СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Қош келдің Наурыз" ертеңгілік

Нажмите, чтобы узнать подробности

Наурыз ертеңгілік балалардың дәстүрмен таныстыру

Просмотр содержимого документа
«"Қош келдің Наурыз" ертеңгілік»

Тақырыбы:


Жыл басы-Наурыз!

Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру;Балаларды елін,Отанын сүюге,ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: нақыл сөздер,ұлттық бұйымдар,газеттер.

Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар,әріптестер,бүгінгі мерекеге шақырылған қонақтар!Хош келдіңіздер!Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Уа ағайын,халайық,

Мұнда назар салайық,

Мерекесі халықтың

Наурыз тойын бастайық!

Наурыз тек қана жақсылығын, жаңа жаңалығын әкелсін дей келе құттықтау сөзді бала бақшаның меңгерушісі А.Төлеуқызына береміз.

Тәрбиеші:

Той думанға келіңіз,

Тамашалап көріңіз

Ән айтайық бәріміз

Қол соғайық бәріміз

Ән хормен «Наурыз»


1.Дамел

Наурыз тойым,Наурыз тойым,

Құтты болсын халайық!

Қане достар,қане достар

Шырқап әнге салайық.

2.Жанел

Наурыз келді сан құрып,

Жасарып жаңғырып.

Құлпырады жер мен көк,

Мейрім таң күліп.

3.Ануар

Қыс өтіп,қар кетіп

Шырайлы жаз жетіп

Шаруаның кеңелген

Мейрамы ежелден-

Құтты болсын,Наурыз!

4.Нұрали

Наурыз тойы-тамаша

Наурыз тойы-жаңаша

Табиғатта тамаша

Тамылжып тұр жараса.

5.Аділет

Наурыз жауын,наурыз сән,

Әсем әуен,сазды ән

Қыз боз бала қыдырған,

Жасыл желек,көк аспан.

6.Кәусар

Наурыз тойы әдейі,

Әжем еске түсірді.

Біздерге арнап әдейі,

Наурыз көже пісірді.

7.Дамел

Қош келіпсің Наурыз!

Арман тойы халықтың

Қуанышы халықтың

Құтты болсын қадамын.

8. Жанел:

Наурыз келді балалар

Көктеді қыр жағалар

Наурыз тойын тойлайық

Жаңа жылда балалар

9.Әлибек:

Наурыз,наурыз

Келді біздің жаңа жыл!

10.Әмина:

Наурыз келді балақай

Ойнайықшы,алақай

11.Руслан:

Наурыз тойын тойлайық

Әсем әнге салайық.


Тәрбиеші:

Ал қанеки ағайын

Асқақ әнге салайық

Басы болсын бұл тойдың

Шырқап әнге салайық

Ән: «Наурыз»


12.Дамел

Бата беріп батамыз

Бата беріп апамыз

Тәтті болып жасалған

Наурыз дәмін татамыз.

13. Нұрали

Күн менен түн теңелді

Жер шуаққа кенелді.



Тәрбиеші: Құрметті қоңақтар,сіздерге арналған бақша бүлдіршіндерінің «Ат қою» дәстүрін көрсетуін тамашалаңыздар.

Көрініс. Залға Жанел жүгіріп кіріп «Сүйінші, сүйінші дүниеге ұл бала келді»- деп айтады.

Тәрбиеші: Қане балалар дүниеге ұл бала келді, ұлды болдық. Енді осы ұл балаға ат қоямыз, кім деп қоямыз.

Балалар: «Сенің атын-Наурызбек» (үш мәрте қайталайды)

Тәрбиеші: Жарайсындар балалар,Наурызбекке жақсы тілектер айтайық.

-Наурызбектің денсаулығы зор болсын! Жанел

-Наурызбектің өмір жасы ұзақ болсын! Дамир

-Бақытты болсын! Айару

-Абай атадай ақын болсын! Кәусар

-Құрманғазы атадай күйші болсын! Ануар

Назгул апай: Сәлеметсіздерме балалар!Рахмет сендерге балалар Наурызбек деп ат қойғандарыңа.Енді Наурызбекті бесікке салайық.

Бесік-нәрестені бөлеуге арналған ағаш төсек.Қазақта бесік қасиетті,киелі құтты мүлік. Бесік құралдарымен таныстыру: құс төсек, жастық, жөргек, қолбау, тізебау, бесік көрпе, шүмек, түбек.

Бесікті аластау:Алас, алас, алас пәледен алас

Көзі жаманның көзінен алас.

Тілі жаманның тілінен алас.

Бесік жырын айтып отырып,баланы бөлейді.

Бесік жыры: Әлди,әлди ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем

Құйрығына той бөпем.

Әлди,әлди бөпешім

Ұйықтай қойшы,көкешім.

Тербетейін, жата ғой,

Тәтті ұйқыға бата ғой!

Тәрбиеші: Балалар бесік туралы қандай тыйым сөздер білесіңдер?

Балалар хормен: «Бос бесікті тербетпе»

Тәрбиеші: Балалар бесік туралы қаңдай мақал білесіңдер?

Балалар хормен: «Ел болам десең, бесігіңді түзе»


Ұлттық ойын: «Арқан тарту»

Ұл балалар ортаға шығып, екі топқа бөлініп, арқан тартысады.


Тәрбиеші: Ал,халайық тұрмайық

Әндетейік жырлайық

Ортамызды ашайық

Биден шашу шашайық

Бүлдіршіндердің орындауында «Көңілді би» биін қабыл алыңыздар.


Тәрбиеші: Арпа ,бидай бастаған

Жеті дәмнен аспаған

Наурыз көже ежелден

Бұл пайдалы бас тағам,-деп Айша тәтеге ұлттық тағамдармен таныстырып беруіне рұхсат етіңіздер.

Тәрбиеші: Ал, қанеки ағайын

Асқақ әнге салайық

Басы болсын, бұл тойдың

Шырқап әнге салайық.

Ән хормен: «Қазақы дастарханы»

Тәрбиеші:

Наурыз құтты болсын!

Дендеріміз сау, мықты болсын!

Наурыз тойы келе берсін!

Барлық халық бақытты болсын,

Қош, сау болыңыздар, халайық!

Көріскенше күн жарық болсын.

Құрметті қоңақтар, балалар бүгінгі ертеңгілігімізді осымен аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар.






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!