| 8.1A Көпбұрыштар. Көпбұрыштарды үйрену | Мектеп: Ө.Қанахин атындағы ЖББ ОМ |
| Күні: 05.11.2019 ж | Мұғалімнің аты-жөні: Қонысбаева Г |
| Сынып: 8 | Қатысқандар: | Қатыспағандар: |
| Сабақтың тақырыбы: | Трапецияның орта сызығы. |
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Оқушылар: 8.1.1.13 трапеция орта сызығының қасиетін дәлелдеу және қолдану; |
| Сабақтың мақсаты | Оқушылар трапецияның орта сызығының қасиеттерін біледі және есеп шығаруда қолдана алады. |
| Жетістік критерийлері | Оқушылар: - трапеция орта сызығының қасиетін біледі; - трапецияның орта сызығының қасиеттерін есеп шығаруда дұрыс қолдана алады |
| Тілдік мақсаты | Оқушылар: трапецияның орта сызығының қасиеттерін ауызша тұжырымдайды; Трапецияның түрлерін біледі; Трапецияның қасиеттерін біледі; - трапецияның қасиеттерін қолданады. |
| Құндылықтарды дарыту | Құрмет құндылығын бір-бірін тындау, түсіну, ой бөлісу арқылы; ынтымақтастық құндылығын жұппен жұмыс, топтық жұмыс арқылы; ал еңбек және шығармашылық құндылығын өздігімен жұмыс жасау, басқалардың жұмысын бағалау арқылы жүзеге асады |
| Пәндік байланыс | Физика |
| АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақтаны қолдану |
| Бастапқы білім | Трапеция.Трапецияның түрлері мен қасиеттері. |
| Сабақ барысы |
| Сабақтың жоспарланған кезеңі | Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурстар |
| Сабақтың басы Стратегия «Уақыт капсуласы» | Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу Сныпта жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыру Стратегия «Уақыт капсуласы». Мұғалім алдын ала әр оқушыға қысқаша тілектер жазылған қағаздарды дайындап, оларды киндер жұмыртқаларына салып қояды. Оқушылар қағаздарды алып, сыныпқа дауыстап оқиды. 1. Алға қойған мақсатқа жету. 2.Сәттілік 3.Бәрі жақсы болады. 4.Көтеріңкі көңіл күй. 5.Барлық жұмыста көшбасшы болу. 6.Білім шыңына шығу 7.Әрдайым жеңімпаз болу. 8.Әр кез алда болу. | 1-слайд |
| Үй жұмысын тексеру | Бағалау критерийлері: -Трапецияның бұрыштарын дұрыс табады -Тең бүйірлі трапецияның қасиеттерін дұрыс қолданады -Параллель түзулерді біледі және қасиеттерін дұрыс қолданады | 2-слайд |
| Проблемалық сұрақ | Шеберханадағы шеберге металл сымнан тор жасауға тапсырыс берді. Шебер өз эскизінде бірнеше шамаларды белгіледі (суреттегідей). Тапсырысты орындау үшін неше метр сым қажет болатынын есептеңіз. Берілгені: АН //ВG//CF//DE DE=40, CF=50, CD=8, EF=10 Тақырыпқа шығу. «Трапецияның орта сызығы» | 3-4-5-слайдтар |
| Жаңа материалды үйрену | Шеберханадағы шеберге металл сымнан тор жасауға тапсырыс берді. Шебер өз эскизінде бірнеше шамаларды белгіледі (суреттегідей). Тапсырысты орындау үшін неше метр сым қажет болатынын есептеңіз. Бер: АН //ВG//CF//DE DE=40м, CF=50м, CD=8м, EF=10м Шешуі: DEGB трапециясын қарастырайық, онда СF-орта сызық болады BG= 100-40=60м, AH=120-50=70м, Фалес теоремасы бойынша CD=CB=BA=8, EF=FG=GH=10м , Демек шеберге тапсырманы орындау үшін 164 м металл сым қажет болады | 1-қосымша |
| Топтық жұмыс | «Карусель» стратегиясы. Топтар тапсырмалар жазылған карточкаларды алады. Шешуін А4 пішінді ақ қағазда орындап, сағат тілінің бағытымен келесі топтарға тексеруге береді. 1-топ | 1) Трапециядағы х айнымалысын табыңыз. | ) Трапецияның бір диагоналі орта сызықты 4 см және 9 см болатын бөліктерге бөледі. Трапецияның табандарын табыңдар | 2-топ | 1) Трапециядағы х айнымалысын табыңыз. | Трапецияның диагональдары орта сызықты үш бөлікке бөледі. Олардың екеуі 5 см және 7 см. Трапецияның орта сызығын табыңдар. Есептің неше шешімі бар? | Бағалау критерийлері: -трапецияның орта сызығының анықтамасын біледі; -трапецияның орта сызығының анықтамасын дұрыс қолданады; Кері байланыс: Қай тапсырма қызық болды? Қай тапсырма қиындық тудырды? Қиындығы неде болды? | Қосымша 2 |
| Кері байланыс Үй жұмысы | Рефлексия: Нені орындадым? Нені орындай алмадым? Нені ескермедім? Нені жетілдіру керек? Homework | |