СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Құсбегілік өнері.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Құсбегілік өнері.»

Жұмыстың жалпы сипаттамасы: ғылыми зерттеу жұмысында саятшы А. Асылжанұлы туралы жəне құсбегілік саласы жайлы мəліметтер талданады.
Ғылыми жобаның өзектілігі: Зерттеу жұмысы өңірді танытуға септігін тигізеді.
Қазір Елбасымыздың мемлекеттік бағдарламасының барлығында жастарды патриотизмге тәрбиелеуде , отандық сезімді жоғары ұстауға мұндай тақырыптардың мəні ерекше. Тақырыптың өзектілігі де осы мақсаттан туындайды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Негізгі мақсат- Маңғыстау өңірінде кенже қалған ұлттық құндылығымызды өскелең ұрпаққа жалғастыру, дəріптеу.
Зерттеу жұмысының кезеңдері:
1-кезең. Тақырыпқа байланысты əдебиеттермен, құсбегілік тарихымен таныстым .
2-кезең. Айшуақ Асылжанұлының өмірбаянымен, саятшылық өнерімен таныстым.
3-кезең. Жиналған материалдарды жүйелеп жазып шығу.














1-кезең. Құсбегілік!
Құсбегілік- бүркіт, ителгі, қаршыға, қырғи, тұйғын, тұрымтай, сұңқар, лашын, жағалтай сияқты жыртқыш құстарды қолға үйретіп, аңға, құсқа салатын саятшылық өнер. Құсбегілік қазақ, қырғыз халықтарында ежелден келе жатқан үлкен өнер ретінде саналады. Қазақ халқының арасында бұл өнердің тамаша шеберлері кең дəріптеледі. Бүркіттің Қазақстан Республикасы мемлекеттік рəміздері белгілерінің бірі болуы кездейсоқ емес.
Сонау ерте заманнан-ақ қазақ халқы табиғатпен етене қойындас болғандықтан аң-құстың қасиетін айыруға жүйрік болған. Ғасырлар бойы жинақтаған мол тəжірибесін, əсіресе, кейінгі ұрпаққа үйретуге айрықша мəн берген. Тарихы деректерге қарағанда, құсбегілік өнері бұдан үш мың жыл бұрын пайда болған, біраз үзіліп барып, қайта жалғасын тапты. Қазақстанда жəне Орта Азияның көршілес мемлекеттерінде қолға үйретілген жыртқыш құстармен , негізінен алғанда қырандармен ежелден ақ аулаған. Бүркітпен аң аулау өнері- көшпелі тұрмыстағы қазақтардың ұлттық салтының ең маңызды жақтарының бірі. Құсбегілік өнер соңғы 10-15 жылдың ішінде Қазақстанда қайта жандана бастады.Соның ішінде Маңғыстауда бір ғана жерде, атап айтқанда, Отпан тауда сол таудың өкпе тұсындағы- Тұщыбек жерінде қайта өрістеді. Қасиетті Отпан тау бүркітшілік өнерді дамытуға өте қолайлы жер. Өзіміз пір тұтатын Отпан таудың көк аспанында қалқып ұшып жүрген тау бүркіті мен сұңқар, ителгі, қаршыға сынды киелі қыран құстарын көруге болады. Себебі Маңғыстау мекені құстар үшін биік таулары мен қырлы, жазық далаларымен , қалың бұталы ағашы мен жылы ауа райы мен қолайлы. Əрі бұл мекен тазы жүгіртіп , аңға құс салуға қолайлы.










Бүркіт ұстаған саятшы ( Семей облысы, түсірген С. М. Дудин 1907 жыл).









2-кезең.Саятшы Айшуақ Асылжанұлының өнері.

