Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Пән: Сурет салу
Өтпелі тақырып: «Тірі және өлі табиғат»
Тақырыбы: : Күннің көзі
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Тазалыққа, әдемілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Түстерді айта білуге үйрету.
Оқыту: Ашық түстермен балаларды таныстыру.
Педагогикалық технологиялар: түсіндіру, ойын, дамыту, сұрақ-жауап
Ресурстармен қамтамасыз ету: Сурет салуға арналған қағаз, сүлгі, гуашь, «Күнің көзі» тақырыбына үлгі сурет.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Жылулық шеңбері:
Алтын таңның шуағы
Бақыт үшін туады
Қайырлы таң қонақтар
Жарық күннің тұрағы!
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілі
-Күз мезгілінде дала қандай болады?
-Жарайсыңдар күз мезгілінде күн салқындай бастайды.
-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр,егер сендер жұмбақтың шешуін тапсаңдар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміздің тақырыбы не туралы екенін біле аламыз.
Жұмбақ
Аспандағы сары доп
Жарқырайды жарық боп
Күн
2.Негізгі бөлімі:
Балалар біз қәзір сендермен сурет салудан күннің суретін саламыз. Күннің пішіні дөнгелек,түсі сары. Күн болмаса үнемі қараңғы болып тұрады. Күн аспанда болады. Күн бізге жылу береді.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Алға қадам жасайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Құшақ толы гүлдерді,
Теріп - теріп алайық.
Балалар қәзір оң қолымызды сұқ саусағын сары түсті бояуға малып,күннің суретін саламыз,бірінші дөнгелек пішін жасаймыз содан кейін таяқшалар салу арқылы күннің сәулесін саламыз.
Ойын:«Күн мен түн»
Шарты: Күндізгі болатын жағдайларды айтқанда көзімді ашамыз,түнде дегенде көзімді алақанымызбен жабамыз.
Ойын сәтін қимыл қозғалыс арқылы орындап береді.
Балалар тәрбиешінің көмегі арқылы күннің суретін салады.
3.Қорытынды:
Сабаққа белсенді қатысқан балаларды мақтап,мадақтау.