Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
ЖАРЫС-САБАҚ
Пән: «Бағдарламалау тілдері» Сабақтың тақырыбы: «Қосымшаларды визуалды әзірлеудің негізгі құралдары»
Топтар: 17 VTZ-4, 17 VTZ-5, 17 VTZ-6
Оқытушы: Ихсанова А.С.
Семей қаласы
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Атаулы категориясы |
1.1. Мамандығы мен біліктілігінің атауы | 1304000 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру (түрлері бойынша) 130405 3 – Ақпаратты қорғау технигі |
1.2. Курсы, тобы | ІII курс, 17 VTZ-4, 17 VTZ-5, 17 VTZ-6 |
1.3. Оқу модулінің/пәннің, меңгеретін тараудың атауы | КМ 11. Ерекшеліктің графикалық тілін қолдана отырып, жобалық және техникалық құжаттаманың құрамдастарын әзірлеу «Бағдарламалау тілдері» |
1.4. Сабақтың тақырыбы | Қосымшаларды визуалды әзірлеудің негізгі құралдары |
1.5. Сабақтың ұйымдастырушылық формасы | топтық |
1.6. Білім алушылырдың тақырып бойынша қызметті орындау үшін қажетті білімі мен иемділігі | - форманың қасиеттерін білу; - модальды пішім мен жай пішімнің айырмашылығын білу; - форманың негізгі әдістерін білу. |
1.7. Кәсіби және енбекпен қамтылуы үшін білігін біріктірудегі оқу сабағының мүмкіншілігі | - қарым-қатынас жасау дағдысы; - ақпаратты қабылдай алуы; - алынған ақпаратты тәжірибе жүзінде қолдана білу. |
2. Сабақтың мақсаты |
2.1. Студенттердің дәл осы сабақта үйренетін жұмысқа орналастырудың және жұмысты іздеудің келесі ептіліктерін жетілдіруге мүмкіндік береді | - тыңдай алу; - топпен қарым-қатынас; - өзгенің пікірімен алмасу. |
2.2. Студентерді жаттықпа сабақтар барысында меңгеретін кәсіптік ептілікке үйрету | - жұмыс орнын дұрыс тағайындау; - әдебиетпен жұмыс істей алу; - топта жұмыс істей алу; - логикалық ойлау. |
3. Сабақ қорытындысын сипаттау |
3.1. Сабақтың аяғында білім алушылар білуі және істеуі қажет | - форманың қасиеттерін білу; - модальды пішім мен жай пішімнің айырмашылығын білу; - форманың негізгі әдістерін білу. |
3.2. Сапа белгілері | - форманың қасиеттерін білуі; - модальды пішім мен жай пішімнің айырмашылығын білуі; - форманың негізгі әдістерін білуі. |
4. Жоспарлау фазасы |
4.1. Оқу-әдістемелік жабдықтау, анықтамалық әдебиеттер тізімі | В. С. Романчик «Программирование в C++ BUILDER» |
4.2. Техникалық жабдықтау, материалдар | ДК, C++Builder |
4.3. Студенттер іс-әрекетінің ретін сипаттау | - форманың қасиеттерін меңгеру; - модальды пішім мен жай пішімнің айырмашылығын меңгеру; - форманың негізгі әдістерін меңгеру. |
4.4. Оқытушының рөлі | - тақырып бойынша негізгі түсініктерді хабарлау; - терминдерді және олардың ретін сипаттау. |
5. Жоспарды жүзеге асыру |
5.1. Сабақ жоспарының сипаттамасы, оқытушы мен студенттер іс-әрекетінің мазмұны (кесте) | Кесте «Оқытушы мен студенттер өзара әрекетінің мазмұны мен оны ұйымдастыру» |
6. Бағалау |
6.1. Орындалған тапсырмалардың сапасын бағалау | Жаңа түсініктер мен терминдерді меңгеру дәрежесін анықтау. |
Оқытушы ______________ Ихсанова А.С.