Тайманов Айшуақ Асылжанұлы- 1988 жылы жиырмасыншы ақпанда Маңғыстау ауданына қарасты Тұщыбек жерінде дүниеге келген. Ол бала кезінен əкесіне еріп қақпан құрып өскен. Оның атасы атақты күйші, аңшы, мерген Айдарбаев Тайман еді. Тайман жас кезінен табиғатпен етене болған адам. Неше түрлі шөптерді айыра біліп, емдік мақсатта пайдаланған.Ел арасындағы əңгіме бойынша, бұрын Ұсынбас атты тау етегін қасқырлар саны көбейіп, халық зардап шеккен екен. Сонда ел ішіндегі ақсақалдар ойласып, елге Тайманды шақырыпты. Тайманның байғампаздығы соншалық ол қасқырларды бір ай ішінде қырып жойыпты. Жалпы Айшуақ Таймановтың өзі бос уақытында құс ұшырып , қақпан құрумен, саятшылық пен айналысатынын айтады. Құсбегілік пен айналысқанына 4 жыл болған. Міне бұл əкеден балаға ұласқан аңшылық дəстүр енді немереге жалғасты. Осы уақыт ішінде бірнеше үлкен республикалық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болған.
2018 жылы Астана қаласында Алаш тас жолының бойында Күнтуған Тоқтыбайұлы атындағы бүркітшілердің халықаралық турнирінде жеңімпаз атанған. Екі күнге созылған жарысқа Моңғолия, Қырғызстан, Қазақстаннан отызға жуық қыран құстар қатысқан. Қыран құстар сайысында |||-орынды, ал кіші құстар сайысында |- орынды иемденген.
"Жарысқа бүркіт пен ителгімді апардым. Ителгі- кіші құс. Алатын аңының ең ірісі қоян, үйрек секілді аңдар. Ителгі жыланның түрін айыра алатын, ауызында асыл тасы бар жыланды төбеде ұшып жүріп, ысқырғанда жыланды му түбінде көріп, айыра алатын қасиетке ие құс. Ал бүркіт бабына келсе, қасқырға дейін алады. Баптауына келсек, ең қиыны- бүркітті баптау. Оны аңға салу үшін 40-45 күн қайырады. Төсінде, табанында, қанатының астында, құйрығындағы майларын бөліп алмай, жəймен, баппен азайтады. Ең бірінші орынды бүркіттің іш құрылысының тазалығы. Егер қыранның асқазанында май болса, құс салған аңынан айнып бармай қалады. Соның барлығын қадағалап отыру қажет. Құсты баптағанда жем, ақ жем, сары бөртпе беріп баптаймыз" - дейді құсбегі Айшуақ Тайманов. Осыдан қарап ақ, құсбегілік өнері екінің бірінің қолынан келетін өнер емес екендігін білуге болады. Саятшы болған адам ең əуелі құс тани білуі керек. Қыран құсты баптау үшін томаға, балдық, балай, тұғыр, аяқ бау, жем қалта, жем саптаяқ, бұйала сияқты құрал- жабдықтар пайдаланылады. Оның бəрі таза бұлғарыдан арнайы жасалатын көрінеді. Əдетте бүркіттің бəрі аң ұстай бермейді екен, бүркіттің ұя басар ұрғашысынан ғана қыран шығып аң ұстайды. Еркегі шауыл, л түлкі алмайтындықтан оны халқымыз "сарша" деп атайды. Əр жас кезеңіндегі бүркіттің де атауы əр түрлі болады. Мысалы:
бір жастағы бүркітті-балапан.
екі жастағы бүркітті-тірнек.
үш жастағы бүркітті-тастүлек.
төрт жастағы бүркітті-құмтүлек
бес жастағы бүркітті-көк түбіт.
алты жастағы бүркітті-ана деп атайды екен.


Мұның барлығын Аушуақ Асылжанұлы саятшылық өнерінен алған білімі мен еңбегі. Ол құсбегілік өнерін дəріптеп қана қоймай, артына Ержан Сахарбай атты шəкіртінде алға сүйреп келеді.

Мəселен, 2019 жылы 8-10 қараша күндері Қарағандыда "Ұлы дала мұрасы" атты Сəкен Сейфуллиннің 125 жылдығына орай ұйымдастырылған құсбегілер сайысы өтті. Сайысқа Маңғыстау өңірінен Айшуақ Тайманов екі шəкіртімен бірге қатысқан. Нəтижесінде, Айшуақ Тайманов бастаған құсбегілер 2 жəне 3 орындарды қанжығасына байлаған.



Қорыта келгенде, өлке төсіндегі ерекше құндылығымыздың бірі құсбегілік өнері. Бұл аса құнды , мəртебесі биік, аса маңызды өнер. Біз Отпан тау басында Айшуақ Асылжанұлымен кездесіп, сұхбат алдық. Ол Маңғыстауда кенже қалған ұлттық құндылығымызды өскелең ұрпаққа жалғастыру үшін осы іспен айналысатынын айтты. Міне осындай жастар тұрғанда елімізде құсбегілік, саятшылық өнері дамып өрлейді, əлі талай белестерден көрінеді деп ойлаймын. Жалпы Маңғыстау өніріндегі белгілі құсбегілерді атап кететін болсам, олар: Өтеғалиев Мереке; Советов Өтежан; Есжанов Ертіс; Айшуақ Тайманов; Оспанғалиев Арон; Е. Айшуақұлы; Оразмұхамбетов Қуаныш т.б. Жəне де саятшылық өнерді жоғалтпау мақсатында Маңғыстаудың айрақты тауларының етегіндегі Тұщыбек ауылында бүркітшілер мектебі ашылды. Мұндағы саятшылар осы уақыққа дейін ата дəстүрді дəріптеп келеді. Оған жыл сайын ұйымдастырылатын қансонар дəлел. Айшуақ Асылжанұлы Тайманов Отпан тау басында бүркітімен бірге бізге сұхбат беру үстінде. Студенттер құс жайында, азығы, жасы, күші жəне құсты қалай баптау керек деген сұрақтарға өз жауаптарын алды.

Осыларды жаза отырып, мен төмендегідей ұсыныс жасаймын:

  1. Құсбегілік, аңшылық туралы мəліметтер жеке кітап болып, оқырман үшін түрлі-түсті суретпен безендіріліп басып шығарылса;

  2. Маңғыстау өңірінде саятшылар арасында республикалық сайыстар өткізілсе;

  3. Бұл Құсбегілік өнері кеңінен дəріптеліп, туристер келіп қызығарлықтай жоғарғы дəрежеге дейін көтерілсе деймін.