ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
КММ М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП
Шеберлік сыныбы
Коучинг сессия
Әдебиеттік оқу сабағында мәтінді
жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып меңгерту
Өткізген: Г.И.Кусайнова
М. Әуезов атындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Зайсан қаласы
2015
Коучинг сессиясының жоспары
Аудитория | Мұғалімдер | Мерзімі: 8. 10. 15 |
Тақырыбы: | Әдебиеттік оқу сабағында мәтінді жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып меңгерту |
Жалпы мақсат: | Топта бірлесе жұмыс істей отырып, жаңа әдіс- тәсілдерді қолдану жолдарын меңгереді; Алған білімдерін сабақтарында қолдана алуға жетіседі; |
Күтілетін нәтиже: | Жаңа әдіс- тәсілдерді сабақтарында қолдана отырып, оқушы белсенділігін арттыруға жетіседі. |
Қажетті құралдар: | Қима қағаздар, маркер, стикер, парақтар, бояулар, АКТ |
Дерек көздер: | Оқулық 4- сынып Мұғалімге арналған нұсқаулық |
Оқуға ұсынылады: | «Интербелсенді әдістемені қолдану» авт. А. Әлімов «Интербелсенді әдістеме бастауыш сынып мұғалімдеріне» авт. А. Әлімов, Б. Қосанов, Р. Базарбекова |
Қолданылатын әдістер: | Топтастыру Болжау сратегиясы «Кезбе тілші» | Әңгіме кестесін құру «Сыр сұхбат» «Көршіңе әңгімелеп бер» |
Сабақ кезеңдері | Коучтің әрекеті | Мұғалімнің әрекеті | Уақыты | Бағалау |
І. Ұйымдастыру кезеңі | Мұғалімдерді ағаш атаулары арқылы топқа бөледі. Сабаққа қызығушылығын оятады. | Қайың, Қараағаш, Тобылғы, Сексеуіл атаулары арқылы 4 топқа бөлініп отырады, топ ережесін қайталайды, топ басшысын сайлайды. Әр топ өз ағаш атауларына ой топтастырады. | 2-минут | |
ІІ. Білу | Болжау стратегиясын түсіндіреді. | Орманда қандай оқиға болуы мүмкін екендігіне болжау жасайды. Топтарда пікірлеседі, жауаптарын жариялайды. | 5 минут | Бір-бірін бағалайды. |
ІІІ. Түсіну | Мәтінді бөліктерге бөліп оқуды тапсырады | Мәтінді іштей оқып шығады. Соңынан бір-бірімен пікірлеседі. | 10 минут | Өзін-өзі бағалау |
ІҮ. Қолдану | Топтарға мәтіннен алған білімдерін қолдану мақсатында тапсырмалар ұсынады. | Ітоп: Кезбе тілші (мәтін бойынша сұрақтар әзірлеп қояды). ІІтоп: Т кестесін толтыру (сөздік жұмысы) ІІІтоп: Әңгіме кестесін құрады ІV. «Сыр сұхбат» кесте толтырады. | 20 минут | Бірін-бірі бағалайды |
Ү. Талдау. | «Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі арқылы білімдерін бекітеді. | Мәтін мазмұнын көршісіне әңгімелеп береді. | 3 минут | Өзін-өзі бағалайды |
ҮІ. Бағалау | «Баспалдақ» әдісін ұсынады | Топтар өзін-өзі бағалайды. «өте жақсы»- баспалдақтың жоғары жағына гүл салады. «жақсы» - ортасына жартылай боялған бұлт салады. «орташа» - төмен жағына бұлт сап бояйды. | 3 минут | |
Коучингті мұғалімнің өзіндік талдауы
Қатысқан мұғалім саны – 12.
Тақырыбы: Әдебиеттік оқу сабағында мәтінді жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып меңгерту
Мақсаты: Топта бірлесе жұмыс істей отырып, жаңа әдіс- тәсілдерді қолдану жолдарын меңгереді;
Алған білімдерін сабақтарында қолдана алуға жетіседі;
Күтілетін нәтиже: Жаңа әдіс- тәсілдерді сабақтарында қолдана отырып, оқушы белсенділігін арттыруға жетіседі.
Қолданылған әдіс- тәсілдер: Топтастыру, болжау сратегиясы, кезбе тілші, әңгіме кестесін құру,
сыр сұхбат, көршіңе әңгімелеп бер, баспалдақ.


Коучинг жоспары Блум таксономиясы бойынша құрылды. Талдауға 4- сынып әдебиетіндегі «Ормандағы оқиға» тақырыбы алынды. Ұйымдастыру кезеңінде мұғалімдер тақырып мазмұнына сай «Қайың», Қарағаш», «Тобылғы», «Сексеуіл атаулары арқылы төрт топқа бөлініп отырды.
Сабақ барысында жаңа әдіс- тәсілдерді қолдана отырып, түсіндірілу қатар жүріп отырды. Ойды сергіту мақсатында әр ағашқа топтастыру әдісін қолданып, білімдерін парақшаларға жазып ілді.

Білу кезеңінде болжау стратегиясы арқылы осы ағаштармен қандай оқиға болуы мүмкін екендігі болжанды. Әсіресе «Қараағаш» тобы құнды пікірлерін білдіріп, болжауларын тақырып мазмұнына сай айтты.
Түсіну кезеңінде ұстаздарға мәтінді бөліктерге бөліп оқу тапсырылды. Соңынан тақырып мазмұны жайлы топтарында ойларын ортаға салып пікірлесті.
Қолдану кезеңі. Алған білімдерін қолданып үйрету мақсатында топтарға түрлі тапсырмалар ұсынылды:
Ітоп: Кезбе тілші әдісін қолданып, қарсы топтарға мәтін бойынша сұрақтар әзірлеп
қою.
ІІтоп: Түсініксіз сөздермен жұмыс ретінде Т кестесін толтыру.
ІІІтоп: Әңгіме кестесін құру.
Әңгіме аты | авторы | Кейіпкерлері | Немен аяқталды | Не үйретті |
| | | | |
ІV. «Сыр сұхбат» кесте толтырады.
Жазушымен сырласу | Досыммен тілдесу | Өз пікірім |
Автордың айтайын деген ойы | Топта ақылдасу | дәлелдеу |

Тапсырмаларды орындау барысында ұстаздар жоғары қызығушылық танытты. . Бір-бірінің қатесін жөндеп, бір-бірін толықтырып отырды. Сұрақтар әзірлеп қоюда «Қайың» тобынан Еркежан, Гүлжаз , ал «Т» кестесін құрауда «Тобылғы» тобынан Сауле, Айман ерекше белсенділік көрсетті.

Білімдерін талдау үшін «Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі қолданылды. Олар өз топтарынан көрші таңдап, мәтіннің мазмұнын меңгергендерін әңгімелеу барысында көрсетті.
Білімдерін бағалауда «Баспалдақ» ойыны ұсынылды. Топтар сабақ барысында алған білімдері қай деңгейде екенін көрсету үшін баспалдақ сатысын таңдады.
Сабақ соңында бір- біріне, коучке рахмет айтып, үйренгендерін сабақтарында қызыға қолданатындарын жеткізді.