қолы
Оқытушы мен студенттер өзара әрекетінің мазмұны мен оны ұйымдастыру
№ | Сабақтың негізгі кезеңдері | Әрекеттердің түрі мен реті | Студенттердің қызметі | Оқытушымен студентердің біріккен қызметі | Оқытушының қызметі |
Жекеше | Топтық | Топаралық | Кеңес беру | Нұсқау | Бақылау |
1. | Бағдарлау және жоспарлау кезеңі | Сабақтың тақырыбы мен мақсаты | | Х | | Х | | Х | |
2. | Жұмысты орындау кезеңі | Жұмыс орнын дайындау | | Х | | | Х | | |
Материалдарды дайындау | | Х | | | Х | | |
Технологиялық барыс: конспектілеу, Конспектімен жұмыс, Интерактивті тақтада жұмыс істеу, Карточкалармен жұмыс. | Х Х Х | | | | Х Х Х | | Х Х Х |
3. | Аралық және соңғы нәтижені бағалау және талдау кезеңі | Сапа белгілері бойынша бағалау: Айырма сөйлемдер әдісі Анаграмма Сөз теңдіктері Артық термин | Х Х Х Х | | | | Х Х Х Х | | |
Сабақтың тақырыбы: Қосымшаларды визуалды әзірлеудің негізгі құралдары
Форма Borland C++ Builder қосымшасының негізі болып табылады. Қосымшаның пайдаланушы интерфейсін құру форма терезесіне компоненттер орналастыруға негізделген. Компоненттер компоненттер палитрасында орналасады.
Компоненттер визуалды және визуалды емес компоненттер болып бөлінеді. Визуалды компоненттер жобалау кезінде де, орындалу кезінде де пайда болады. Мысалы, батырмалар, енгізу өрістері т.б. Визуалды емес компоненттер жобалау кезінде формада пиктограмма түрінде пайда болады. Олар орындалу кезінде ешқашан көрінбейді, бірақ қандай да бір функционалды қызмет атқарады (мысалы, мәліметтерге қатынауды қамтамасыз етеді, стандартты диалогты шақырады т.б.).
1-сурет. Визуалды және визуалды емес компоненттерді пайдалану
Компоненттер палитрасы
Standard беті
Пикто- грамма | Компонент аты | Компоненттің атқаратын қызметі |
| MainMenu | Бағдарламаның бас менюі. Компонент күрделң иерархиялық менюлерді құруға және оларды іске қосуға мүмкіндік береді. |
| PopupMenu | Қалқымалы меню. Ол әдетте маустың оң жақ батырмасын басқанда пайда болады. |
| Label | Белгі. Бұл статикалық мәтін түріндегі қысқа хабарламаларды орналастыру үшін қолданылады. |
| Edit | Енгізу жолы. Ол пайдаланушының бір жолдық мәтіндік ақпаратты енгізуіне арналған. |
| Memo | Көп жолдық мәтіндік редактор. Ол пайдаланушының пішімдеу мүмкіндігі жоқ көп жолдық мәтінді енгізіп, оны бейнелеуі үшін пайдаланылады. |
| Button | Командалық батырма. Бағдарламада осы компоненттің onclick оқиғасы өңдеушісінің көмегімен команданы жүзеге асыру үшін қолданады. |
| CheckBox | Тәуелсіз ауыстырып қосқыш. Оның маусты шерткенде ауысып отыратын true және false мәндері бар Checked (белгіленген) қасиеті пайдаланылады. |
| RadioButton | Тәуелді ауыстырып қосқыш. Ол бірнеше нұсқадан біреуін ғана таңдау үшін қолданылады. Сол мақсатта компонент кем дегенде бір немесе бірнеше сондай компоненттермен бір топқа бірігеді. Компонентті шерткенде ол ерекшеленеді және бұрын таңдалған ерекшелеу алынып тасталады. Мұның да Checked қасиеті бар. |
| ListBox | Таңдау тізімі. Ұсынылған нұсқалар(опциялар) тізімінен тұрады және ағымдағы таңдауды бақылауға мүмкіндік береді. |
| ComboBox | Таңдаудың аралас тізімі. Edit пен ListBox компоненттерін бірге пайдалануды қарастырады. |
| ScrollBar | Айналдыру жолақтары. Ол бағдарлама терезесіне тұтасынан симаған бөліктерін қарауға арналған басқарушы компоненттердің тік және көлденең жолақтарынан тұрады. |
| GroupBox | Компонентердің топтық контейнері. Бұл мағынасы бойынша байланысқан бірнеше компоненттерді біріктіру үшін қолданылады. |
| RadioGroup | Тәуелді ауыстырып қосқыштар тобы. Оның өзара байланысқан бірнеше тәуелді ауыстырып қосқыштарды іске қосуға арналған қасиеттері бар. |
| Panel | Панель/Тақта. Бұл GroupBox сияқты бірнеше компоненттерді біріктіруге арналған. Оның ішкі және сыртқы жиектері арқылы «батырылып» не «көтеріліп» тұрғандығын бейнелеу мүмкіндіктері болады. |
| ActionList | Әрекеттер тізімі. Пайдаланушының бір типтес: меню, батырмалар және т.с.сияқты басқарушы элементтер тобының біреуін таңдауымен байланысты әрекетіне бағдарламаның бір орталықтан жауап беру қызметін атқарады. |
VCL (Visual Component Library) – визуальды компоненттер кітапханасында қосымша құруда қажет болатын компоненттер жинақталған.
