Жүргізуші: Армысыздар қадірменді қонақтар, ата аналар, ұстаздар. Бүгінгі Алтын-Ай балбақшасының ересек топ Балдырған тобының бүлдіршіндерімен қоштасуға арналған ертеңгілігімізге қош келдіңіз.
Шашу шашу шашайық, ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке бұл тойдың бастаңғысын жасайық.
Ендеше қодау көрсетіп қол соғып, балабақшамен қоштасуға келген бүлдіршіндерімізді қарсы алайық.
Ең әдемі қызымыз Исмагулова Аделя мен жігіт сұлтаны 2018 байқауының сері жігіт иегері Ертай Әбілмансұр.
Ең білімді қызымыз Қынжалова Алия мен ең батыр баламыз Елтай Ерсұлтан
Ең өнерлі қызымыз Сәбит Әмина мен Ең ақылды баламыз Ерболат Алламжар
Биші қызымыз Нұрбек Жұлдыз бен Ең сабырлы баламыз Ерсайын Санжар.
Ең әдепті қызымыз Қоныспай Құралай мен көңілді баламыз Сүйіндік Ерқайрат.
Ең сұлу қызымыз Ниятберді Аяулым мен Сымбатты баламыз Ниязов Нұрсәт.
Ең инабатты қызымыз Бекіш Аяжан мен Ең шыншыл баламыз Сансызбай
Эль-мансұр.
Ең тәрбиелі қызымыз Мектеп Альбина мен Ең ерке баламыз Жаңбырхан Оразалы
Балалар кіреді. Қолдарында гель шарларымен. (музыка ырғағымен)
Ал қанекей балалар қолдарымыздағы шарларымызды ұшырып жіберейік, залымызды әсемдеп безендірейік.
Қоштасу мерекесіне арналған ересектер тобының вальсін тамашалаңыздар.
Би: Вальс биі.
Жүргізуші: Балабалар бүгін бізде әдеттегідей емес, бүгін ерекше мереке. Бүгін біз сіздермен қимай қимай қоштасып, аяулы білім ордасы алтын ұя мектепке шығарып саламыз.
Айналайын балалар алда мектеп ана бар
Өздеріңнен өседі өнерпаздар даналар,
Өткізіп қызық күндерді 6 жасқа да жеттіңдер
Алуға терең білімді мектепке қадам бастыңдар
Ал енді түлектерімізге сөз кезегін берейік
Қоштасу мерекесіне арналған балаларымыздың тақпақтарын тыңдаңыздар.
1. Құралай :
Балабақша есігін
Үшке тола ашқанбыз
Едік аппақ нәресте
Көп көп бөбек көргенде
Жұбанғаным есімде
3. Ерқайрат:
Қош балалар бақшасы,
Естен кетпес есімің.
Қош бала бақшасы,
Алғаш ашқан есігім.
4.Аделя:
Біздер алты жастамыз,
Сәбиліктен асқанбыз.
Мектеп бізді шақырлы,
Қош бол балал бақшамыз.
5.Оразалы:
Балабақша базарлы үй,
Көшедегі ажарлы үй.
Шаттығы бар шуақты,
Өз үйіміз сияқты.
6. Алламжар:
Ботақаным бөбек деп
Еркелеткен ұл қызын
Анамызды ерекше,
Қуантатын күн бүгін
Өсті міне бойымыз
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойымыз
7.Әмина:
Біз бақытты баламыз
Жетіліп ой санамыз
Бақшамызбен қоштасып
Мектепке кетіп барамыз
Бал күндерді қиялдап сағынамыз әлі-ақ біз.
8.Алия:
Біз бұл күнді күткен едік
Сағынумен сан апта
Керек жарақ тіпті көп
Дайынба достар сабаққа
Ж: Бөбекті мектеп қабылда
Дайынбыз білім алуға
Ән: Үйретеді
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар.....
Осы сәтте есіктен Әліппе кіріп келеді. Балабалрмен амандасып.
Әліппе: Салеметсіңдерме балалар ата аналар. Бүгін алтын-Ай б/б бүлдіршіндері балбабақшамен қоштасып жатыр деген шақыру хабарын алдым. Алған бойда келдім. Мектепке барасыңдар ма. Білім аласыңдар ма? Енді сендер менімен дос боласыңдар.
