Просмотр содержимого документа
«Коучинг"оқушылардың функионалдық сауаттылығын қалыптастыру-заман талабы.»
Коучинг өткізу жоспары
Дайындаған:
ӘБ жетекшісі
Тұрсынбекова А.О.
Үшінші (базалық) деңгейдегі мұғалім
Салықова Әсел Дарияқызы
Тақырыбы: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру –заман талабы.
МАҚСАТЫ: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мұғалімдерінің іс-тәжірбиелерімен бөлісу, оқушылардың ХХІ ғасыр талаптарына сәйкес келуі үшін алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана алу аясын кеңейтіп, соған ықпал ету және оларды қабылдауға мүмкіндік жасау. Заман талабына сәйкес жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру. Топпен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
МІНДЕТТЕРІ:
Осы мәселе боынша мұғалімдердің білім деңгейін анықтау. Мектеп оқушыларының функциональдық сауаттылығын қалыптастырудың әр түрлі әдіс- тәсілдерді қарастыру.
Мектеп оқушыларының функциональдық сауаттылығын қалыптастырудың әр түрлі әдіс- тәсілдерін сабақ жоспарына қолданып, нәтижеге жетуге бағыт-бағдар көрсету.
Күтілетін нәтиже:
Мұғалім – оқушы әлеуметтік өзара әрекеттестігі оқумен қалай байланысты екендігін және осындай қарым –қатынастың мүмкіндіктерін қалай кеңейтуге болатынын түсіну. Мұғалім-оқу үдерісін басқарушы, оқушы-белсенді ізденушіге айналатындай жағдай жасау.
Бағалау критериі:
«Бес саусақ» Рефлексиясы
Мұғалім іс-әрекетінің өнімі: оқушының функциональдық сауаттылығын қалыптастырудың әр түрлі әдіс- тәсілдері бойынша негізгі ұғымдарын сабақ жоспарында қолдана алуды көрсететін сабақ жоспарының үлгісі, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану.
Өткізудің әдіс-тәсілі:
Мәселені шешу мен нәтижеге жетуде әр мұғалімнің белсенді қатысуы негізінде ынтымақтастық орта құру.
Өткізу барысы:
№ | Барысы | Іс-әрекет | Мақсат Әдіс-тәсіл | Уақыты | Талдау |
1 | Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық тренинг (Тыныштық сәті). «Өзіңді-өзің тану» | Жайғасып отырып, мәтінге сай қиялын ұштап, жан дүниесіне үңілу | Әңгімелесу Бір-біріне жақсы көңіл-күй сыйлау арқылы, бүгінгі коучингтің дұрыс өтуіне әсер ету. | 3 | |
2 | Қызығушылығын ояту: | Функционалдық сауаттылық дегенімізді қалай түсінесіз? Нені оқыту керек? Қалай оқыту керек? | Сұрақ-жауап «Миға шабуыл» ББҮ ағаш толтыру (сары түсі, түсінігім бар-жасыл, білгім келеді-қызыл) | 2 | |
3 | Мағынаны ашу | Функционалдық сауаттылықты дамытуда кездесетін кедергілер және оны жою жолдары. Мәтінмен жұмыс Постерге салып, қорғау Осы пікірімен қосыласыз ба? ФС қалыптастыру оқушы өміріндегі маңызы қандай? | | | |
| Оқу ақпараты | Қазақ тілі жүйесінен білім алу, қазақша тіл мәдениетін қалыптастыру, қазақша тіл және сөйлеу сауаттылығын қалыптастыру және дамыту арқылы қазақша тілдік тұлға қалыптастыру – қазақ тілін оқыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың басты мақсаты болып танылады . | | | |
| Ой толғау Жағдаятты талдау | Аңыз «Аңдарға арналған мектеп» Джордж Риверс Бір сәтте жануарлар бірігіп ақылдасуға бас қосады. Олар жаңа заманның мәселесін шешу үшін , бір ерлік іс жасау керек деп ұйғарады. Осыған байланысты «жаңа ғасыр мектебін» ашуды ұйғарады. Келісім бойынша мектептің бағдарламасына жүгіру,үшу,суға жүзу, өрмелеу,сияқты сабақтар енгізеді.Бағдарламаның орындалуы оңай болу үшін, бұл бағдарлама барлық жануарларға бірдей міндеттеледі. Үйрек жүзу сабағынан өте жақсы нәтиже көрсетеді. Ол тіпті өз ұстазынан да жақсы көрсеткіш көрсетеді.бірақ ұшудан қанағаттанарлық баға алса, жүгіруден тіпті нашар баға алды.Жаман жүгіруіне байланысты ,ол сабақтан кейін жүгіріспен айналысты. Сол себептен үйректің аяқтары бар күшінен айырылып, жүзуі де нашарлайды. Бұл көрсеткіштер мектепті қанағаттанғандырғанымен, үйректі әбден мазалады. Қоян жүгірістен ешкімге дес бермегенмен, жүзуге келгенде жүйкесі сыр берді. Тиын өрмелеуден үздік болғанымен ,ұшуға келген де келеңсіздіктер туындады.