СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қоршаған орта.Тақырыбы: "Қыс қызығы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

ортаңғы топқа арналған қоршаған ортамен танысу пәнінен конспект. Тақырыбы:  Қыс қызығы.

Просмотр содержимого документа
«Қоршаған орта.Тақырыбы: "Қыс қызығы"»

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Пән: Қоршаған ортамен танысу

Өтпелі тақырып: Қар не үшін керек?

Тақырыбы: Қыс қызығы.

Мақсаттары:

1.Тәрбиелік: Табиғатқа құстарға деген қызығушылықтарын арттырып, қорғауға тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: Балалардың қоршаған орта туралы түсінігін толықтыру, қыс қызығы туралы әңгімелеп айтуға баулу

3.Оқыту: Қыс айларыны кереметтерімен танысу.

Педагогикалық технологиялар: әңгімелесу, жұмбақ жасыру,ғажайып сәт, ойын сұрақ-жауап.

Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер, сырт келбеті ұқсамайтын екі баланың суреті.

Билингвалдық компонент: Қыс – зима, қар – снег, аққала – снеговик, қысқы ойындар – зимные игры. 

Сөздік жұмыс: ұлпа қар, қырау, аяз, боран.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

І.Ұйымдасты рушылық кезеңі (2 мин)

Тісі жоқ тістеп алады,

Қолы жоқ сурет салады.

(аяз)

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады.

(қар)


ІІ. Негізі бөлімі

1.Әңгімелесу

Балалар бір жылда неше ай бар?

- 12 айды неше жыл мезгіліне бөлеміз?

- Қане жыл мезгілдерін кім атап береді?

- Әр мезгілге неше ай жатады екен?

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыс мезгіліне қай айлар жатады екен?

- Қыс мезгілінде табиғатта қандай құбылыстар болады?

- Қыс мезгілінде балалар қандай ойындар ойнайды?

- Қардың түсі қандай?

- Балалар қарды қолымызға ұстап көрдік па?

- Қатты ма, жұмсақ па?

- Балалар қардан не жасауға болады?

- Аққала қандай пішіндерден тұрады?

- Қане аққаланың бөлшектерін санайықшы?

- Дұрыс айтасындар балалар, айналаның бәрін, жер, тауды, тасты, орманды қар басады. Ормандағы ағаштардың бәрі ақ көрпеге оранғандай болады. Қыс мезгілінде балалар асыр салып қармен ойнайды.

- Балалар қазір жылдың қыс мезгілі, қыс мезгілінің алдындағы, жыл мезгілді кім атап береді?

- Күз мезгіліне қай айлар жатады?

- Ал балалар қыс мезгіліннен кейін қай мезгіл келеді, кім айтады?

- Жарайсындар, балалар!

2.Сергіту сәті:

Қар жауғанда  топ бала,
Соқтық келіп аққала.
Мұрны сәбіз,үп-үшкір,
Көзі көмір қап-қара.
Көне шелек басында,
Сыпырғышы қолында.
Мұзайдынды аршуға,
Келгендей-ақ ол мұнда.

3.Дидактикалық ойын: «Жақсы - жаман»
Балалар, мен сендерге суреттер алып келдім. Сол суреттер бойынша сөйлесейік. Жаман әдеттерді қара қалтаға саламыз. Жақсы әдеттерді қызыл қалташаларға саламыз.
Мына суретке қараймыз, не көріп тұрмыз? Балалар таза ауада ойнап жүр. Бұл балалар қандай балалар?
Жақсы, онда қай қалтаға салады екенін көрейік.
Екінші суретке қарайық. Не көріп тұрмыз?
Бала далада мұз жеп жатыр. Бұл қандай бала?
Інжу қандай қалтаға салады екен.
Ендігі суретте не көріп отырсыңдар?
Бұл суретте бала құсты рогаткамен атып жатыр. Бұл қандай бала? жаман бала.
Ал, мына суретте не көріп тұрсыңдар? Бала құстарға ұя жасап, талға іліп қойды. Қандай бала?
Жақсы. Қалташаға салайық.


ІІІ. Қорытынды (2 мин)

-Балалар сендермен өткен бүгінгі тақырыбымыз не жайлы болды?

-Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады екен?

-Өте жақсы,сендерге сабақ ұнады ма?