| Сабақтың тақырыбы: Б. Майлин. Күлпаш | Мектеп: |
| Күні:29.11.16 | Мұғалім:Ашуханова А.К |
| Сынып:3а | Қатысқан:23 | Қатыпағандар: |
| Сабақта меңгерілетін дағдылық мақсаттар | Автордың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беріп, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру, өлеңді сатылай кешенді талдау арқылы білімдерін көтеру. |
| Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар білуге тиісті: Автордың өмірі мен шығармашылығы туралы біледі. |
| Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс: Тақырып мазмұнын түінуі тиіс |
| Кейбір оқушылар білуге тиіс: Автордың өзге де шығармаларын. |
| Бұрыннан бар білімдері | Тапсырмаларды сатылай кешенді талдауды біледі. |
| Жоспар |
| Жоспарланған уақыттар | Жоспарланған уақыт (жаттығулар) Психологиялық дайындық «Ыстық алақан» Оқушылар бір-біріне тілек айтып алақанның жылуымен бөліседі. | Ресурстар |
| Басталуы | Ұйымдастыру кезеңі Үй тапсырмасын тексеру. мазмұны | Таныстыры лым. |
| Ортасы | Жаңа сабақ Оқулықпен жұмыс Б. Майлин. Күлпаш Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин (15.11.1894, Таран ауданы - 10.11.1938) — қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Сауатсыздықты толық жою ұранын алға тартты «Сауаттылығы төмендерге арналған оқу кітабын» (1929); «Күш» - сауаттылығы төмендерге арналған оқулықты (1930); «Жаңаша оқы және жаз» құралын (1931) және Ғабит Мүсіреповпенжәне А. Ситдықовпен бірге «Сауатсыздарға арналған әліппені» (1935-1936) жазып шығарды. Өлең жолдары. Жырлағаным - кедейдің жыры, Сырлағаным - кедейдің сыры. Сырым да бір, жырым да бір - Мендағы сол кедейдің бірі.
Сұрақ. «Кедей» деген сөзді қалай түсінесің? Қазақ шаруаларын күштеп ұжымдастырудың барысында өкімет халықтың күн көрісінің жалғыз ғана жолы қолындағы малын зорлық пен жинап алып, қоғамдық мемлекеттік меншікке айналдырады. Одан қалған жарым малдарын ет, май астық жоспарларын дайындап тағы тартып алды. Сөйтіп негізгі кәсібі мал шаруашылығы болған қазақ шаруалары төрт – түлік малдан түгел жұрдай болып, ашыға бастады. Табысы жоқ колхоздан, жергілікті үкіметтен жәрдем ала алмаған халқымыз ендігі жерде ашаршылыққа ұшырады. 1921 - 1922 жылдары және 1931 - 1933 жылдар Қазақтың тіпті адамзат тарихында бұрын - соңды естіп білмеген қасіретке толы жылдар. Кейбір деректер бойынша 4 млн 100 мың қазақ баласы қайтыс болды.
Мәтінмен жұмыс. Күлпаш. Тақырыпты жоспар бойынша түсіндіру. Күлпаштың баласы Қалидың, күйеуі Мақтымның, үйінің болмысын сипаттау. Күлпаш пен Қалидың әңгімесі. Мақтымның бос оралуы. Мәтінді мәнерлеп оқыту. (екі бөлімді екі оқушыға)
Дәптермен жұмыс. Сөздік жұмыс. Өрім - өрім – тозған, жыртылған. Бөкебай - басқа жамылатын шәлі. Ызғырық – суық жел. Өлмем кедей – өте кедей. | Автор портреті, дәптерлер. |
| Сергіту сәті | | Интербелсенді тақта |
| Аяқталуы | Сабақты қорыту. Сұрақтар: 1. Ел басынан немесе Күлпаштың басынан өткен әңгімедегі оқиға қай кезеңде болған? 2. Күлпашты сипаттау. 3. Күлпаштың үйін сипаттау. 4. Қали мен Күлпаш Мақтымның келгенін неге күтеді? 5. Бәрі де шықпа жаным шықпа деп отырған секілді дегенді қалай түсінесің?
6. Мақтыммен Күлпаш неге жылады? 7. Бұл оқаға бүгінгі күні болса, сендер Күлпашпен Қалиға қалай көмектесер едіңіз? 8. Суретпен жұмыс. Суретте ел басынан өткен қай кезең бейнеленген деп ойлайсыз? Мәтіндегі қарамен ерекшеленген сөздерді пайдаланып сурет бойынша әңгіме құра. Қорытындылау. 5 жолды өлең жазу (кедей сөзіне) | Берілген тапсырма барысында оқушылар өз белсенділктерін көрсетеді. |
| Үйге тапсырма: мазмұндау. |
| Дифференциациялау оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалайша түрлендіресіз? | Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалайша жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыс – Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру, АКТ |
| Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері анық па? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? | Бүгінгі сабақ кызықты болды ма? |
| Дифференциялау жоспарым жүзеге асты ма? Тапсырмалары сәйкес болды ма? Уақыт дәлдігі қалай болды? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім? |  |