СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Қожа Ахмет Ясауидің хикметтерінің тәрбиелік мәні» ғылыми мақала

Категория: История

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
««Қожа Ахмет Ясауидің хикметтерінің тәрбиелік мәні» ғылыми мақала»


78 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ







ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ МАҚАЛАСЫНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:

«Қожа Ахмет Ясауидің хикметтерінің тәрбиелік мәні»






Орындаған:Қайрат Еркеназ Медетқызы,

7 «А» сынып оқушысы

Жетекшісі: Наурызова Г.И.,

тарих пәнінің мұғалімі






Ақтөбе, 2023




КІРІСПЕ

Зеріттеу кезеңдері;

1-кезеңде тақырып бойынша мәліметтер жиналды

2-кезеңде жиналған мәліметтер кезеңдерге бөлінді

3-кезеңде Қожа Ахмет Ясауидің хикметтерінің тәрбиелік мәні көрсетілді.


Ғылыми жұмысымның мақсаты;

Қожа Ахмет Ясауидің хикметтерін оқи отыра тәрбиелік мәнін көрсету.




Ортаазиялық философ,ислам уағызшысы, сопылық ақын,пәлсапашы,халықты ислам дініне жетелеген Ахмет Ясауидің ұлтына деген тигізген пайдасын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Дүниетанымдық ұстанымы шариғаттан құралған Ахмет Ясауи өз сөздерінде «Адам өз-өзін тану үшін хақты тану керек,оның басшысы тәубе!Алла мен адам арасында,адам мен қоғам арасында көпір болуы керек.Алла жаратқан адам баласын кемсітпей, өзімен тең дәрежеде құрметтеуді парыз деп қарайды»-деген болатын.Өзінің өмірлік парызы ретінде халықты ислам дініне шақырып,уағызын хикметпен жеткізе білген Ахмет Ясауи әкесі шейх Ибраһимнің өмірлік жолын жалғап алып кетті.

Әкесін ізінен ере өткен,тарихқа өшпестей із қалдырған Қожа Ахмет Ясауидің өміріне бір сәт көз жүгіртейік.Қожа Ахмет әуелі әкесі Ибраһим ген білім алса кейін Арыстан бабтың шәкірті болды.Арыстан бабтан білім алды. Юсуф Хамаданиден діни білім алып,еліне оралған Қожа Ахмет Түркістанға келіп, сол кезде Орталық Азияда кең тараған сопылық, діни-тақуалық идеялардың ірі насихатшысына айналады.Діни білімді алып оны өзгеге үйрете білген ақын Ахмет Ясауи «Диуани Хикмет»жазған болатын.Бұл шығарма алғаш рет 1878 ж. Жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Ыстамбұл, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайтара басылады.Алғаш рет бұл кітап қазақтар үшін қазақ тілінде Қазанда шығарылды.Пайғамбар жасына дейінгі бар өмірі хикметпен өтіп,химкет болып басылған Қожа Ахметтің өмірі бәріне белгілі болды.Елде,тіршілікте көрген азабы,хандардың әділетсіздігі,адамдардың жауыздығы,жүрегіне таңба болған өкініш оқиғаларының барлығын хикметпен жеткізді.білдіреді.




ДИУАНИ ХИКМЕТ


«Диуани хикмет» – көшпелі елдің ауыз әдебиеті.Қожа Ахмет Ясауидің хикметтерінің идеясы,жазылу тарихын,мәнін,ислам дініндегі рөлін Көпрүлузде,Баднарлы,Бертельс,Боровков,Рустамовохидов,тағы басқа ғалымдар жан-жақты зерттеді.Қожа Ахмет Ясауи «Диуани хикметте» «Аллаға жақындай түсу үшін» әрбір адам өзінің өмір жолында төрт басқыштан өтуі керектігін айтады.Біріншісішариғат.Екіншісі-тариғат.Үшіншісі-мағрифат.Төртіншісі-хақиқат.«Диуани хикмет» әрбір адамды имандылыққа,ізгілікке жетелейтін күш.Қожа Ахмет Ясауи әрбір адамның қадір-қасиетін, өмірде алатын орнын оның ішкі жан дүниесінің тазалығымен өлшейді. «Диуани хикметте» әрбір адамға қажетті қанағат-ынсап сезіміне ерекше мән беріліп, нәпсіні тыя білу мұсылмандықтың басты шарттарының бірі екенін ақын оқырманға қайта-қайта ескертіп отырады.«Ақыл кітабы» адамның ішкі жан-дүниесінің түрлі теріс ой-пиғылдардан, жаман ниеттерден таза болуын талдап, Алла алдында пәк, кіршіксіз болуға шақырады.Диуани хикметте» жырланған адамгершілік, имандылық, қанағат, кішіпейілділік, жомарттық жайындағы тұжырымдар бертін келе, қазақ ақын-жыраулары поэзиясынан өзінің көркемдік жалғасын шығарды.Адамдық құндылықтардың ең жоғарғысы біз үшін хикметтер табылды.