Ж: Салеметсіз бе әліппе. Қош келдіңіз, біз сізді күттік, балаларымыз балабақшамен қоштасып, білім әлеміне аяқ басқалы тұр. Бұл ұлы әрі жауапты сапарда оларға ақылшы болар дос керек. Сіздің келгеніңіз жақсы болды.
Әліппе: Балалар менің сендерге сыйлығым бар. Ол жай емес сиқырлы, құпияға толы сыйлық. Қараңыздар бұл не балалар. Портфель көрсетеді. Бұл портфельдің іші сыйлыққы толы, бірақ оны ашу үшін оның бірнеше тапсырмалары бар сол тапсырмаларды мүдірмей орындау керек. Орындаймыз ба?
Жүргізуші: дайынбыз ба? Ой балалар бұл кім? Біреу келе жатқан тәрізді...
Есіктен Бурратино кіріп келеді. Саллем Балалар, мен Буратиномын. Мен сиқырлы портфельдің бірінші тапсырмасын алып келдім. Дайынсыңдар ма? Қолымда суреттер бейнеленген карточкалар бар. Осы карточкаларды үстелге қоямын, сендер тездетіп алып, карточкадағы суреттің атауын буынға бөліп айтасыңдар. Кімнің алғыр екенін көрейік. Ал қане бастайық:
(Ерсұлтан Санжар Жұлдыз Аделя)
Сөздер: Алма, Әтеш, Домбыра, Көбелек, Буратино,
Буратино: Жарайсыңдар балалар ақылды екенсіңдер.Ал балалар қазақ әліппесінде неше әріп бар. Әріптер нешеге бөлінеді? портфельдің тапсырмасын орындаған үшін, сендерге кілт тапсырамын. Осындай 3 кілт жинап, портфелді ашуға болады. Ал мен сіздермен қоштасамын. Сау болыңыздар. Ақ жол.
Жүргізуші:
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Қуанышты кешімізді жалғайық,
Жүздеріміз күліп шаттық қағады,
Болсын солай әр күніміз әрқашан.
Тақпағымызды одан әрі айтайық.
1.Жұлдыз:
Ойыншықты жинаймыз,
Бөбектерге сыйлаймыз.
Оқу білім үйреткен,
Сіздерді біз қимаймыз.
Жеті жасқа толамыз,
Қуантып ата-ананы,
Мектепке кетіп барамыз.
2.Айрина:
Оқимыз білім аламыз,
Болашақ жолын саламыз.
Бақшаменен қоштасып,
Біріншіге барамыз.
3.Аяулым:
Біз сабақты бастаймыз,
Қайталаудан аспаймыз.
Есептен де қашпаймыз,
Жазуды енді бастаймыз.
4.Санжар:
Қуанамыз сыйлаймыз,
Қуаныштың мың гүлін.
Бақшамыз бен қимаймыз,
Қоштасатын күн бүгін.
5.Альбина:
Бұл қуаныш себебін,
Бізге қарап ұғарсың.
Ер жетті деп бөбегің,
Туған Отан қуансын.
6. С.Мансұр:
Мектепке енді барамыз,
Үлгілі оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.
Музыка ойналады.:
Балаларымыз көңілді
Шақырамыз ортаға
Тойымызға сән беріп
Би билейік тамаша
Қол соғып қарсы алайықшы.
Ортаға Кіші топ балалары келеді.
Мейіргүл: Құрметті балабақша бітіруші Апалар мен ағалар. Сіздерге ақ жол сәт сапар тілейміз.
Ж:Олардың сіздерге арнаған сыйлықтары да бар екен.
БИ: Испан биі.
Жүргізуші:Рахмет сендерге. Балалақайлар. Енді біздің балаларымыздың сіздерге тапсырар аманатын қарсы алыңыздар. (Кілт беріледі.) Бұл кілт, сендерге білім есігін ашатын сиқырлы кілт. Осы кілт сендерді болашақта ғажайып білім әлеміне жетелейді. Сау болыңыздар.
Осы сәтте ортаға Бауырсақ келеді.: Мен атамнан қаштым мен қояннан қаштым....
Ой.... сендер кімсіңдер? Мен қайда келдім.
