Просмотр содержимого документа
««Күншуақ» шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Тақырыбы: Жедел жәрдем машинасы»
«Күншуақ» шағын орталық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 07.02.22ж.
Тәрбиеші: Жәкіш Г.А
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Пән: Сурет салу.
Өтпелі тақырып: «Мен және қоршаған орта»
Тақырыбы: «Жедел жәрдем машинасы»
Мақсаты: Көлік туралы түсініктерін бекіту, жедел жәрдем машинасының жеке бөлшектерін атай отырып сурет салуға үйрету. Суретті ұқыпты, таза сала білу дағдыларын қалыптастыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар.
Қажетті құрал жабдықтар: әр балаға арналған үлестірмелі материал,қара
бояу,тығындар,қол сүрткіштер,су.
Сөздік жұмыс: тығын,дөңгелектер.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Балалар топтағы ойыншықтардың машиналардың дөңгелегі жарылып, орманға саяхатқа бара алмай отыр.
-Балалар,ойыншықтарға көмектесеміз бе?
Балалар көмектесетіндері жайлы айтты.
Негізгі бөлім
Балалар топта көптеген ойыншық машиналар бар,үйлеріңде де бар ма?
Балалар мына суреттерде жеңіл және жүк машинасы,жедел жәрдем машиналары бейнеленген.Сендерге қай машина ұнайды?
-Машинаның түсі қандай?Неше дөңгелегі бар?
Балалар ойыншықтарға көмектесу үшін алдарыңдағы парақтағы дөңгелегі салынбаған машинаның дөңгелегін тығын арқылы салу керек.
Сергіту сәті.
Күн болып жанайық,
Мөлдір су боп ағайық.
Гүл болып жайнайық,
Терең-терең дем алып.
Жүгіріп-жүгіріп алайық.
-Ол үшін алдымен тығынды қол-дарыңа алыңдар,оны алдарыңда тұрған қара бояуға ұқыпты батырып,бірінші алдыңғы дөңгелегін,сонан кейін артқы дөңгелегін бастырып бояңдар.
-Бұл жүк машинасы болғандықтан,дөңгелегін тегіс етіп бояуы-мыз керек.
Сөздік жұмыс:тығын,дөңгелек. Балалар жұмыс жасап болсақ, бойымызды сергітіп алайық.
Балалар, сендерге ойыншықтар риза болып,енді орманға саяхатқа бара алатыны жайлы айтып,рахметін білдірді.Балалар серуенге шыққанда сендер де, өздеріңе ұнайтын машиналарды алып ойнайсыңдар.
Қорытынды
Көрме ұйымдастыру. Балаларды мақтау.