Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай өтетін «Күмбірле қоңыр домбыра»
атты қалалық мектепаралық термешілер мен айтыс өнер сайысының өтілу сценариі
Арқалық қаласы 09.12.2015 ж.
/күй ырғағымен шымылдық ашылады/
/Фан-фар/
/Жүргізушілер сахнаға шығады/
Тұрсынай:Армысыздар, төл өнеріміздің қадірін бағалай білетін арқалы әлеумет!
Ханзада:Киелі де қастерлі қазақтың қара домбырасын серік еткен жас термешілермен азуынды ақындарымыздың өнерін тамашалауға хош келдіңіздер!
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылып отырған қалалық мектеп аралық оқушылар арасындағы термешілер мен ақындар айтысының негізгі мақсаты жастар арасында төл өнерімізді насихаттау, жас дарынды термешілер мен суырып салма ақындарымызды анықтап, оларға қолдау көрсету. Олай болса, бүгінгі байқауымызды салтанатты ашу үшін сөз кезегі «Жас - Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының халықтық педагогикалық бөлімінің жетекшісі Оразова Гүлхаш Қуандыққызына беріледі.
/фан-фар/
/сөз беріледі/
Тұрсынай:Рахмет тілегіңізге. Жалпы сайысымыз екі жанр бойынша өтіледі. Терме және ақындар сайысы. Жалпы тақырып «Тәуелсіздік -тірегім». Ендеше, бүгінгі сайысымыздың қатысушыларын сахна төріне шақырайық.
/тізім бойынша қатысушыларды таныстырады/
/фан-фар/
Ханзада: 1.Беймбет Майлин атындағы №3-ші жалпы орта білім беретін мектебі атынан:
7 «а»сынып оқушысы Сабыржан Мейірбек Маратұлы.
Тұрсынай:2.Беймбет Майлин атындағы №3-ші жалпы орта білім беретін мектебі атынан:
7 «а»сынып оқушысы Рағатов Талғат Талапұлы.
Ханзада:3.А.Құнанбаев атындағы №6жалпы орта білім беретін мектебі атынан 9«а»сынып оқушысы Сардаров Тұрсынбай Жолдыбайұлы.
Тұрсынай:4.А.Құнанбаев атындағы №6жалпы орта білім беретін мектебі атынан 10«а»сынып оқушысы Дүйсенов Шахмұрат Мейрамұлы.
Ханзада: 5. Ы.Алтынсарин атындағы гимназия атынан 9 сынып оқушысы Төлепберген Шыңғыс Ерланұлы.
Тұрсынай: 6.Восточный жалпы орта білім беретін мектебі атынан 8 «А» сынып оқушысы Байғазин Руслан Фазылбекұлы.
Ханзада: 7.Ш.Уалиханов атындағы №1 ші жалпы білім беретін мектебі атынан 9 «б»сынып оқушысы Сатбаева Айзат
Тұрсынай:8.
Ханзада:
Бүгінгі әділ баға беретұғын.
Ақындардан мол үміт күтетұғын.
Жайдарлы, білгер жанның жазы,
Ортамызда отыр екен әділ-қазы.
Бүгінгі сайыскерлерімізге әділ бағаларын беретін қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
/фан-фар/
Тұрсынай: Қазылар алқасының төрайымы: директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары
Шапаева Зауреш Рыскелдиевна;
Ханзада: Қазылар алқасының мүшесі, жануартану клубынын жетекшісі: Ауезханова Әсел
Тұтқабайқызы;
Тұрсынай:Қазылар алқасының мүшесі, «Жас қалам» жас журналистер клубының жетекшісі
Маженов Бакыт Аляскарович;
Ханзада:Қазылар алқасының мүшесі , «Шаңырақ» отбасылық отауының жетекшісі
Толегенова Эльмира Сапаровна
Тұрсынай: Қазылар алқасының мүшесі бірнеше дүркін Республиклық, облыстық ақындар
мүшайрасының жеңімпазы Рагатов Айбар Талапұлы
Ханзада:Сайыскерлерімізге сәттілік тілей отырып, сахна сыртына шығарып саламыз. Сайысымыздың бірінші кезеңі термешілерге береміз.
/термешілер сайысы тізім бойынша жүргізіледі/
1.Терме «Ойының терең түбінен» орындайтын:Ы.Алтынсарин атындағы гимназия мектебінің 9 сынып оқушысы Төлепберген Шыңғыс Ерланұлы.
2« Сүгірдің термесі» орындайтын Беймбет Майлин атындағы №3 мектебінің 7 «а»сынып оқушысы Сабыржан Мейірбек.
Қарсы алыңыздар!!
3. «Алланның бары ақиқат» орындайтын: А.Құнанбаев атындағы №6 жалпы орта білім беретін мектебінің 9«а»сынып оқушысы Сардаров Тұрсынбай Жолдыбайұлы.
Қошеметтеп қол соғып отырайық, достар!
Тұрсынай:
Термешілер сайысы осымен тәмандалды. Келесі сайысымызды бастамас бұрын сіздердің құрметтеріңізге музыкалық сәлемдемемізді арнаймыз.
/Ән: «Қос бәйтерегем»/
/Орындайтындар: Айбол мен Аймаржан
Күй: «Әлқисса» орындайтын: Сардаров Тұрсынбай Жолдыбайұлы.
Ханзада:
Рахмет, қол шапалақтап, қолдап отырайық, достар!
Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда,
Ақындарды теңейсіңдер арыстанға.
Семіз сөйлеп, арық шық деген бар ғой,
Жете бер ақындарым табыстарға. Ақындарымызға табыстармен сәттілік тілей отырып, келесі сайысымыз бойынша жас ақындарымызға кезек береміз.
/ақындар жұп-жұбымен айтысады/
1-жұп:
2-жұп:
3-жұп:
4-жұп:
Тұрсынай:
Салиқалы сөз айтылды осымнен,
Көңілді бізде айттық хошыменен.
Әлі талай айтыстарда кездесерміз,
Аяқталды айтысымыз осыменен.
Қадірменді қазылар алқасы. Осымен «Күмбірле қоңыр домбыра» атты қалалық термешілер мен жас ақындар айтысы өз мәресіне де келіп жетті. Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда демекші бүгінгі сайысымызда кім жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанғаның анықтау үшін сіздерді үлкен қошеметпен талқылау кабинетіне шығарып саламыз.
/қазылар алқасы ақылдасуға шығып кетеді/
/музыкалық сәлемдеме/
/Күй. «Ерке сылқым»/
Орындайтындар: Төлепберген Шыңғыс пен Дүйсенов Шахмұрат
Ханзада:
Өлең сөз қызыл тілге жүйрік едің,
Тура сөз әділ болса биік едің.
Жастан-жасқа бүінгі ақындарымыз,
Бірінен-бірі асқан жүйрік болсын,-дей келе бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздарын марапаттау үшін сахна төріне барлық қазылар алқасы мүшелерін шақырамын.
/қазылар алқасы өз шешімдерін шығарады, жеңімпаздарды арнайы диплом мен мақтау қағаздарымен марапаттайды/
Тұрсынай:
Ақындар сөз тудырып айта берсін,
Елін мынау бәрі де мақтай берсін.
Ақын ұл мен қыз, әр қашанда
Ел үмітін мәңгілік сақтай берсін.
Осымен «Күмбірле қоңыр добыра» қалалық термешілер мен жас ақындар сайысы аяқталды. Төл өнерімізді қолдап келген барша халыққа алғысымызды білдіре отырып, келесі кездескенше сау-саламатта болыңдар демекпіз!
/музыка ойналады/