Жүргізуші: Ал сен кімсің?
Бауырсақ: Мен... мен мен кіммін балалар.
Бауырсақ: Ия мен Бауырсақпын. Мен жолда қасқырдан қашып келе жатып сендерге тап болым. Ал сендер қандай әдемісіңдер. Сендер бір мерекеге бара жатырсыңдар ма?
Жүргізуші: Ия балалар, балабақшамен қоштасып, білім әлеміне бара жатыр. Онда мектепке барады. Сабақ оқиды. Жазу жазады.
Бауырсақ: Мектеп, сабақ? Мен де барайыншы.... Мен де барғым келеді. Білім алғым келеді. Мен де сендер сияқты әдемі болғым келеді.
Жүргізуші: Жарайды, бірақ сен барсаң саған сөмке керек қой солай ма балалар.?
Бауырсақ: Ой мен де бар сөмке әжем берген, міне. (сөмкесін шығарып, ішіндегіні көрсете бастайды.)
Жүргізуші: Жоқ бауырсақ мектепке бару үшін саған мүлдем басқа құралдар керек . Балалар қане айтайықшы мектепке біз не апарамыз.
Балалар: Кітап, дәптер, қалам, қарындаш,.... т.б.
Жүргізуші. Бауырсақ онда балалар саған сенің сөмкеңді жинап көмектессін жарай ма? Қазір балаларымызды ойынға шақырамыз Сөмке жинау деп аталады.
Ойын: Сөмке жинау
(төрт бала шығып сөмкеге керектіні салып жинап жарысады.)
Жүргізуші. Жарайсыңдар енді осы сөмкені бауырсаққа сыйлайық. Ол да мектепке барып білім алсын.
Бауырсақ. Алақай, рахмет балалар. Ал мен сендерге не берсем екен? ААА таптым, мен жолда жүгіріп келе жатып мынадай бір кілт тауып алдым. Бір пайдасы тиіп қалар деп салып алған едім. Сендерге соны берейін. Міне мынадай.
Жүргізуші: Балалалар мынау бізге керек алтын кілт емес пе? Бұл кілтті Әліппеге табыстайық.
Әліппе: Рахмет саған бауырсақ бізді қуанттың. Сау болағой.
Бауырсақ: Енді мен далада әркімнен бір тығылып қашпаймын, мен білім аламын. Себебі білімді мыңды жеңеді. Сау болыңыздар.
Жүргізуші:
Мерекеде сызылтып ән салады
Ән айтып би де билеп жан салады
Кыздарымыз аққу биін билегенде
Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады.
Ересек тобының аққуларын қарсы алайық.
БИ: Аққулар биі.
Жүргізуші: Ал енді балаларымыздың Апайларына аранған жылы лебіздерін ары қарай тыңдайық.
1.Алия:
Гүлдендірген бақшаны
Меңгеруші апай жақсы адам
Сондықтанда біз үшін
Артықсыз сіз басқадан
Бибігүл Барабайқызына мың алғыс.
5.Эль-мансұр:
Бізді баптап қараған,
Күлімдеген жақсы адам.
Ақ төсекке жатқызған,
Басымыздан сипаған,
Жансая апайға көп рахмет.
2.Аяжан:
Үйренеміз өнер біз
Шетімізден шеберміз
Бұл татыған әндерді үйреткен
Аманжол ағайға мың алғыс.
3.Ерсұлтан:
Жайдары жүз ай қабақ,
Жүреді бізді аймалап.
Тобымызға жиі кеп,
Білгеніңді сұрайтын.
Ақыл айтып тұратын,
Сүйген мен Жанар апайларға көп рахмет.
6.Нұрсәт:
Тәтті тағам пісірген,
Айран, сүтін ішкізген.
Марина апайға мың алғыс
4. Ертай Мансұр:
Жазу жазып үйренткен, әріптерді оқытқан
Санамақты жаттатып, санауды бізге үйреткен
Жақсы болсақ қуанған, қатемізді кешірген.
Мөлдір Әлия апайлар айтамыз біз мың алғыс.
Музыкамен микки маус келеді.
