Сабақтың тақырыбы: «Құрманғазының күйі «Кісен ашқан»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Композитордың күйлері насихаттай отырып, шығармашылығымен, күйдің шығу тарихын таныстыру, тыңдату, үйрету.
Дамытушылығы: Оқушының ойнау қаблетін жетілдіру, музыкалық сауатын дамыту, шығармашылық белсенділігін арттыру.
Тәрбиелігі: Композитордың күй арқылы өнерді бағалауға, оқушының бойындағы ұлттық рухани сезімін ояту, ұлт жангды болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнектілігі: Буклет, композитордың суреті, үнтаспа.
Жаңа сабақ: Құрманғазы Сағырбайұлы (1823-1896). Қазақтың аспаптық музыкасының классигі Құрманғазы Сағырбайұлы қазіргі Орал облысы, Жаңақала ауданындағы Жиделіде дүниеге келіп, Ресейдің Астрахань облысында қайтыс болған. Құрманғазының әкесі Сағырбай бүкіл өмірін байдың жалшылығында өткізген. Анасы Алқаның ағалары төкпе ақын, күйші, палуан болған. Құрманғазы өмірге келгенде әкесі нәрестесін қолына алып, «Бүгін құрбан айт екен, сенің атың Құрманғазы болсын» деп айналасындағы адамдарғы жариялапты. Құрманғазы жасынан ән-күйге әуес болып өседі. Тұрмыстың ауырлығына байланысты 6 жасынан бастап байдың қозысын бақты. Қолдан жасалған домбырасын үнемі тастамай алып жүреді. Ұлы күйшінің «Сарыарқа», «Алатау», «Бұлбұлдың құрғыры», күйлері туған елінің әсем табиғатын сүреттейді,«Кішкентай», «Төремұрат», «Адай», «Көбік шашқан» күйлері өмір тартысын, халықтың күш жігерін бейнелейді. «Қайран шешем», «Қызыл қайың», «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан» күйлері Құрманғазының басынан өткен жағдайларымен таныстырады, оның өмірі сырын шертеді. «Серпер», «Аман бол, шешем аман бол», «Лаушкен», «Ақбай», «Көбік шашқан», «Арба соққан», «Балбырауын», «Пәбескі», «Итог» Құрманғазы күйлерінде қажымас жігер, өршіл ой, қиындыққа мойымайтын күш, алға итермелейтін арман бейнеленеді.
«Кісен ашқан» -күйі адамның қиналғанын суреттейтін философиялық күй.
Бұл күйде өмір арпалысқан күйшінің жан-жарасы толғанады. «Кісен ашқан» күйі туралы. Құрманғазы «Сайдың бойына келіп, кісенімді алып отырғанмын жараның ауызы ашылып, түні бойы ауырып, ұйқы бермеді, жүруге де мүмкіншілік болмады. Сол сәтте осы ойыма оралып еді»-дейді.
«Кісен ашқан» күйі
Қағысы:ПVV, ПVV
Екпіні:Ұстамды, ызамен
Өлшемі: тұрақты ¾
Динамикалық белгілері: р, mp, mf
Сол қолда кездесетін әдіс амалдар: (фр. Тіл аул-сырғи)-дыбыстан тез сырғу әдісідеп аталды.
Бекіту:
-Құрманғазы Сағырбайұлы кім?
-Қай жерде дүниеге келген?
-Ұстазы кім?
-Күй өнеріне баулыған шәкірті кім?
-Қандай күйлерін білесін?
-Қандай күйін тыңдайсың?
-Бүгінгі сабақта қандай күйін үйрендің?
-Бүгінгі сабақ ұнадыма?
Қортындылау: Бүгінгі сабақта қорыта келе, қазақ халқының дарынды, атақты күйші Құрманғазы Сағырбайұлының өмірі және шығармашылығы мен таныс болдың. Құрманғазы-қазақ халқының аспаптық музыка өнерінің дамуына үлкен үлес қосты.Бүгінгі бізге жетіп отырған тамаша күйлерінің бірі «Кісен ашқан»-күйін орындап үйрендің. Қазақ халқының атадан-балаға мұраға қалып келе жатқан өнері-күй, ал аспабы домбыра екені белгілі. Киелі аспапты меңгеру, оқушының домбыраға деген қызығушылығын арттырып қана қоймайды, одан әрі шебер орындаушы және меңгерген күйін шығу тарихымен насихаттаушы, ұлттық өнерімізді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін мұрагер болатынына сенімім мол.
Үйге тапсырма: Құрманғазының «Кісен ашқан» күйін берілген жеріне дейін орындау.