СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қош келдің, Жаңа жыл

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балабақшаға арналған Жаңа жыл мерекесіне арналған сценарий. 

Просмотр содержимого документа
«Қош келдің, Жаңа жыл»

Бекітемін

Балабақша меңгерушісі А.Ж.Бөрибаева

Тақырыбы: Қош келдің жаңа жыл

Мақсаты:

1.Жаңа жыл туралы балаларға түсінік беру.

2.Жаңа жыл туралы әндер айтқызып би билету арқылы балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту

3.Әдемілікке адалдыққа сыпайылыққа тәрбиелеу.

Жүргізуші:

Жаңа жыл жаңа қадам, жаңа бақыт.

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт

Жақсылықтың белгісі,жаңа уақыт,

Келіп міне жатырмыз қауқылдасып.



Бүгін сізге жырдан алқа тағайын.

Шат күлкіге толы болсын маңайың.

Келгендер де келмегенде арманда.

Жаңа жылың құтты болсын ағайын.

Армысыздар құрметті ата-аналар,қымбатты қонақтар кішкене бүлдіршіндер.Міне көптен күткен Жаңа жыл мерекесі де келіп жетті.Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.

Балалар қандай әдемі болып кеткенсіңдер, сендер жаңа жылда

кімді күтесіңдер?

Балалар Аяз атаны



Ендеше балалар бізді шырша мерекесімен құтықтау үшін, балабақша меңгерушісі Борибаева Аякуз Жолдасовнаға сөз кезегін берейік.

Иттің даусы естіледі.

Ал балалар, бәріміз қошеметпен ескі жалды қарсы алайық.

/ Ортаға ит келеді/

Иттің сөзі:Сәлеметсіңдерме балала, қонақтар келе жатқан жаңа жылдарың құтты болсын.

Жүргізуші:

Ендеше балалар ортаға ит жалын алап би билеиік

Вуги вуги

Чытыри чага

утята

Осы кезде мыстан кемпір келеді.

Мыстан кемпір: Кім менсіз шырша мерекесін откізбекші ха ха ха

Жүргізуші:Жоқ мыстан апа, шырша мерекесі бәрімізге ортақ мереке, сондықтан бәріміз бірге ән,салып, би билеп көңілді өткізейік.

Осы кезде аңдар келеді

Амандасады

Қоян: мыстан апа! сіз бізден бұрын келіп алыпсызғой?

Мыстан ха ха ха

Маймыл:балалар қандай әдемісіңдер мереке құтты болсын біз сендермен мерекені қарсы алуға келдік бірге билеп ән айтайық .

Жүргізуші:

Ал қане онда Ақбота тобындағы ұл қаздарымыздың фльешмоп

Биін тамашалаңыздар

Жүргізуші:

Балалар біздің аяз атамыз кешігіп жатыр ғой.Жаңа келе жатырмын деп еді.

Мыстан :

Ха ха ха күтіңдер күтіңдер

Жүргізуші: АА мыстан апа Аяз атаны Ақшақарды сіз тығып қойған екенсіз оларсыз шырша мерекеміз қалай өтеді.Мереке оларсыз қызық болмайды ғой.

Ит: Мен білдім жолдан келе жатқанда мыстан ұстап алғанға ұқсайды

Жүргізуші: Енді не істейміз балалар? Мен таптым мыстан апа сіз қатты шаршаған шығарсыз отырып балалардың өнерін көріңіз.

Мыстан: Сендер маған ән салып, би билеп беріңдер ұнаса алып келемін

Жүргізуші: ендеше Балдәурен тобының биін қабыл алыңыздар

/Осы кезде Ит сендер айландырып тұрыңдар мен зынданын ашап ертіп келейін. Көріп қойған мыстан итті қуып кетеді./

Мыстан:Қап, енді осыдан қолыма түссең сені зынданға қамаймын деп айқайлайды

Жүргізуші: жарайды итке ренжімейік ол бізбен қоштасқалы келіп еді ғой.

