, су
2. Туынды (Производные – есть суффикс)) білім, оқушы, балалық

III. Құрамына қарай  (По составу)
1. Дара (Простые)тарақ, ауыл, үстел, оқулық
2. Күрделі (Сложные
а) біріккен (сращенно-слитные) белбеу, Ақсу, орынбасар
ә) қосарлы (парные)ата-ана, ел-жұрт, аяқ киім,
б) тіркесті (словосочетания)сары май, ҚазМУ, см
в) қысқарған (сложносокращенные)
 
Зат есімнің морфологиялық белгілері
(Морфологические признаки существительного)
Зат есімнің морфологиялық белгілеріне оның тұлғасы мен қосымшалары жатады.
Тұлғалық құрамы бойынша негізгі түбірлі зат есім және туынды түбірлі зат есім болады.
(К морфологическим признакам существительного относятся его форма и аффиксы. По морфологическому способу образованию бывают непроизводные существительные и производные существительные).
Мысалы: Негізгі – ел, жер, су, от, қала, бала т.б. Туынды – бала+лық, біл+ім, айт+ыс, мал+шы т.б.
Бұларды жалаң зат есім дейді. (Их называют простые имена существительные).
Күрделі зат есімдер – екі не одан да көп түбірден құралған туынды зат есімдер.
(Сложные имена существительные – производные имена, состоящие из двух и более корней).
1. Біріккен зат есім (сложные) – қара+қат, бел+беу, қол+ғанат, шек+ара, бәйтерек т.б.
2. Қосарланған зат есім (парные)– ата-ана, бала-шаға, ұрыс-керіс, ел-жұрт, тамыр-таныс т.б.
3. Тіркескен зат есім(составные)– аяқ киім, ауыл шаруашылығы, сары май, күн тәртібі т.б.
4. Қысқарған зат есім (сокращенные) – ҚР, ҚазМИ, АҚШ, пединститут, әуежай, саяжай, атком т.б.



РЕСМИ-ІС ҚАҒАЗДАР СТИЛІ


Стиль – латын сөзі,  қазақ тіліне аударғанда «жазу мәнері» дегенді білдіреді. Стилистика – тілдің қолданылу заңдылықтарын зерттейтін ғылым, ол тілдік белгілердің дұрыс қолданылу нормасын көздейді.
Қазіргі қазақ әдеби тілінің стильдік тармақтары:

1.    ауызекі сөйлеу стилі

2.    көркем-әдебиет стилі

3.    публицистикалық стиль

4.    ғылыми стиль

5. ресми іс қағаздар стилі

Ауызекі сөйлеу стиль. Ауызекі сөйлеу стилі адамдардың өз ойларымен, сезімдерімен, ақпараттарымен, пікірлерімен және т.б. сөйлесу үшін адамдар арасындағы күнделікті қарым-қатынаста қолданылады. Ауызекі сөйлеу стилі күнделікті тұрмыста: үйде, көшеде, дүкенде, қызметкерлер арасындағы жұмыс кезінде, бейресми жағдайларда қолданылады. Ауызекі сөйлеу стилінің негізгі функциясы – адамдар арасындағы күнделікті тұрмыстағы қарым-қатынасты қамтамасыз ету.

Ауызекі сөйлеу стиліне тән сипаттамалар: сөйлеудің ауызша формасы, бейресмилік, қарапайымдылық, эмоционалдық, ауызша қарапайым лексиканы пайдалану.

Сөйлеу стилінің жанрлары (түрлері) қарым-қатынас жағдайына байланысты: диалог (сөйлесу), телефонмен сөйлесу, хат, жазба. Кейінгі кездері ауызекі сөйлеу стилі Интернетте, ұялы телефонмен (sms) хат алмасу жанры арқылы байытылды.

Ауызекі сөйлеу стилі – әңгімелесуді жүзеге асырудың әдеттегі қарапайым үлгісі, бұл стиль тек ауызша сөйлеуде қолданылады, тілдік материалды алдын ала іріктеп қолданбайды.

Көркем-әдебиет стилі.

Көркем-әдебиет стилі – сөйлеу стилінің ең бай стилі, өйткені ол барлық стильді қамтитын стиль. Дәл стильдің осы түрінде жалпыхалықтық тілдің әртүрлілігі мен байлығы көрінеді – ол cөз өнері, көркем бейнені жасаушы құрал. Көркем әдебиет тілінің стилі немесе көркем сөз – ойды және сезімді образ арқылы бейнелейтін айрықша өнер.

