Педагог жұмбақ жасырады. Бар екен бір терезе ғажап үйде Кино болар терезеден күнде-күнде. (Теледидар) Шыр-шыр етеді, Ұстап қалсам, сөйлеп кетеді. (Телефон) Жазуы бар ақ парақ қанат қақты, Жеткізеді әлемдегі жаңалықты. (Балалар бұл жұмбақты шеше алмай қиналуы мүмкін. Сол кезде сұрақтар қою арқылы жұмбақтың шешуін тапқызуға болады). – Алыс жердегі адамдар бір-бірімен қалай хабарласады? (Газет) Хатты қалай жібереміз? Педагог балалардан жұмбақтың шешімін қалай түсінетіндерін сұрайды. Балалардың ойын тыңдағаннан кейін тәрбиеші өзі толық мағлұмат береді. Байланыс құралдары жайлы түсінік беру: - Телефон, теледидар , хат, құттықтау хаттары, сәлемдеме байланыс түрлеріне жатады. – Пошта арқылы. Байланыс құралдары: телеграф, телефон. – Әлемде болып жатқан оқиғаларды қалай білеміз? – Ақпараттық құралдар арқылы. Олар: теледидар, радио, газет, ғаламтор Балалардың әртүрлі байланыс құралдарының адам өміріндегі қажеттілігі туралы білімдерін толықтыру. Сурет бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беру. Байланыс құралдарының қажеттілігін, олардың жалпы қызметі. Әліппе-дәптермен жұмыс. 1-тапсырма Сәлемдемені қалай жіберуге болады? (Балалар суретте көргендерін әңгімелейді),Сурет арқылы балалардан сұрақ-жауап алады. (телефон, факс, ұялы телефон, хат, құттықтау хаттар). -Алыс жердегі адамдар бір-бірімен қалай хабарласады? (Газет) Хатты қалай жібереміз? Пошта арқылы. Байланыс құралдары: телеграф, телефон. Әлемде болып жатқан оқиғаларды қалай білеміз? Ақпараттық құралдар арқылы. Олар: теледидар, радио, газет, ғаламтор. Телефон, хат, құттықтау хаттар, сәлемдеме байланыс түрлеріне жатады. Байланыс қызметінің бұл аталған түрлерінің бәрі адамдардың тұрмысына өте қажет. Қауіпсіздіережесі:(теледидар,ұялы телефон,компьютеріқолданғанда жақыннан көруге болмайды, көздің көру қабілетін нашарлатады). Компьютер де байланыс қызметі түрлерінің қатарына жатады. Компьютермен әлемнің барлық жерлерінен әртүрлі хабарлар алынады және жіберіледі. Қазіргі кезде мектептер компьютермен толық қамтамасыз етілген. Пошта – хат, телеграмма, ақша, газет-журнал, сәлемдеме сияқты заттарды бір жерден екінші жерге жеткізумен айналысатын мекеме. Бұл мекемеде байланыс қызметкер- лері – хат, телеграмма т.б. қабылдаушы-операторлар, хат тасушылар жұмыс істейді. Адам өміріне өте қажетті байланыс құралдары: теледидар, ұялы телефон, компьютер, ғаламтор кең таралған. Ақпараттық құралдарға нелер жатады? (Газет, радио, теледидар, компьютер). Компьютер желісінің қандай пайдасы бар? Балалар ғаламторды пайдаланып көрген болса, қалай пайдаланғандарын айтады. Ғаламтор деген не? Ғаламторды пайдаланып көрдіңдер ме? Ғаламтор арқылы адамдар бір-бірімен хабарласа ала ма? Ғаламтор арқылы әлемдегі жаңалықтарды білуге бола ма? (Ұ) сөздік жұмысын жүргізу Көптілділік: ғаламтор – интернет – internet Педагог сөздерді айтады, балалар қайталайды. Күнделікті жаңалықтарды – өзіміздің мемлекетімізде, тіпті шетелдерде болып жатқан оқиғалар туралы естіп, ақпарат аламыз. «Хат тасушы» өлеңін оқу. Ол жатқа біледі қаланы, Бар көше, бар үйге барады. Біздің де пәтерді табады, Күнде кеп есікті қағады. 2-тапсырма: Ертеде почтаны қалай жеткізген? Себебін түсіндір. Сурет арқылы балалардан сұрақ-жауап алады. – Балалар, бұрынғы заманда телефон, телеграф жоқ болған кезде адамдар бір-бірімен қалай хабарласқан? (Суретті қарап, байланыс құралдарын атап береді). (Поштаны көгершіндер арқылы, арнайы шабарман арқылы жіберген). Қазіргі почтаны қалай тасиды? (Суретті қарап, байланыс құралдарын атап береді). Хат,ұшақ,тік ұшақ, поезд арқылы екенін атап береді) сергіту сәті: «телефон» Әй, телефон, телефон, Апам келіп бұраса, Кім керегін сұраса, Тез шақырып келесің, Айтқанына көнесің.Әй, телефон, телефон, Көкем келіп бұраса, Кім керегін сұраса, Тез шақырып келесің, Айтқанына көнесің. 3-тапсырма: Әліппе-дәптермен жұмыс. Қызметіне қарай сызық арқылы сәйкестендір. Балалар қызметіне қарай сызық арқылы сәйкестендіреді. 4-тапсырма: Әліппе-дәптермен жұмыс. Заттарды ата. Не үшін керек екенін дәлелдеп көр. Боя. Суреттен тек байланыс құралдарын атап оларды бояту (телефон, факс, ұялы телефон, хат, компьютер, құттықтау хаттар). |