СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Қош келдің, Наурыз» Наурыз мерекесіне арналған іс-шараның СЦЕНАРИЙІ

Категория: Внеурочка

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сценарий праздничного мероприятия к празднованию Наурыз-мейрамы

Просмотр содержимого документа
««Қош келдің, Наурыз» Наурыз мерекесіне арналған іс-шараның СЦЕНАРИЙІ»

«Қош келдің, Наурыз»

Наурыз мерекесіне арналған іс-шараның

СЦЕНАРИЙІ


Мақсаты:  

«Наурыз» мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру,  балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу; имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.


(Сахна салт –дәстүрге байланысты жабдықталады. Балалар, ата-аналар, мүғалімдер ұлттық киімдерімен келеді).

(«Сарыарқа» күйі ойнап тұрады)


  1. Қазақ биі

(би соңында екі қыз шашу шашады)



Жүргізуші:

Армысыздар,  құрметті  балалар, қонақтар! Ұлыстың  ұлы  күні  құтты  болсын!

Елім  менен жеріме,

Ырысын  шашқан Наурыз.

Күлімдеген  көктемге,

Шуағын  шашқан  Наурыз.

Жеті  түрлі  дән  салып,

Дәм  татқызған  Наурыз.

Жақсылық  тілеп  халыққа,

Молшылық  әкелсін  наурыз.



(залға табиғат әуенімен  әже мен  көктем  қыз  кіреді)


Көктем қыз:

Құтты болсын, Наурыз!

          Ақ қар кетіп қыс өтіп,
                Шырайлы шуақ жаз жетіп.
                Шаруаның ұлы кенелген.
                Күн мейрамы ежелден –
                Құтты болсын бұл Наурыз!

(залды айналады, жан жаққа гүлдерді шашады)


Әжесі:

Дүние судай ағады,

Ақ түйе қарны жарылды,

Той бастар деген шашуымыз

Астарын аман табады

«Той жаса»,-деп тұрса біздің Жер-Анамыз

Біз қалай той жасамай тұра аламыз.

Әкелсін зор қуаныш үйіңізге

Наурыз тойына тартқан шашуымыз.

(шашу шашады)


  1. «Мереке» әні – Танатканова Назгүл, Испергенова Жұлдызай

  2. «Көрініс» - 1 сынып

  3. «Наурыз мереке» әні + би – 2 сынып


(«Көңіл толқыны» күйі қосылады да ақырын ойнай береді)

Қыдыр ата:

Алтын асықтай ұл тәрбиелеген,

Күміс қасықтай қыз тәрбиелеген,

Ерлері аттан түспеген, қазаны оттан түспеген.

Алысқа хат жіберіп,

Жақынға ат жіберіп.

Атам бастап, халқым қоштап

Дүбірлетіп той жасап жатқан,

Алты алашым армысыздар,

Барлығыңыз есен сау бармысыздар.

Бүгін міне жыл басы көктем келді.

Үзілмеген өмірдің жалғасы бар.

Зейін салып тыңдасаңыз жас баланы,

Даналық балалықтан басталады.

Арнасын ауыстырып су кеткенімен,

Табынымда тапжылмай тас қалды.

Кісілерге биліктен биік тұрған,

Амансың ба адал жұртым асқаралы.

Бүгінде Наурыз тойын тойлаған

Халқымыздың жақсылығы басталады.

Ал, ағайын, қаттырақ қол соғайық

Наурыз тойда жанардан жас тамады.

Әже:

Қыдыр ата, қош келдіңіз, рахмет, тілегініз қабыл болсын, бүгінгі осы мерекенің қадірменді қонағы болып төрге жайғасыныз.

(Қыдыр ата дастарханға жайғасады)



Қыдыр ата:

Екі шектің бірін қатты

Бірін сәл-сәл бос бұра

Нағыз қазақ – қазақ емес,

Нағыз қазақ домбыра.

Қоңыр дауысты қазақ домбырасы...



  1. «Жігер» күйі + көрініс – 6 сынып

Қыдыр ата:

Наурыз тойын тойлау

Ата-дәстүр салтымыз,

Жақсылық тілейміз, тойға келген жалпымыз,

Думандатып, той жасап, дүбірлетіп,

Наурыз тойын ежелден қастерлеген халқымыз.

  1. «Наурыз думан» әні – Кишкембаева Замира

  2. «Тәй-тәй» әні + көрініс – 3 сынып

Қыдыр ата:

Бата:

Наурыз тойы құтты болсын

Үйлеріңізге құт-береке ырыс толсын

Қайраттары қажылмас қырыш болсын

Түндерін тыныс болсын

Күндерін ырыс болсын.

Ақ дастархан үйлеріңнен жиылмасын,

Сәбилердің күлкісі тиылмасын.

Келім-кетім қонақтарын арылмасын

Есік алды іздері шиырласын

Жаманшылық жаңдарыңа бұйырмасын

Илляхи Аумин.



  1. «Өзбек» биі – 5,7 сынып



Көктем қыз:

Наурыз тойы халқымның қазынасы,

Наурыз тойы Ата-баба қуанышы,

Аптаның сәтті күні той жасапсыз

Тойларыңыз құтты болсын,

Халқымның әр данасы.



  1. «Айтыс» көрінісі – 10 сынып



Қыдыр ата:

Қазақтың тарихында ақындар көп,

Еліне маңдай терін сеніп төккен,

Кешегі Бұхар жырау дара дана

Әр сөзін Абылайға ерікті еткен

Бар жайды білгеннен соң ғана,

Былай ырысын қазағымның толып кеткен.



  1. «Ариайдай» әні – Кенжебекова Дильнара

  2. «Попурри» биі – 9 сынып

  3. «» әні – Садуақасова Гүлмира



Қыдыр ата:

Наурыз тойы құтты болсын беттеген,

Жете берсің белестерге жетпеген,

Таусылмасын алар асу алдағы,

Қуанышымыз өтсің дейміз көппенен.