Көркем-әдебиет стилі тілде көркемдік, эстетикалық қызмет атқарады. Көркем-әдебиет стилі түрлі тілдік құралдарды қолдана отырып, оқырманның сезіміне әсер етеді.

Көркем-әдебиет стилінің түрлері: әдебиет бағыттарының, әдеби мектеп стилі, әдеби тектері (эпикалық, лирикалық, драма), жазушылар мен ақындардың жеке стилі.

Өзіне тән ерекшеліктері: бейнелілік, эстетикалық, даралық, стилистикалық реңктегі сөздік қорын пайдалану, көркемдік және экспрессивті құралдар (троптар, сөйлеу фигуралары, дыбыстарды, түсті бейнелеу).

Негізгі жанрлары (әдебиет түрі бойынша): эпос – роман, әңгіме, эссе, новелла, поэма, мысал; лирика – өлең, поэма, элегия, ән, арнау; драма – трагедия, драма, комедия, романс, трагикомедия.

Публицистикалық стиль.

Публицистикалық стильді пайдалану саласы – қоғамдық өмір, саясат, экономика, мәдениет. «Публицистика» латын сөзінен аударғанда «көпшілік, әлеумет» деген мағынаны білдіріп, қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады.

Негізгі қызметі – әлеуметтік және қоғамдық мәселелерді талқылауға қоғамдық пікірді туғызу, адамдарға әсер ету. Қызмет ететін салалары: бұқаралық ақпарат құралдары, саясаткерлердің сөйлеген сөздері, сотта адвокаттардың сөз сөйлеуі, жиындарда сөйлеген сөздер, баяндамалар, пікірталастар.

Стильдің өзіне тән ерекшеліктері: өзектілігі, уақтылығы, жеделдігі, бейнелігі, айқындығы, эмоционалдығы, бағалауыштығы, дәйектілігі, мол ақпараттылығы, басқа стильдерді пайдалану (әсіресе көркем және ғылыми), кең аудитория үшін түсінікті болуы.

Тілдік ерекшеліктері: қоғамдық-саяси лексиканы, стереотиптік, тұрақты оралымдар мен тіркестерді кеңінен қолдану; риторикалық әдістер (сұрақтар, лепті сөйлемдер, арнау), эмоционалдық реңктегі сөздер.

Публицистика жанрлары: сұхбат, репортаж, мақала, очерк, эссе, фельетон, баяндама, пікірталас, шаршы топ алдында сөз сөйлеу (ойын-сауық, ақпараттық, үгіт-насихат) және т.б.

Сөйлеу түрі - монолог, диалог, полилог.

Ғылыми стиль. Бұл стиль ғылым мен техниканың дамуымен қалыптасқан. Ғылыми стильде зерттеу объектісі болатын зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, логикалық тұрғыдан дәлелдеуді қажет етеді. Лексикадағы ғылыми стильдің ерекшелігі – сөз тек өз мағынасында ғана жұмсалады.

Ғылыми стиль ғылыми қызмет саласында қолданылады: дәрістер, семинарлар, конференциялар, симпозиумдар, коллоквиумдарда; ғылыми әдебиеттерде.

Негізгі функциясы – ғылыми ақпаратпен алмасу, ғылыми нәтижелер туралы есеп беру және т.б.

Өзіне тән ерекшеліктері: ресмилік, сөйлеуге дайындық, жазбаша және ауызша формалардың жиынтығы, объективтілік, қисындылық, дәйектілік, дәлдік, жинақтау, арнайы, кәсіби лексика, терминдер, күрделі синтаксистік тіркестер, дереккөздерге сілтемелер, цитаталар.

Жанры: ғылыми монография, ғылыми мақала, ғылыми баяндама, тезистер, диссертация, дәріс, шолу, баяндама, оқулық, ғылым-көпшілік шығармалар, талқылау және т.б.

Ресми-іс қағаздар стилі. Ресми іс қағаздар стилі кеңсе стилі, ресми стиль, іс қағаздар стилі деп те атала береді. «Ресми іс қағаздары» термині мекемелер мен ұйымдардың басқару қызметін құжаттау, құжаттауды ұйымдастыру.

Ресми стиль ресми жағдайда қолданылады: іс қағаздар жүргіу саласында, заңнама, дипломатия.

