Ата-ана жиналысының тақырыбы | Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі |
Мақсаты | Бала тәрбиесі туралы ғылыми ұғымдарды түсіну және оларды қабылдау. Бала тәрбиесінде алған теориялық білімді күнделікті өмірде іске асыру.Ата-ананың балаға деген сүйіспеншілігін арттыру |
Нәтижесі | Бала тәрбиесіні туралы бағыт бағдар алады. Ғылыми ұғымдарды түсінеді, сапараптау жасап, түйіндей алады.Бала мен ата-ананың арасында оңтайлы қарым-қатынас орнайды. |
Дерек көздер | МАН, презентация. |
Ресурстар | А3 қағазы, бейнероликтер, музыка, кескін карталар, қызыл жіп,түрлі түсті қағаздар, «Көңіл ағашы» суреті, кластер құрамдастрары,қағаздардың презентация, теориялық материал,сұрақтар жазылған парақшалар, пазлдар. |
Коучинг барысы |
Кезеңдері, уақыты | Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Ата-ананың іс-әрекеті | Ресурс тар |
1.Ұйымдастыру кезеңі (1 мин) | Сәлемдесу, «Қарлы кесек» ойыны | Ата-аналармен сәлемдеседі. | Сәлемдеседі, ойынға қатысып, шарттарын орындайды | |
2.Психологиялық ахуал (2 мин) | Психологиялық ахуал туғызу, «Өрмекші торы» әдісі | Тапсырманың шартын түсіндіреді, мақсаты: баласын таныстыру, бойындағы ерекшелікті айқындату | Әр ата-ана өзінің баласының атын атап, оның бір ерекше қасиетін айтады | Көтеріңкі музыка, қызыл жіп |
3. Топқа бөлу (3 мин) | Топтарға бөліну. | Ата-аналарға мақал, нақыл сөз жазылған кескін қағаздарды ұсынады. | Қағаздардағы жазылған сөздерден сөйлем құрайды,топқа бөлінеді. | кескін қағаздар |
4. Миға шабуыл (5 мин) | «Сұрақ менен, жауап сізден» | мұғалім сұрақ қояды | жауап беру арқылы жиналыстың тақырыбы ашылады | слайд № 1,2 |
5. Алғашқы білім деңгейі (5 мин) | Кластер құрастыру | А3,кескін ресурстар береді | Тақырыпқа байланысты кластер құрастырады. | Слайд №3, А3 қағазы, кескін материал. |
6.Сергіту сәті (2мин) | «Қонжықтар биі» | «Қонжықтар биі» жасалу жолын көрсетеді. | Бейнероликтегі персонаждардың қимылын орындайды. | бейнеролик |
7. Теориялық бөлім Түсіну (8мин) Қолдану
| а) Топтарға Маслоудың қажеттіліктер иерархиясын өз бетінше құрастыру ә)теориялық материалды меңгеру б) бейнеролик көрсету в)кейіпкердің қай сатыдағы қажеттілікке мұқтаж болғанын табу | Адам өміріндегі қандай қажеттіліктер бар, олардың маңыздылығы туралы сұрақтар қояды. Мұғалім теориялық материалды әр ата-анаға береді Қадағалайды, бақылайды, көмек қажет ететін топқа бағыт беріп отырады. кейіпкердің қажеттілік сатысын табуды ұсынады. | Ақылдаса отырып, жауап береді, пирамиданың сұлбасын жасайды. Топ мүшелері оқып, түйіндейді, түсінік береді. Әр топ пирамиданы құрайды, қорғайды. Әр топ көрсетілген бейнероликті талдайды,кейіпкердің қажеттілік сатысын табады | А3, кескін материал, слайд №5 Бейнеролик, слайд №6 слайд №7 |
8. Талдау (5 мин) Синтездеу | Маслоудың қажеттіліктер иерархиясының ата-анаға қажеттілігін ашу | Берілген материал бойынша сұрақтар қояды.. | Талдау жасау арқылы, баланың қажеттіліктерін тауып, оған қандай жағдай жасауды айтады. | слайд №8 |
9.Бағалау (2 мин) | «Білім ағашы» | «Білім ағашы» әдісін түсіндіреді | «Білім ағашы» арқылы жиналыстың өту деңгейін белгілейді, | «Білім ағашы» , стикерлер |