C++ Builder ортасында құрылатын қосымшаның орындалуы кезінде экранға шығатын визуальдық бөлімінің негізін TForm класының өкілі болып табылатын Form компоненті құрайды. C++ Builder ортасы жүктелгенде, құрылатын жобаға (Project1) сәйкес форма терезесі (Form1) өзі автоматты түрде пайда болады /2-сурет/.
Форма терезесі, бұл - Windows қосымшаларына тән тақырыптық зонасы, жүйелік мәзір батырмасы, басқару батырмалары және таза жұмыстық обылысы бар, өлшемі өзгеріп отыратын терезе.
Жобаға тағы да форма терезелерін қосу үшін File New Form командасы орындалады. Программа құруда Form компонентінің келесі қасиеттері мен әдістері жиі пайдаланылады:
TCaption типтер класына жататын Caption қасиеті форманың тақырыбын, яғни тақырыптық зонадағы мәтінді жазу үшін қолданылады;
TComponentName типіне жататын Name қасиеті Form компонентінің атын немесе идентификаторын беру үшін қолданылады, әдетте ол Form1, Form2 ... болып кете береді, егер қолданушы қажет болған жағдайда бұл атауларды өзгерте алады және программада оны сол өзі берген атпен шақырып пайдаланады, мысалы, Name қасиетінің мәні Form1 –ден MainForm- ға өзгертілсе онда оны программада пайдаланғанда
Form1 Caption:= “Форма терезесі”; деп жазудың орнына MainForm Caption:= “Форма терезесі”; түрінде жазады. Бұл Name қасиеті C++ Builder ортасындағы қолданылатын барлық программалық компоненттерге тән қасиет.
Программада Form компонентінің жаңа экземпляр-данасын құру үшін constructor Create (AOwner: TComponent); конструкторы қолданылады, егер жаңа дананы құру команда түрінде талап етілетін болса оны программа мәтінінде келесі түрде жазады:
ApplicationCreateForm(TForm1, Form1);
бұл программаның негізгі терезесін құру болып табылады, ал қалған терезелерін құруды, мысалы
Form2=TForm2.Create(Application); түрінде беруге болады.
Close функциясы форма терезесін жабуды қамтамасыз етеді, программадағы жазылуы:
Form1 Close();
Hide функциясының қызметі - форманы экранда көрсетпей жасырып тұрады, жазылуы:
Form1 Hide();
Show функциясы орындалғанда көрінбей тұрған форма, алдыға шығып экранда көрсетіліп тұрады, жазылуы:
Form1 Show();
Форма компонентінің TNotifyEvent класына жататын OnCreate оқиғасы форма құрылған кезде бір-ақ рет орындалады, сондықтан бұл функцияға форманың құрылуымен бірге орындалатын (мысалы пароль енгізу сияқты) операциялар жазылады. OnCreate оқиғасына сәйкес функция Object Inspector терезесінің Events жапсырмасындағы OnCreate жолының терезесіне екі рет шерту арқылы шақырылады:
void __fastcall TForm2::FormCreate(TObject *Sender)
{
}
Модальды пішім. Жолдарды енгізу және шығааруға арналған терезелі пішімдерден басқа сұхбаттық терезелерді қолдануға болады. Шығаруға арналған бірінші терезе ShowMessage() функциясы арқылы шақырылады:
void __fastcall TForm1::FormClick(TObject *Sender)
{
ShowMessage("Вывод в окно ShowMessage");
}
Бұл терезе модальды түрде ашылады.
Шығару сияқты енгізуге де арналған екінші терезе InputBox()функциясы арқылы шақырылады:
void __fastcall TForm1::FormKeyDown(TObject *Sender,
WORD &Key, TShiftState Shift)
{
String Name=InputBox("InputBox","What is your name","");
}
Бұл функцияларды орындау мысалы 3-суретте көрсетілген:
3-сурет. Сұхбаттық терезелер мысалы
Енгізу-шығару терезесін InputQuery("str1","str2", inputstr) және MessageDlg (str, mtInformation, TMsgDlgButtons()
Мысалы:
void __fastcall TForm1::FormMouseDown(TObject *Sender, TMouseButton Button,
TShiftState Shift, int X, int Y)
{ String Name;
InputQuery("InputQuery","Prompt",Name);
MessageDlg("MessageDlg:"+Name, mtInformation, TMsgDlgButtons()
4-сурет. Сұхбаттық терезелерді шығару мысалы
Тәжірибелік жұмыс
1-тапсырма. Формаға студент туралы анықтама және оның бейне суретін, тобымен түскен суретін шығаратын бағдарлама. Бағдарламаға қажетті компоненттер: Label1, Label2, Label3, Label4, Label5, Image1, Image2, Button1, Button2.