Ит:Мыстан апа мен қазір Аяз ата мен қарша қызды босатып, бірге келіп сіздің сазайыңызды тарттырамын.

Желдің, қардың дыбысы естіледі

Жүргізуші: Алақай балалар бұл аяз ата мен қаршақыздың дауысы ғой, енді олар бізді адаспай табу үшін барлығымыз Аяз ата Ақшақар деп шақырайық.

Балалар: Аяз ата ,Ақшақар.....!

/Осы кезде Аяз ата Ақшақар Доңыз келеді/

Аяз ата Армысыңдар менің кішкене достарым! Ата аналар, ұстаздар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.алыс алыс тауларды асып шаршап келдім.

Шыршаларың қандай әдемі шыршамыздың шамын жақпаймызба

Доңыз мен жағайын ата шамды жағады

Ақшақар: Ақшақармын аппақпын.

Айта берсе тақпақпын,

Өнер сүйген балдардың

Көңілін мен таппақпын.

Жүргізуші: Аяз ата алыстан шаршап келген боларсыз, дем алып, балалардың өнерін тамашалаңыз.

Аяз ата /тығылып жүрген мыстанды көріп қойып Аяз ата мынау мыстанғой деп айғай салады./

Мыстан кемпір:өзінің кінәлі екенін біліп Аяз атадан кешірім сұрайды, менде сіздермен шырша мерекесін тойлайыншы деп өтінеді.

Аяз ата: балалар,Мыстанды кешіремізбе?

Балалар: Кешіреміз

Ендеше балалардың өнерін тамашалайық

Би Ақбота тобының қыздарының биі

Ақшақар мен сендерге жұмбақ жасырайын

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады /Қар/

Терезеге қонады .

әсем ою ояд, /қырау/

тіке ,тікен тік пісте.

Қысы жазы бір түсте /шырша/

Ит .Осы кезде Ит жаңа жыл менің жылым да жақсы жыл болды.Енді бәрін саған табыстап кеттім енді мен қайтайын келесі кездескенше достар!

Доңыз Рақмет сізге ит жылы

Жүргізуші

Құлақтан кіріп бойды алар

Жақсы әнмен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй. Демекші балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар.

Жүргізуші

Аяз ата Ақшақар жаңа жы біздің балаларымызғы жаңа жылмен құтықтап силықтар алып келген боларсыздар.

Аяз ата:

Әкелдім қызым, әкелдім

Аңдар сыйлықтарды әкеледі. Үлестіреді.

Ақшақар: міне балалар сендермен қоштасатын уақыт жетті.

Аяз ата: балалар бәрлерің шеттеріңнен өнерлі екенсіңдер.Біздің алыстан арнайы сенднрге әкелген сыилығымызға риза болыңдар! Ал енді біз жолға шығайық.бізді күтіп отырған сендер секілді балалар бар, соларға барайық келер жылға дейін аман болыңдар.Қош сау болып тұрыңдар.

Жүргізуші:Жаңа жылда алдағы

Көңіл өсіп, көркейсін!

Қуаныштар көп болып,

Жақсылықтар көбейсін.

Жаңа жыл әр отбасына береке бірлік әкелсін, молшылық жыл болсын.Жылдан жылға аман есен жете беріңіздер.Жаңа жылдарыңыз құтты болсын ағайын!

























Алматы обылысы Енбекшіқазақ ауданы

Мемілекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

«Тоғжан» бөбекжай балабақшасы

Қырбалтабай ауылы







Қош келдің жаңа жыл

«Ақбота», «Балдәурен» тобындағы ертеңгңлңк



















Тәрбиеші. Естемесова А Ж









2018-2019 оқу жылы



Алматы обылысы Енбекшіқазақ ауданы

Мемілекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

«Тоғжан» бөбекжай балабақшасы

Қырбалтабай ауылы







Қош келдің жаңа жыл

«Ақбота», «Балдәурен» тобындағы ертеңгңлңк



















Тәрбиеші. Естемесова А Ж







2018-2019 оқу жылы