СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Күйзеліске жол жоқ»

Категория: Психологу

Нажмите, чтобы узнать подробности

88888888888888888888888888888888888888888888888888888888888888888888888888

Просмотр содержимого документа
««Күйзеліске жол жоқ»»

«Күйзеліске жол жоқ»

Мақсаты: Күйзеліске теориялық тұрғыда хабар беріп, оны бейтараптандыру мен шешу жолын көрсету, меңгерту.

Сәлемдесу. «Менің есімім және ерке атым» техникасы – есімін және жақындары еркелетіп айтатын есімі. (5минут)

Негізгі бөлім. Күйзеліс туралы әңгіме – сұхбат жүргізу. Ол төмендегі сұрақ арқылы жүзеге асырылады. (5-7минут)

  1. Күйзеліс дегеніміз не?

  2. Ол неден пайда болады?

  3. Оның белгілері қандай?

  4. Оның адам өміріне немесе денсаулығына зияны немесе пайдасы бар ма?

  5. Күйзелісті болдырмау жолын білесіздер бе?

  6. Өз тәжірибесімен бөлісу?

  7. Күйзеліске ұшыраған кезде, онымен күресу әдісі бар ма?

  8. Қандай әдіс қолданасыз?

Күйзеліс жөнінде қысқаша лекция. (5минут)

Күйзеліс – бұл нақты жағдайда басқаруға келмейтін қиын эмоциялық-физикалық қысым. Ғылыми тілде жеткізетін болсақ ағзаның болған жағдайға физикалық, психикалық, эмоциялық және химиялық әсері. Күйзеліс үш деңгейде көрінеді: ақыл, ой, көңіл-күй. Ең алдымен, ақпаратты ой елегінен (саналы, санасыз), сосын эмоциялық сезіну (әлсіз және күшті), кейіннен барып бұл үрдіс физикалық деңгейде бекиді. Ең алғашқы бұлшықеттегі қысымды шешуді, алғашқы сыныптан-ақ білеміз (саусақты ашамыз, жұмамыз). Күйзеліс кезінде қандай-да бір бұлшықеттің қысымда тұрғанын сезінесіз. Ол жақсүйектің, іштің, арқаның бұлшықетіндегі қысым болуы мүмкін.

Күйзелістің денсаулыққа зияны.

Күйзеліс күйден («стресс») арылмау, торығу денсаулыққа зиян екенін бәріміз де білеміз. Болмашы нәрсеге күйгелектену-жүйкені тоздырады, жүрекке күш түсіреді, өмірді қысқартады, адамның мінез-құлқын өзгертеді. Күйзелісті жағдайда бүйрек бездері қанға қуатты гармондарды айдайды, оны бүкіл ағзаға жайып жібереді. Ол қан қысымын көтереді, тамырдың соғысы мен тыныс алуды жиілетеді, бұлшық еттері тартылады, бауыр қанға қантты көбірек жібереді. Бұлар адамның есте сақтау қабілетін әлсіретеді, тез шаршап-шалдығатын күйге түсіреді, неше түрлі ойлар басына келіп, ұйқысы қашады. Бұлшық еттерінің босаңсып, бастың ауруы сары уайымнан арыла алмаудан болады. Күйзеліс кезінде ағзадағы дәрумен жедел жойылады, кейін орнын толтыру қиынға соғады. Осы қысымнан арылу үшін бұлшықетке дұрыс жаттығу жасай білу қажет.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!