Image компонентіне сурет орналастыру үшін, Object Inspector терезесіндегі Picture қасиетінің Events бағанындағы None өрісіндегі ... (үш нүкте) үстінен тышқан батырмасын басамыз. Нәтижеде Picture Editor диалогтық терезесі пайда болады. Осы терезедегі Load батырмасын бассақ, Load Picture диалогтық терезесі шығады. Осы терезеден Image компонентіне орналастыратын суретті таңдап алып, Открыть батырмасын басамыз.
2
-тапсырма. Аптадағы сабақ кестесін бейнелейтін бағдарлама. Бағдарламаға қажетті компоненттер: Form1 бетіне - Label1, Button1, Button2, Button3, Button4, Button5, Button6; Дүйсенбіден сенбіге дейінгі 6 күннің сабақ кестесін шығару үшін Form2-Form7 беттері пайдаланылады. Form2-ден Form7-ге дейінгі форма беттеріне Memo компонентін орналастыру керек.
Объектілер инспекторы терезесінде Lines қасиетін тышқанмен белгілеп, ондағы TStrings мәнін екпінді жасайды
, бұдан жолдың оң жақ шетінде үш нүкте (...) пайда болады. Үш нүктенің (...) үстінен тышқан батырмасын бассақ, String List Editor сұхбат терезесін экранға шығарады. Осы терезеде сабақ кестесін пернетақтадан енгізіп, OK батырмасын басамыз. Осылайша Form2-Form7 беттері дайындалады.
Жарыс-сабақ
Топтық жұмыс.Топқа бөліну ,топтың атын қою.
Тапсырма-1. Қай топ сұрақтарға жылдам жауап береді?
Әр дұрыс жауапқа 5 баллмен бағаланады.
Сұрақтар:
Компьютерлік бағдарлама дегеніміз не?
Программалау тілі дегеніміз не?
С тілінің тарихы
Программалау тілінің функционалдық топтары нешеге бөлінеді және оларды ата.
Жоғары деңгейлі тілдерді атаңыз
Basic тілінің негізін қалаған кім?
Жоғары деңгейлі тілдер нешеге бөлінеді атаңыз
Turbo Pascal тілінің тарихы
Объектілі бағытты бағдарламалау дегеніміз не?
Абстрактілеу дегеніміз?
Типтеу деп нені айтамыз?
С++ тілінің тарихы
С тілінің көмегімен жасалған алғашқы программа
С++ тілі пайда болған фирма
С тілінде пайдаланатын символдар неше топқа бөлінеді?
Типтер нешеге бөлінеді?
С тілінде берілгендердің неше арифметикалықтипі бар?
С тілінде айнымалыларды жазу реті
Көрсеткіш дегеніміз?
Массив дегеніміз?
Массивтің неше түрі бар
Цикл операторлары
Шартты оператор
Есептеу жүйелеріндегі интерфейстер
Тапсырма-2
Карточкалардағы бос орындарды толтырыңыз:
Пикто- грамма | Компонент Аты | Компоненттің атқаратын қызметі |
| MainMenu |
| PopupMenu | |
| Label |
| | |
| Memo |
| | Командалық батырма. Бағдарламада осы компоненттің onclick оқиғасы өңдеушісінің көмегімен команданы жүзеге асыру үшін қолданады. |
| CheckBox |
| | Тәуелді ауыстырып қосқыш. Ол бірнеше нұсқадан біреуін ғана таңдау үшін қолданылады. Сол мақсатта компонент кем дегенде бір немесе бірнеше сондай компоненттермен бір топқа бірігеді. Компонентті шерткенде ол ерекшеленеді және бұрын таңдалған ерекшелеу алынып тасталады. Мұның да Checked қасиеті бар. |
| ListBox | |
| | Таңдаудың аралас тізімі. Edit пен ListBox компоненттерін бірге пайдалануды қарастырады. |
| ScrollBar |
| GroupBox | |
| | Тәуелді ауыстырып қосқыштар тобы. Оның өзара байланысқан бірнеше тәуелді ауыстырып қосқыштарды іске қосуға арналған қасиеттері бар. |
| Panel | |
| | Әрекеттер тізімі. Пайдаланушының бір типтес: меню, батырмалар және т.с.сияқты басқарушы элементтер тобының біреуін таңдауымен байланысты әрекетіне бағдарламаның бір орталықтан жауап беру қызметін атқарады. |