Просмотр содержимого документа
«Құжаттағы ақпаратты форматтау және қорғау. Құжатты баспаға шығару.»
Зертханалық-тәжірибелік жұмыс №15
Тақырыбы: Құжаттағы ақпаратты форматтау және қорғау. Құжатты баспаға шығару.
Мақсаты: Оқушыларды MS Excel құжатындағы ақпараттарды форматтау және қорғау, дайын болған құжатты баспаға шығаруға үйрету. Құжатты қорғау, ұяшықтар ауқымын, беттерді, файлды қорғау әдістерін қарастыру; құжатты баспаға шығару үшін беттің параметрлерін орнату тәсілдерін меңгеру.
1 жаттығу. Үлгі бойынша кестені толтырыңыз:
1 тапсырма. Есептеңіз:
% б ОБ бағанын есептеу формуласы =(D8+F8)/(E8+G8)*50. Қалған ұяшықтарға автотолтыруды пайдалан.
% с ОБ бағанын есептеу формуласы =H8/I8*50. Қалған ұяшықтарға автотолтыруды пайдалан.
Сома % бағанын есептеу формуласы =ОКРУГЛ((J8+K8);0). Қалған ұяшықтарға автотолтыруды пайдалан.
Баға бағанын есептеу формуласы =ЕСЛИ(B8="";"";ВПР(L8;$N$25:$O$29;2;ИСТИНА)). Қалған ұяшықтарға автотолтыруды пайдалан.
Саны бағанын есептеу формуласы =СЧЁТЕСЛИ((M$8:M$22);"5"). Қалған ұяшықтарға автотолтыруды пайдалан.
2 тапсырма. Құжатты қорғау.
Формула енгізілген ұяшықтар ауқымын белгілеп, қорғауды орнатыңыз.
Ол үшін Главная – Формат – Защитить лист командасын орындаңыз.
Құпия сөз (пароль) 123 деп теріңіз. Құпия сөзді қайталаңыз.
ОК батырмасын шертіңіз.
Қорғауды алып тастау үшін Главная – Формат – Снять защиту командасын орындаңыз.
Құпия сөзді теріп, ОК батырмасын шертіңіз.
3 тапсырма. Құжатты баспаға шығаруға дайындау.
Беттің параметрін орнату және таңдау үшін Разметка страницы қосымшасының Параметры страниц диалогтық терезесі пайдаланылады.
Страница бөлімінде беттің Альбомная және Книжная түрін таңдауға болады. Бетте үнсіздік бойынша 100% баспаға шығару масштабы орнатылған. Мүмкін болатын минималды баспаға шығару 10% , максималды 400%.
Поля бөлімінде беттің жоғарғы, төмен, сол және оң жиектерін орнатамыз.
Сонымен қатар Колонтитулдарды орнатамыз.
4 тапсырма. Құжатты баспаға шығару.
Құжатты баспаға шығару параметрін баптау үшін Office батырмасының менюінде Баспаға шығару командасын таңдау керек, содан кейін бағыныңқы менюде Баспаға шығару командасын таңдау керек.
Диаграммаларды баспаға шығару. Бөлек бетте орналасқан диаграмма әрқашанда бөлек беттерде баспаға шығарылады.
Ал, мәліметтермен бірге орналасқан диаграмма беттегі мәліметтермен бірге немесе бөлек беттерде баспаға шыға алады. Диаграмма бөлек бетте баспаға шығуы үшін диаграмма немесе оның бір элементін ерекшелеу қажет.
Оқытушы: Курманбаева М.Е.