Микки маус: Балалар салеметсіңдер ме? Мен миини мауспын. Мен билеп ән салғанды сондай жақсы көремін. Мен жүрген жер шаттық пен қуанышқа толы. Қане сергіп барлығымыз билейікші. 10 ға дейін және кері санап білесіңдер ме? Ал санап билейік , Алақай!!!
Билейді балаларды тұрғызып.
Қане ойын ойнайықшы.
Ойын(ойлан тап)
(Ата аналар мен балалар ойын ойнайды. Баланың құлағына сыбырап бір нәрсені айтады Мыс: Доп. Тауық. Кітап. Аю. Құс. т.б. Ата-аналар не екенін табады.)
Қыздар қалады . Ұлдар би киімін киюге шығып кетеді.
Ойын аяқталып, Орындарына отырғызады.
Ал жарайсыңдар. Көңілдерің көтерілді ме? Ендеше мен кетейін, Сәт сапар сендерге достар.
Жүргізуші: Ересек тобының нағыз ер жігіттерін лезгин биімен қарсы алайық.
Би: Лезгин.
Әліппе: Балалар мен сендермен тағы бір ойын ойнайын деп едім. Сендердің білімдеріңді байқап келе жатрымын, өте жақсы екенсіңдер, ал сендер мақал мәтел білесіңдер ме? Онда мен сендерге білім туралы мақалдың басын бастаймын ал сендер артын аяқтайсыңдар келістік пе?
1.Ақыл азбайды Білім тозбайды..
3.Оқу – инемен құдық қазғандай.
4.Оқу – білім бұлағы.
5.Оқу – білім азығы,
.Білім – ырыс қазығы..
7.Кітап – алтын қазына.
8.Ғылым – теңіз, білім – қайық..
9.Күш – білімде, білім – кітапта.
Музыка ойналады. Сиқыр музыкасы.
Әліппе: Ой балалар мынау не дауыс тағы бір қонақ келді ме. Ой мынау не? Біреу хат қалдырып кетіпті. Ашып көрейк кім екен?
«Салеметсіңдер ме бүлдіршіндерім. Менің ақылды, білімді балапандарым. Сендерді осы уақытқа дейін бақылап келе жатырмын, мен сендердің жандарыңда болдым. алғыр да озат балалар екендеріңе көзім жетті. Сендердің сөздерді буынға бөліп, санап, бауырсаққа сөмкені жинап сыйға тартқандарыңды, мақал мәтел айтқандарыңды да көріп, білгір балалар екендеріңе сендім. Сол себепті сендерге сыйға сөмкенің 3-ші кілтін тарту етемін. Сөмкенің ішін ашып ішіндегі сыйлықтарыңды қабыл алыңдар. Сәт сапар сендерге жас бүлдіршіндерім, болашақ ғалымдарым. Сәлеммен Білімпаз аталарың.»
Әліппе: Балалар бұл мені осында сендерге жіберген ұстазым Білімпаз ата екен. Міне 3-ші кілтте қолымызда.
Жүргізуші жарайсың Әліппе , жарайсыңдар балалар: Білімді ақылды екендеріңді дәлелдедіңдер. Тек білім емес өнерлеріңді де тамашалап риза болып отыр қонақтар. Әліппе досымызбен де қоштасатын кез келді.
Әліппе: Иә балалар. Сендермен өткізген уақытым қызыққы толы болды. Уәде бергендей мына сиқырлы портфелді ашып сыйлықтарыңызды алыңыздар. Ал мен сендерді білім ардасы мектепте күтемін. Кездескенше сау болыңыздар!
(сыйлық таратылады.)
Жүргізуші:
Қуанамыз ,сыйлаймыз,
Қуаныштың мың гүлін.
Бақшамыз бен қимайм біз
Қоштасатын күн бүгін.
Бұл қуаныш себебін,
Бізге қарап ұғарсың.
Ер жетті деп бөбегім,
Туған Отан қуансын.
Балаларымыздың қоштасу әнін қабыл алыңыздар.
Ән: Қош бол балабақшам
Жүргізуші: сабақты 5 ке оқимыз ба? Ақылды боламыз ба? Үлкендерді сыйлаймыз ба? Апайларды тыңдаймыз ба? Жарайсыңдар сау болыңыздар алтын-Ай балабақшасының алтындай бүлдіршіндері.
ву