Мұғалім оған ағаштан төмен емес, жерден аспанға самғауды талап етті.Қалжыраған тиын өрмелеуден үштік, ал ұшудан екі деген баға алды. Бүркіт тіпті қиын оқушы болды. Оны әрқашан қатаң жазалады.Өриелеу сабақтарында бірінші болып ағаш басына жеткенімен, оны өз бетінше істеді. Жыл аяғында тұрпайы бұғы жүзуден,жүгіруден,ағашқа өрмелеуден, тіпті аздап ұшудан да жақсы баға алды. Бағалары жоғары көрсеткіш көрсеткен соң соңғы қоңырауда ол өзінің сыныптастарының атынан сөз сөйледі. Шалғайдағы иттер мектепке келмей қойды,себебі ін қазу дегенді бағдарға кіргізбе өз өкпе наздарын мектеп әкімшілігіне айтып ренжіді.олар өз балаларын аңшылыққа үйретіп, кейіннен суыр мен саршұнақтарды өздеріне шақырып алып алдыңғы қатарлы табысты жеке меншік мектебін ашты. видеоматериал | Осы аңызды қандай өсиет айтады \мораль\ неде? \Жеке қабiлеттiлiктерді есепке алу\ | | |
| Дәйексөз | Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз... | | | |
| Қорытынды | ББҮағашын толтыру | | | |
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру – қазақ тілі сабақтарында оқушылардың өмірлік дағдыларын дамытудың басты шарты. Сондықтан оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілін меңгертуде білім мазмұны аяларға бөлініп, қатысымдық, дара тұлғаға бағдарлай оқыту және сұқбаттық әдістер негізінде ұйымдастырылатын жағдаяттық, рөлдік ойын, шығармашылық тапсырмалар біртұтас әдістемелік жүйе түрінде жүзеге асырылуы тиіс. Пән мұғалімі оқушының назарын аудару үшін сабақ кезінде әртүрлі тақырыптық, пәнаралық, сыныпаралық байланыс орнатып, қызықты әңгімелерді сахналық көрініс ретінде өтуді ұйымдастыра білуі қажет. Сонымен қатар, түрлі көрнекілік құралдарын қолдану, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, ажырату, тақтаға жазу, айтқан ойды мысалдармен дәлелдеу, сөздікпен жұмыс, проблемалық мәселелерге жауап беру, нақтылы және жалпылама тапсырмалар беріп, шағын шығармашылық жұмыстарды орындату, оқушының бірін-бірі сынауы, өзіндік пікір білдіруі, баяндама жасауы, ғылыми зерттеу жазып қорғауы т.б. алуан түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануы керек. Осындай әдіс-тәсілдерді түрлендіріп, жүйелі түрде пайдаланып мұғалімнің шәкірттері өз бетімен жұмыс істеуге тез үйренеді. Орта буын оқушыларының арнайы ереже дәптерлері, альбомдар, сөздіктері, канспектілері, хронологиялық кестелері болуға тиіс. Сонымен бірге, шығармашылық дәптері бөлек болғаны дұрыс. Оған оқушы өздеріне ұнаған мақал-мәтелдерді, афоризмдерді, шешендік сөздерді де жазып алып жүруге баулу керек. Осы ретте, шығармашылыққа жақын кейбір оқушылар сол дәптерге қыса әңгіме, мақала, күнделік, пікір жазып үйренуіне мүмкіндік туады.Озық ойлы адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне өз үлесін қосады. Осындай қоғамдық, әлеуметтік, мәдени өзгерістер дамулар мектептің оқыту процесіне әсер етеді. Соңғы жылдары жеке тұлғаны қалыптастыруды дамыту мен оған жан-жақты терең білім беру мақсатында көптеген технологиялар ұсынылуда. Жаңа технологияның басты мақсатының бірі – баланы оқыта отырып оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінде шешім қабылдауға дағдыландыру. Оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда – бүгінгі заман талабы. Осы ретте, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін дұрыс жүргізе білудің маңызы зор. Педагогтың шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастырып сабақ өтуі, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Жоғары деңгейде сабақ беретін оқытушының алдынан шыққан оқушы – өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз үшін абыройдың үлкені, әрбір мұғалім осыған ұмтылса ұрпақ алдындағы қарыздың өтелгені.