ЖАРАТУШЫ ЖАН-АЛЛА

Жаратушы – Жан-АЛЛА,

Жарылқаушым ғаламда.

Мейіріңнен дәметем

Кірпігімді жабарда.

Әзірейіл төнгенде,

Қарқараға келгенде

Не қылармын, Құдай-ай!?


Жан тапсыру уайымын,

Әзәзілдің ойынын –

Сенен жәрдем болмаса

Не қылармын, Құдай-ай!?


Оңайлықпен жанды ал да

Сапарымды оңда, АЛЛА!

Жан кеудеден самғарда,

Тәнім жерде қалғанда,

Табытқа әкеп салғанда

Не қылармын, Құдай-ай!?


Түстім талай аранға,

Баттым талай харамға,

Бола ала алам ба панаңда,

Жаратушы – Жан-АЛЛА,

Жарылқаушым, ғаламда?

Кеудеге тас басылып,

Жерге мәңгі жасырып,

Жыйылған жұрт асығып

Жеті қадам ұзаМүңкір-Нәңкір сұрарда

Не қылармын, Құдай-ай!?


Рухты Тән қарсылап,

Қылған күнәм жаншылап;

«Раббың кім?» – деп періште,

Қысқан кезде сан сұрақ –

Не қылармын, Құдай-ай!?


Құл Қожа Ахмет, мақтанба

Нәпсі-кірге батқанға! –

Мақшар Таңы атқанда

Не қылармын, Құдай-ай?


Қожа Ахмет Ясауиі өзінің хикметтерінің бірі «Жаратушы жан-Алла»-деген шығармасында халыққа үлкен бір ой салды.Ажалы жеткен адамдардың жанын алатын кезде Әзерейілдің төнетінін,ажалы уайым екенін,сондай-ақ қабірде сұрақ алғанда өзінің жасаған істеріне жауап беретін еске салып, халыққа нәпсі-кірге алданбауға алданбауын ескерткен.Дәл осылай ол өзінің басқа шығармаларында(хикметтерінде)халыққа ислам дінін уағыздап,жақсылыққа шықырып,арам ойдан қаштырған.Ол жазған барлық хикметтерінің тәрбиелік мәні түсінген адам үшін үлкен бақыт.



Қортынды

Қожа Ахмет Ясауидің барлық хикметтерінің тәрбиелік мәні халықты имандылыққа шақыру.

Адамдарға өз бойындағы адалдық,имандылықтың күшеюіне ең керектісі иман екенін жеткізген.Адам баласын жаратқан Аллаға кіршіксіз сеніп,арам пиғыл ойлардан аулақ жүруге үйреткен.Әрбір жақсылыққа қанағат етуді жазып қалдырған.Осы жобаның ең маңызды бөлігіне келе отырып Қожа Ахметтің хикметтерінің мәні дұрыс жолға бағытталғанын білдім.«Әрбір адамның қадірін,ішкі дүниесі,адамгершілігін жетелеу үшін имандылық керек,мен соған жетелеймін»-деген арманын арқалап, жасы келсе де болашаққа қажетті азық қалдырам деп тыным таппай еңбек етіп хикмет жазған тұлпардың тұяғының әрбір сөзі мен ісі жас ұрпаққа үлгі болып қалуы тиіс деп ойлаймын.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!