Биология
6 сынып
Ашықтұқымды өсімдіктер сипаттамасы.
Орындаған:6 «Ә» сынып оқушысы Серикбаева Набира
Спора мен тұқымның айырмашылығы:
- Спора- біржасушалы түзіліс,ал тұқым көп жасушадан тұрады. Тұқымда ұрық және қоректік заттар қоры көп болады.Тұқым түзіліп,өсімдіктердің түрлері жер бетіне тұқым арқылы таралады. Сондықтан ашықтұқымды өсімдіктерді тұқымды өсімдіктер тобына жатқызамыз.
Тұқымды өсімдіктер үлкен екі бөлімнен тұрады:ашық және (тұқымнан көбейеді,бірақ жеміс түзбейді)жабықтұқымды-
лар(тұқымы жемісінің ішінде жетіледі)
Ашықтұқымдылар
- Ашықтұқымдылар-өсімдіктердің ең ежелгі тобы.Бұлардың тұқымдары тұқымқабыршақтың қойнауында қорғанышсыз,бүрде ашық болып жетілгендіктен,ашықтұқымды өсімдіктер деп аталады.Жер бетінде олардың 650 түрі өседі.
Ашық тұқымды өсімдіктер
Қылқан жапырақты ағаштардың Қазақстандағы ең көп түрі - Алтайда.
Мұнда шырша, май қарағай, қарағай, балқарағай, сібір самырсыны өседі.
Денсаулық ағашы
Қазақстандағы адам денсаулығына ең пайдалы
өсімдіктің бірі - ағаш тектес
немесе бұтақ тұрпатты арша.
Арша – ағаш-фармацевт.
Осы өсімдік бөлетін фитоноцидтер адам
денсаулығына ем
болатын таза ауа тудырады.
Мәселен, ғалымдардың мәліметіне сүйенсек,
арша жылына орта есеппен
1 тоннадан аса шаңды жұтып,
айналасына 1,5 мың литр оттегі бөліп
шығарады екен
Арша орманының 1 гектары жылына 1
8 миллион м3 ауаны
көміртегі газынан тазартып,
50-65 тоннаға дейін шаң-тозаңды
зиянды газдардан арылтып, сүзіп отыратын көрінеді.
Қазақ халқы аршаны "денсаулық ағашы" деп атайды.
Аршалар кейде 4 мың жылға дейін өсе береді.
Ал, 500-600 жыл арша үшін қарапайым
жастың бірі саналады.
Тянь-шаньдық шырша
Іле Алатауындағы жалғыз қылқан жапырақты
ағаш – Тянь-шаньдық шырша.
Тянь-шань шыршасының ең үлкенінің
жасы – 600 жыл шамасында,
ол Түрген өзені бойында (Іле Алатауы) бір
ағаштан анықталған.
Тянь-шаньдық шыршаның ең жуаны
1913 жылы Алматы маңындағы
Кіші Алматы алқабындағы Горельник
шатқалынан табылған.
Түбінің диаметрі – 3 м шамасында,
шеңберінің ұзындығы – 9,45 м.
Сүрек- ағаш діңінің (сабағының) су өткізгіш бөлігі
Дің - ағаш сабағы
Қылқанды - жапырақтары ине тәрізді жіңішке, кей түрінде ұшы үшкір
Микориза - “ микос”-саңырауқұлақ және “риза” – тамыр.
Эндосперм- қоректендіруші ұлпа.
“ Бүржидек”- бүр жұмсақ, шар тәрізді, жидекке ұқсас
Эрозия - латынша “ерозио”-жегідей жеу, бүлдіру
Фитоницид- бактерияларды жоятын ерекше ұшқыш зат.
Бір үйлі- аталығы мен аналығы бір өсімдікте орналасқан.
Екі үйлі- аналығы бір өсімдікте, аталығы екінші өсімдікте орналасқан
Қосымша деректер...
Ұлы Отан соғысы кезіндегі Ленинград блокадасында балаларды қарағай жас бұтақтарының қайнатпасымен тамақтандырған. Себебі, қарағай бұтақтарында С витамині өте көп.
Назарларыңызға рахмет!