Ресми стильдің негізгі функциялары – қоғам мен мемлекет арасындағы, мемлекет арасындағы, азаматтардың еңбек, әлеуметтік қызмет, меншік және құқықтық қатынастар саласындағы қарым-қатынастарын реттеу; ақпараттық қызмет. Ресми стильге жататын мемлекеттік құжаттар: белгілі бір қалыптасқан үлгіде, баяндау тәсілімен жазылады; ойдың логикалық жүйелілігін сақтау мақсатымен сөйлем күрделі құрылады.

Ресми стильдің ерекшеліктері: жазбаша формада, ресмилік, мәтін бір ізбен жүйелі стандартталған, дәлдік, мазмұнының қысқалығы әрі нақтылығы, сөздер мен терминдердің тура мағынасында пайдаланы­луы, қалыптасқан мазмұндық-құрылымдық нормалардың қатаң сақталуы, ресми іскерлік лексиканың басымдығы.

Қызмет көрсету саласына қарай ресми стильдің жанрлары: заңдар, нормативтік актілер, қаулылар, бұйрықтар, шешімдер, бұрыштамалар, ескертпелер, хабарландырулар, сертификаттар, есептер, сауалнама, мәлімдемелер, сенімхаттар, өмірбаяндар, қорытындылар, сипаттамалар, актілер, хаттамалар, нұсқаулар, келісімшарттар, шарттар және т.б.

Сөйлеу түрі – монолог.

Ресми іс қағаздарында кейде бір заттың я ұғымның атауы қолданылу орнына қарай әр түрлі аталады. Мысалы, адам деген сөз ресми құжаттарда – азамат, жолдас, телефон станциясында – абонент, ательеде – заказ беруші, шаштаразда – клиент, ауруханада – науқас, санаторийде – демалушы, тынығушы, кітапханада – оқырман, қызмет орнында – маман, қызметкер, қоғамдық көлікте – жолаушы т.б. болып табылады.

Іс қағаздары стиліне әр түрлі мекемелерде жүргізілетін жазу үлгілері болады. https://ppt-online.org/375617



1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Оқылған мәтін бойынша сұрақ дайындаңыз . (5 сұрақ).


Жастар – болашағымыз

Жастарсыз – болашақ жоқ. «Ұлт болам десең, ұрпағыңды ойла» деген ұлағатты қағида осыдан қалған. Бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ел ағасы. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің болашағы – жастардың еншісінде. Бүгінгі алдыңғы толқын аға буынның орнын басар, ізін жалғастырар жастар болмақ. Ата-бабаларымыз қазақ жерін, қазақ елін, салт-дәстүрін, тілін, дінін көздің қарашығындай етіп сақтап, осы күнге аманат етіп қалдырды.

Еліміздің ендігі дамуы мен өркендеуі, келешегі жастарға тікелей байланысты. Жастардың өң бойынан халықтық қалып, әдет-ғұрып, салт-дәстүріміз көрініп тұру керек. Әрі білімді, бәсекеге барынша қабілетті, сонымен қатар дені сау, жастарымыз белсенді болуы, маңдай алды атануы керек. Ұлы Мағжан Жұмабаев айтқандай, «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қырағы» болу керектігін бүгінгі қоғам, қазіргі нарық және бәсеке заманы тілеп-ақ тұр.

Ж астық шақ адам өміріндегі ең құнды да, қайта келмес кезең болып табылады. Жастық өмірін мәнді, әр уақытын тиімді өткізіп, өзінің рухани білімін шыңдаумен өткізген жас, ертеңгі өзінің ұрпағына айтар ақылы, ізгі өсиеті мол абыз қария болмақ.

2-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқып талдаңыз

Мен жастарға сенемін!



Көздерінде от ойнар,

Сөздерінде жалын бар,

Жаннан қымбат оларға ар,

Мен жастарға сенемін!


Жас қырандар – балапан

Жайып қанат ұмтылған,

Көздегені көк аспан

Мен жастарға сенемін!


Сөздік жұмысы

Жұмсақ мінез жібектер

Қасиетті тілектер

Мен жастарға сенемін!


Тау суындай гүрілдер,

Алаш отын аспанға 
Шығарар олар бір таңда, 
Мен жастарға сенемін!

Мағжан Жұмабаев

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

білімді маман

образованный специалист

білім сапасы

качество образования

бәсекеге қабілетті

конкурентноспособный

бәсекеге қабілеттілік

конкурентноспособность

сенім арту

оказать доверие

үздіксіз білім алу

получать непрерывное образование

болашақ

будущее

халықаралық деңгейдегі білім

знание на международном уровне

Үйге тапсырма: Коспект. Сөздік жазу. Ресми стильге мысал.