Просмотр содержимого документа
««Күншуақ» шағын орталық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Тақырыбы: Жас өрт сөндірушілер»
«Күншуақ» шағын орталық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Күні:15.02.2022
Тәрбиеші: Жәкіш Г.А
Білім беру саласы «Денсаулық»
Бөлімі : Дене шынықтыру
Тақырыбы: Жас өрт сөндірушілер
Негізгі қимылдар;
1.заттардан аттап өту,тізелерін жоғары көтере отырып жүру
2.жоғары көтерілген баспалдақтың тақтайшалары арқылы аттап өту
Мақсаты: заттардан аттап өту,тізелерін жоғары көтере отырып жүру дағдыларын бекіту. аздап жоғары көтерілген баспалдақтың тақтайшалары арқылы аттап өтуге, тізені жоғары көтеріп, аяқты ұшымен қоюға, денені тік ұстап, тепе-теңдікті сақтауға үйретуді әрі қарай жалғастыру. Оңға қарай қосалқы адымды тізені көп бүкпей, арқа мен басты тік ұстап орындау қабілетін дамыту.
Құралдар: балалар санына қарай доптар, себет
Ұйымдастыру іздестіру
1.Бір қатар тізбекпен жүру.
2.Алаңды айнала баяу жүгіру(1мин)
Нұсқаушы балалардың бірін-бірі асып кетпей 1-2 қадам қашықтықты сақтап , ретпен жүгіргенін қадағалап отырады.
3.Балаларға доп тарату
4. Шеңберге тұру.
Саптізбекте бағытты қалай сақтауды, саптізбектен шығып кетпеуді, өзінің орнын таба білуді көрсетеді.
Жалпы дамытушылық жаттығуларды доппен орындау
Таныс жаттығуларды атайды. Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді, көрнекті үлгісін береді.
дұрыс жасауларын қадағалау.
Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді.
Негізгі қимыл түрлерін орындауды ұсынады:
1.заттардан аттап өту,тізелерін жоғары көтере отырып жүру
2.жоғары көтерілген баспалдақтың тақтайшалары арқылы аттап өту
Қозғалмалы ойын: « Кім мерген»
Ойын шарты: Ортаға үйректер кіреді. Жағаның шетінде 4 аңшы тұрады. Белгі бойынша аңшылар үйректерді доппен атқылай бастайды. Кай аңшы көп үйрекке тигізсе сол жеңіске жетеді.
Ойынды аяқтау.
Тынысалу жаттығуларын орындау.Балаларға бір қатарға тұруға нұсқау беру.
Сапта жүріп келе жатып шеңбер жасап тұрады. Теңеседі
-Балалар қолдарын тура бағытта алдыға қарай созады
- Балалар нұсқаушының түсіндіріп көрсетуі бойынша негізгі жаттығу түрлерін жасайды.
-Балалар шеңберді айнала жүріп допты жерге соғып, жоғары лақтырып қайтадан қағып алуға тырысады.
Көздеу, дәлдеп лақтыру икемділіктерін ары қарай жетілдіру үшін себетке допты лақтырады.
Балалар ойынды қызыға ойнайды.
Қорытынды
-Қандай жаттығулар жасадық?
-Балалармен бірге ойнаған және жаттыққан қимыл қозғалыстарын еске түсіру.