СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қозы күрең өлеңі

Нажмите, чтобы узнать подробности

шeшімгe кeлeді, сыни тұрғыдaн ойлaйды, өз - өздeрін бaғaлaйды, ынтымaқтaстық  aтмосфeрaсы  қaлыптaсaды .

 «Сыныптaғы бірлeскeн жұмыс оқытылaтын пәннің мaзмұнын бeрумeн  шeктeліп қaнa қоймaйды, ол сонымeн қaтaр, мұғaлімнің ынтымaқтaстық   оқуды қaмтaмaсыз eтуінe бaғыттaйды» (Мeктeптeгі тәжірибe кeзeңіндe орындaуғa aрнaлғaн тaпсырмaлaр, 11 -бeт), дeгeн ойды eскeрe отырып оқушылaрмeн сaбaқты бaстaмaс бұрын, өзaрa ынтымaқтaстық aтмосфeрaсын құрып aлу кeрeктігінe көзім жeтті. Трeнинг - оқушы нaзaрын жaңa сaбaққa aудaрудa, қызығушылықтaрын aрттырудa, ынтымaқтaстық қaлыптaстырудa мaңызды тәсіл. Сондықтaн оқушылaрдың нaзaрын сaбaққa

Просмотр содержимого документа
«Қозы күрең өлеңі»

Адильшина Нуржамал Бейсенбековна мұғалім портфолиосы В1 есебі

№ 1 топ 3-деңгей

Павлодар қаласы 16.05.2014 жыл


В1 есебі

Орта мерзімді жоспарлау туралы жазбалар

Оқу бағдарламасын әдетте білім саласындағы саясатты қалыптастыратын адамдар мен мектеп әкімшілігі жоспарлайды. Бір топ адам оқу бағдарламасын сыныпта сабақ беру практикасына Бағдарламаның барлық жеті модулі ықпалдастырылған тізбектелген сабақтар топтамасына айналдыратын егжей–тегжейижоспарлау үшін орта мерзімдік жоспарды пайдаланатын. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 91–бет)

Орта мерзімді жоспарлаудағы көздеген мақсатым: жеті модуль идеясын әдебиет пәніне ықпалдастыру арқылы оқушылардың іскерлік дағдыларын, өздік білім алу қабілеттерін дамыту, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін қалыптастыру.

Міндеттері:

-оқушылардың өздігінен, жұппен жұмыс жасау, ойлау, сөйлеу, пікірталасқа түсу, шешім қабылдау қабілеттері дамиды;

- оқушылар бір-бірінің пікірін құрметтеуге, бір-бірін қолпаштай білуге, бір-бірін тыңдай білуге, жауапкершілікке тәрбиеленеді.

Осы мақсат пен міндеттерді іске асыру үшін, Май ауданы, Май жалпы орта білім беретін мектебінде тәжірибе өту кезеңіне тізбектелген сабақ топтамасын 2013-2014 оқу жылына арналған күнтізбелік тақырыптық жоспарға сай әдебиет пәнінен 5–сыныпта өткізуді жоспарладым. Оған «Қозыкүрең», «Ағыбай мен Төреқұл арасындағы достық», «Шығарманың көркем тілі» және «Жаманыңды көрмесем» мен «Сен ақылды болсаң екен» тақырыптары бойынша өздік білім алу қабілеттерін арттыру және формативті бағалауды жүргізу үшін Блум таксономиясы бойынша тізбектелген сабақтар топтамасының жоспарына жеті модульді кіріктірдім. Зерттеу тақырыбым «Диалог арқылы оқыту» болғандықтан тізбектелген сабақтар топтамасының жоспарында диалогтік оқыту басым болды. Ал диалогтік оқыту жеті модульге де тікелей ықпалдастырылған. Осы жеті модульді тізбектелген сабақтар топтамасына ықпалдастыру арқылы, оқытудың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеудің болуын қамтамасыз етіп, білім сапасын көтеруге алғышарт жасалды.

Алдағы уақытта бағдарламадағы жеті модульді сабақтарымда ықпалдастыра отырып, оқушылардың өзін–өзі бағалауына нақты критерийлер жасау арқылы дамыта отырып, жеке пікірлерін жеткізе білетін тұлға дайындауға алдағы уақытта жұмыс атқарамын.


Қолданылған әдебиет

1.«Мұғалімге арналған нұсқаулық» ДББҰ, 2012