СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Күн дидарлы Қазақстан!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларға Тәуелсіздік мерекесімен таныстыру.

Просмотр содержимого документа
«Күн дидарлы Қазақстан!»

Тәуелсіздік күні сценарий балабақшада

Тақырыбы: «Күн дидарлы Қазақстан!»
Мақсаты: Балалардың Отаны, Рәміздері, Елбасы, желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Мәнерлеп тақпақ айтуға, сахналық көріністерді көрсетулер арқылы еліне, отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу. 
Еліміздің Тәуелсіздігіне орай өткізілетін мерекелік ертеңгілікке  балалар залға кіреді. Мұнан соң барлығы Әнұранды орындайды. 
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме,балалар, қонақтар, әріптестер! Бүгінгі 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған балабақшамыздағы мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз. 
Рәміздерім – елдігімнің  белгісі, 
Білу керек бала –дағы ең кіші.                                                                                           
Рәміздерім- ӘНҰРАН, КӨК ТУ, ЕЛТАҢБА, 
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
Жүргізуші: Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан.
Жүргізуші: Қазақстан қандай мемлекет?
Балалар: Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.
Жүргізуші: Балалар, бүгін міне осы Тәуелсіздік мерекесі күні. Еліміздің президенті кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Жүргізуші: Еліміздің елордасы қай қала?
Балалар: Астана.
Жүргізуші: Астана қандай қала?
Балалар: Астана-бас қала, әдемі, үлкен қала.
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Отан туралы тақпақтарымызды айтайық

: Отан деген берекелі отбасы, БЕКБОЛАТ

Сүйер оны адамзаттың баршасы
            Мен бақытты бүлдіршінмін бүгін де,

Жоқ қой оған ешкімнің де таласы.

Бұның бәрі татулықтың арқасы

Тәуелсіздік елдігімнің арқасы





Отан-жерім, Отан-суым, САЯН

Отан-ұран, Отан-туым,

Отан-қуат, нәр береді
Отан мәңгі гүлденеді.



Жүргізуші: Біз бүгін тәуелсіздік алған күнімізді мерекелеудеміз. Біздің еліміз тәуелсіз болғандықтан өз мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және өзінің мемлекеттік туы бар. Балалар, мемлекеттік туымыздың түсі қандай екен?
Балалар: Туымыздың түсі – көк.
Жүргізуші: Иә, өте жақсы. 
–Ал, енді балалар, Рәміздерге байланысты тақпақтарымызды айтайық (балалардың тақпақтары тыңдалады).
              : Елтаңбасы  елімнің, ЕРСҰЛТАН
                            Неткен  әйбат, әдемі!
                            Тұнығындай  көңілдің,
                            Ортада- аспан  әлемі.
               

Тәулсіздік елдеміз АРЛАН

Қуанамыз күнде біз

Ата-бабам қалдырған

Қазақтың біз батырымыз

: Құт, береке – шаңырақ, БЕКСҰЛТАН
                            Орын алған  ол  төрден.
                            Қанатты  қос  арғымақ,
                            Екі  жақтан  көмкерген.
             

: Анаң- күнің, жүрегің, ЖАНИЯ
                             Әкең – өмір тірегің. 
                             Сен- бақытты  ұлансың,
                             Бәрі  саған  қуансын!
               

: Көк  аспандай  көкпеңбек, ӘЛИХАН
                             Қазақстан жалауы.
                             Көк  емес  ол тектен-тек,
                             Елдің ашық қабағы.
       

: Тәуелсіздік  жолында, Дария ЖАСҰЛАН
                             Талай – талай тер тамған.
                             Билігім  өз  қолымда,
                             Еркіндігім – Елтаңбам.
           


                Мерекеге шығады БАҚЫТЖАН

Бүкіл халық,біліп қой

Отандастар ұғады

Тәуелсіздік-ұлық той

Он алтыншы желтоқсан БЕКЖАН

Тәуелсіздік алған күн

Мерекеге ел тоқсан

Атамменен барғанмын



Тәуелсіздік еліміз АЛИ ЖАНАРУ

Мәңгі жасар еліміз

Тәуелсіздік жасаған

Аға,әпкелеріміз



Тәуелсіздік елдеміз АЙАРУ

Қуанамыз күнде біз

Ата-бабам қалдырған

Қазақтың біз батырымыз

Қазақстан менің Отаным АРАЙЛЫМ

Атыңды әнге қосамын

Шарықтап өсіп,дами бер

Біліммен үлес қосамын