«Қозғалмалы ойындар»: Қозғалмалы ойындар қозғалыс орны айқын сезілетін ойындық іс-әрекеттердің көрінуіне қатысты. Қозғалмалы ойындар үшін өзіндік сюжетпен мотивацияланған (түрткі болған) белсенді шығармашылық қозғалыс әрекеттері сипатты. Бұл әрекеттер қойылған мақсатқа қол жеткізу жолында әртүрлі қиындықтарды жоюға бағытталған ережелермен (жалпы қолданылған, жетекші немесе ойнаушылар орнытқан) бөлшекті шектелуі мүмкін. Оқушылардың өздеріне таныс қозғалмалы ойын түрлерін сұрау. 2.«Біреуі артық» ойыны Оқушылар бір бірінің артына тұрып шеңбер жасап тұрады. Екі оқушы бір бірін қуып жүріп екі оқушының артына тұрады, алдында тұрған оқушы қашады, осылай кезектесіп алмасып тұрады. 3. «Ортаға түспек» ойыны. Балалар екі топқа бөлініп, бір топ ортада, екінші топ екіге бөлініп, бірінші топтын балаларын ортаға алып доппен ұрып шығару керек. 4. «Қораздар шайқасы» ойыны: Бұл ойын үшін алдын - ала мүмкіндігінше үлкен етіп, дөңгелек сызу керек. Қарсыластар бір аяқтап жүріп, дөңгелек ішінен бір - бірін итеріп шығаруы керек. Екінші аяғы жерге тисе, ол ойыншы ұтылған болады. 5. Қояндар мен қасқыр: Бір бала қасқыр болады қалған балалар қояндар болады. Қояндар өз үйлерінде тығылып жатады, ал қасқыр өзінің апанында жатады. |