СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Құстарға астау жасаймыз

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ересек «Балбөбек» тобындағы ұйымдастырылған  оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 29.11.2018                                                                                                                                                    Тәрбиеші: Ахатова А.Қ.                                                                                                                                                         Білім беру саласы: «Таным»                                                                                                                                                                                                                                          Пән: «Құрастыру»       

Өтпелі тақырып: « Қазақстанда қыстайтын құстар»                                                             Тақырыбы: Құстарға астау жасаймыз

Мақасты:

Тәрбиелеу: құрастыру барысында эстетикалық және көркемдік талғамын тәрбиелеу;

Дамыту: балалардың зейіндері мен қабылдау қабілеттерін дамыту

Оқыту: ұсақ құрылыс бөліктерін көлеміне қарай біріктіріп, біртұтас затты құрастыруды және құстарға қамқор болуды үйрету

Педагогикалық технологиялар:Түсіндіру әдісі  , сұрақ-жауап әдісі                                                         

Ресустармен қамтамасыз ету:  ұсақ құрылыс материалдары, құстар, үй құстарының дауыстары, астау ағаштан, темірден, ұсақ құрылыс материалдарынан, сурет үлгілері.                                                                                          Билингвалдық  компанент:    құстар-птицы                                                                         Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:                                                         1.Ұйымдастырылған кезең:                                                                                                        

Жұмбақ шешеміз

Бұрап қойған сағаттай,

Айқайлайды таң атпай.

(Әтеш)

Таң атса жерден жем аңдыған.

(Тауық)

Үнтаспа қосылып, үй құстарының дауыстары естіледі. Сұрақтар қояды:

-Әтеш пен тауықты бір сөзбен қалай айтамыз?

-Құстардың дауыстары қалай шығады

Просмотр содержимого документа
«Құстарға астау жасаймыз»

-Құстардың дауыстары қалай шығады?

Үнтаспаны қайта қосып, құстардың дауыстарын біраз тыңдаған соң, балаларға білдірмей өшіріп қояды.

-Дауыстары естілмей қалды, неге?

-Мүмкін олар жем жегісі келген шығар. Балалар, оларға астауға салып жем берейік.

Құстардың дауыстарын тыңдайды.

Құстарға астау жасап беруге келіседі.

2.Негізгі бөлім: Үлгі суретпен жұмыс Астаудың суретін көрсетеді, пысықтайды. Оның ағаштан, темірден жасалатынын, ал өздерінің оны ұсақ құрылыс бөліктерінен құрастыратындарын түсіндіреді.

«Менің қолымда не бар?» дидактикалық ойыны

Жұмысқа қажетті құрылыс материалдарын көрсетіп, оның не екенін, не үшін керектігін сұрайды, жауаптарын толықтырады.

Саусақ жаттығуы

Бас бармағым-атам, үйдің данасы.

Балаң үйрек-әжем, ошақ анасы.

Ортан терек-әкем, отау панасы.

Шылдыр шүмек-шешем, шаңырақ ажары.

Титтей бөбек-мен, бәрінің базары.

Саусақтар серуені

Құрастыру жолын түсіндіріп, бірге жасатады:

ең кішкентай кірпішті көлденең қоямыз;

кірпіштің екі жағына тігінен ең кішкентай текшені қоямыз;

кірпіштің жанынан кішкентай пластиналарды қырымен қоямыз.

Тәрбиеші балалармен бірге жұмыс жасайды және құрастыру барысын бақылап, көмектеседі.

Үлгі суретті тамашалайды.

Мұқият қарап тыңдайды.

Саусақ жаттығуын жасайды.

Тәрбиешінің әрекетін бақылайды, жасалу жолын түсіріп алады.

Тәрбиешінің басшылығымен астауды құрастырады.

Сөздік жұмысы

«Қырынан, көлденеңінен, үстіне» деген жаңа сөздердің мағынасын түсіндіріп, бекітеді.

Жасаған астауларына құстарға арнап жем салғызады. Үнтаспа қосылып, үй құстарының дауыстары қайта шығады.

Тәрбиеші балаларды мадақтайды.

Жаңа сөздердің мағынасын түсініп алады.

Астауға жем салады.

Құстардың дауыстарын тыңдайды.

3.Қортынды: Сұрақтар қойып тақырыпты қорытады: -Балалар, бүгін біз қандай жұмыс жасадық? -Қандай құстардың дауыстарын естідіңдер?

-Астауды қандай құрылыс материалдарынан жасадық?

Балаларды мадақтап ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтайды.