СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Көркем әдебиетпен таныстыру "Ойыншықтар"

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                      Ұйымдастырылған оқу- әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Әлеуметтік

Бөлімі: Балалар көркем әдебиетімен таныстыру.

Тақырыбы:Ойыншықтыр.

Мақсаты:Балалардың ойыншық туралы түсініктерін кеңейту, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу. Ойыншықтарды күтіп, ұқыпты, таза ойнауға үйрету.

Просмотр содержимого документа
«Көркем әдебиетпен таныстыру "Ойыншықтар"»

Жасы бойынша топ: мектепалды даярлық тобы. Күні:

Ұйымдастырылған оқу- әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Әлеуметтік

Бөлімі: Балалар көркем әдебиетімен таныстыру.

Тақырыбы:Ойыншықтыр.

Мақсаты:Балалардың ойыншық туралы түсініктерін кеңейту, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу. Ойыншықтарды күтіп, ұқыпты, таза ойнауға үйрету.

Негізгі іс-әрекеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Дидактикалық көрнекіліктер

Баланың

іс-әрекеті

Мотивациялық ұйымдастыру кезеңі.







Балалар шаттық шеңберіне тұрады.

Біз ұқыпты баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Ойыншықты жинаймыз,

Үлкендерді сыйлаймыз.

-Сендердің сүйікті ойыншықтарың бар ма?-Қандай ойыншықты жақсы көресіңдер?

-Ойыншықтарды қалай ұстау керек?






ойыншықтар

Өлеңді бәрі қосылып айтады.



Сұрақтарға жауап береді.




Ұйымдастыру , іздену кезеңі.








Дәптермен жұмыс.





Сөздік жұмысы.




Дидактикалық ойын.






Сергіту сәті.







Дәптермен жұмыс.


Жұмбақ шешу.





Тәрбиеші Қ. Мырза Әлидің «Ойыншықтар» өлеңін сызба арқылы жаттатады.

Іші толы бөлменің (бөлменің суреті).

Ойыншығым (ойыншықтар суреті) мол менің.

Босқа тізіп қоймайық, келе ғой, дос, ойнайық.

Мына тұрған арғымақ (арғымақтың суреті),

Мінем оған қарғып-ақ.

Мына тұрған қояным (қоянның суреті),

Алдына жем (сәбіздің суреті) қоямын.


-Арғымақ деп жүйрік әрі әдемі атты айтамыз.

-Қарғып деп атқа секіріп мінуді айтады.


«Жалғасын тап» ойынының шарты: бастаушы бала сөйлемді бастап береді, балалар аяқтайды.

-Менің ойыншығым ... /әдемі/.

-Мен қуыршақпен ... /ойнаймын/.

-Допты жоғары ... /лақтырдым/.


Добым, добым, домалақ,

Тоқтамайсың домалап.

Үстел үстін бүлдірдің,

Тәрелкені сындырдың.

Тентек болып кеттің деп,

Тұрмын сені тепкім кеп.


-Өзіңе ұнайтын ойыншықтың суретін сал. Ол туралы білетініңді айт.


Бір құлағы сөйлесе,

Бір құлағы тыңдайды,

Білсең айтшы ендеше,

Жұрт не дейді мұндайды? (ТЕЛЕФОН)



Әр түрлі ойыншықтар








Әліппе дәптер


















Доп







Дәптер, қарындаш

Өлеңмен танысады.














Сөздікпен жұмыс жасайды.




Ойын ойнайды







Қимылмен көрсетеді.






Сурет салады.



Жұмбақ шешеді.




Рефлексивті түзету

Ойыншықты қалай ұстау керек?

Қандай ойыншық түрлерін білесің?

Ойыншықты кімдер жасайды?

Ойыншық туралы қандай тақпақ білесің?

Балаларды мадақтау


Өз ойларын айтты.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, өлеңді сызба арқылы жаттату.

Сөздік жұмыс: арғымақ, қарғып.

Қостілді құрам: Ойыншықтар- игрушки, қуыршақ-кукла, доп-мяч.


Күтілетін нәтиже:

Жүйелейді:ойыншықтардың қайдан шығатынын, неден жасалатыны туралы білді.

Қолданады: жақсы, өнегелі сөздерді қолдана біледі.

Түсінеді: ойыншықты күтіп ұстау туралы түсінеді