10.Кері байланыс, рефлексия | Рефлексивті сұрақтар арқылы өзі-өзі бағалау | Рефлексивті сұрақтар парақшасын таратады. Е.Хасанғалиевтің «Айым болып тұдыңба» әнін қосады | Әсем әнді тыңдай отырып,рефлексивті сұрақтар арқылы әр ата-ана өзін бағалайды.. | слайд №9, сұрақтар парақтары, ән, слайд№10 |
№1
Өткен ғасырдың 70–80-жылдарында оқу туралы көптеген теориялық зерттеулер гуманистік психологияға негізделген болатын, әрі адамның өсу әлеуетін «мен» тұжырымдамасына баса назар аудара отырып қарастырған. Түсінуді дамытуда жеке еркіндік, таңдау, ынта және сезімдердің мәні де зор екендігі туралы пікір осыған түрткі болған факторлардың бірі болып танылды. Ынтаның иерархиялық моделін әзірлеген танымал ғалым Авраам Маслоу болды (1968). Төменгі деңгейге ол психологиялық қажеттіліктерді орналастырса, жоғары деңгейге –өзін-өзі көрсете, таныта білуді қойды.
Маслоу төменгі деңгейдегі қажеттіліктер қанағаттандырылған жағдайда ғана келесі деңгейге көшуге болады деп сендірген, себебі төмендегі деңгейде ынта жоғарғы деңгейден анағұрлым күшті болады. Оның кейбір оппоненттері бұл иерархиямен келіспейді, олар адамдар кейбір баспалдақтарды орындамай-ақ, өз ойын іске асыра алады дегенді алға тартады.
Соған қарамастан Маслоу деңгейлерді төмендегідей етіп орналастырып, пайдалы талдау құралын жасап шығарды:
1-деңгей: Аштық, шөлдеу, жыныстық құмарлық, ұйқы, демалу және физикалық тәуелсіздік сияқты физиологиялық қажеттіліктер келесі деңгейге ауыспай тұрып қанағаттандырылуы керек.
2-деңгей: Болашағы бол жанған және бірізділікке негізделген әлем қажеттілігіне орай қауіпсіздікке деген талап туындайды. Егер де олар қанағаттандырылмаса, адамдар өзінің әлемін қорғап, қауіпсіздіктің жоғары дәрежесін қамсыздандыру үшін бар күштерін жұмсайды. Егер қанағаттандырылса, адамдар үшінші деңгейге ауыса алады.
3-деңгей: Махаббатқа деген қажеттілік және біреуге қажет екеніңді сезіну адамдарды жылулық және жолдастық қарым-қатынастарға жетелейді.
4-деңгей: Құрмет көрсетілуін қажетсіну жігер-күшке, жетістіктер мен шеберлік, құзыреттілікке ие болу ниетіне жол ашады. Бұған сенім, тәуелсіздік, абырой және мәртебені де жатқызуға болады.
5-деңгей: Өзін-өзі таныта білу – дарын, қабілет және әлеуеттік шамасын толық көрсете білу.
Маслоу оқуды өзін-өзі көрсетудің бір жолы ретінде қарастыруға болады және бұл басты мақсат та бола алады деген.
№2
Рефлексия
1.Сіздің ойыңызша, Сіз неден қатты әсер алдыңыз?
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
2.Тапсырмаларды орындауда сізге не көмек болды, керісінше, қандай кедергілер болды?
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
3.Сіз шешім қабылдағанда неге сүйендіңіз?
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
4.Өз шешіміңізді қабылдағанда немесе тапсырманы орындағанда Сіз топ мүшелерінің ойын ескердіңіз бе?
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
5.Өзіңіздің және топтың іс-әрекетін қалай бағалайсыз?
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
6. Егерде отбас жағдайаттар ыңызда баламен қарым қатынаста келеңсіз іс-шара қайталанса, өзіңіздің іс-әрекетіңізде нені өзгертер едіңіз?
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------