СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Курастыру кмж 3 ҰОҚ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Курастыру кмж 3 ҰОҚ»

ТАҚЫРЫБЫ: Мен мектепке не апарамын?

Мектеп/МҰ: Абай Құнанбаев атындағы №19 орта мектеп

Күні: 18. 09. 2019ж

Педагогтің аты-жөні: Исматова А. С.

СЫНЫП-ТОП: МАД «В»

Қатысқандар саны: 26

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары

0.1.1.4. Заттардың қолданылу аясы мен құрылуы арасындағы байланысты орнату.

0.1.2.1. Материалдармен және құралдармен жұмыс жасау кезінде техникалық қауіпсіздік ере-желерін сақтау.

0.2.1.1. Құрастыру түрлеріне сәйкес түрлі техни-калар мен тәсілдерді қолдану.

0.1.2.3. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарды ретке келтіру.

0.3.2.2. Өзінің шығармашылық жұмысының нәтижесін сипаттау және бағалау.

Күтілетін нəтиже

Барлық тəрбиеленушілер:

- қағазбен және қажетті құралдармен жұмыс жа-сау кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтай алады;

- жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіре алады.

Көпшілік тəрбиеленушілер:

– құрастырудың түрлеріне сәйкес әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана алады;

– заттардың қолданылу аясы мен құрылымы арасындағы байланысты орната алады.

Кейбір тəрбиеленушілер:

– қағазды бүктеу техникасын меңгереді, қажетсіз заттармен жұмыс жасай алады және ұсақ бөліктерін толықтырып, оны әшекейлеуді үйренеді;

– өзінің шығармашылық жұмысының нәтижесін сипаттай және бағалай алады.

Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер:

  • мектеп туралы әңгіме жүргізеді, қағазбен жұмыс жасайды, материалдардың кейбір қасиеттерін сипаттай алады.

Көптілділік: мектеп – школа – school.

Негізгі терминдермен сөз тіркестері:

мектеп, сабақ, альбом.

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алысуға арналған сұрақтар. Мектепте қандай қызықты және пайдалы нәрселерді білуге болады? Мектепте сен не үйренесің? Мектепке барғанда сен қандай оқу құралдарын алып барасың? Албом не үшін қажет?

Өткен ҰОҚ-дан алған білім

Қағаздың түрлері, сапасы және қатырғықағаздың қасиеттері.


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.











II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.




Психологиялық жағымды көңіл күй қалыптастыру. Тәрбиеленушілерді ҰОҚ-нің тақырыбына бағыттау: Ойын: «Менің көңіл күйім». (Бет-әлпетпен: жымияды, күледі, қимыл-қозғалыспен: секіреді, билейді т.б. көрсету). Адамдар күнделікті өмірде әртүрлі жағдайларда өмір сүреді. Олар кей-де көңілді жүрсе, бірде жабырқау, көңілсіз болатын кездері кездеседі.

Қағаздардың түрлерімен танысты-ру. Қатты қағаз (картон), түрлі түсті қағаз, жылтыр қағаз, барқыт қағаз, жұқа қағаз (гафри) және сурет салатын қағаз. Олардың сапа-ларын салыстыра отырып зерделеу, ерекшеліктерін ажырата алуға мән беру. Осылардың ішінен біз бүгін сурет салатын қағазды таңдап ала-мыз, одан сурет салуға арналған альбом жасаймыз.

Ол үшін қандай құрал-жабдықтар қажет екенін анықтап алайық: бірнеше ақ парақтар, қайшы, түрлі түсті қағаз, желім, лента немесе жіп.

Қайшы – қарапайым құрал, оны пайдаланғанды білесіңдер. Қандай қайшылар болады? Қайшымен кім жұмыс істейді? Қайшы қандай маман немесе кәсіп иелері үшін қажет? Қайшымен қағазды, матаны қалай қияды? Қайшы туралы қорытынды жасай-мыз:

1. Қайшының пішіні, өлшемі әртүрлі болуы мүмкін.

2. Қағазды, матаны, металды ке-сетін қайшылар болады.

3. Қайшы үлкен болған сайын оның қызметі де маңызды болады.














Қатырғы-қағаз, түсті қағаз, үлгі-қалып, қайшы, желім.

ҰОҚ-ның ортасы

III. Тақырып бойынша жұмыс


Әліппе -дәптермен жұмыс.

Бүгін біз ақ қағазды пайдаланып альбом жасауды үйренеміз.

1. Бұл жұмысты орындау кезінде сендер парақ қағаздарды бірінің үстіне бірін қойып алыңдар.

2. Енді ретімен шеткі бөлігін бір-біріне желіммен жапсырыңдар.

3. Ол бірнеше қабатталған соң оны тескішпен екі жерден бірден тесіп алыңдар.

4. Дайын болған тесіктерден лен-таны немесе жіпті өткізіп әдемілеп байлаңдар.

5. Альбомның сыртқы бетін безендіріңдер.

6. Ол ою- өрнектер болуы мүмкін, басқа бейнелерді де таңдауға ұсыныс жасауға болады.

7. Мысалы: қошқармүйіз өрнегін қиып көрсетеді. Қос бүктеу тәсілімен екі қабатталған түрлі түсті қағаздан үлгіқалып бойынша сызып алып, сызықтың үстімен қайшыны жүргізе отырып қиып алады.

8. Барлық оюлары қиылып дайын болған соң оны альбомның сыртқы бетіне жапсырып, безендіреді. Өрнектердің қағаз бетіне симме-триялы орналасуы, бөлшектерімен үйлесуі тәрбиеленушілерде шығармашылық ойлардың жаңа әлемін ашады.

Сергіту сәті:

Ал, тәрбиеленушілер, тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Оңға қарай иіліп

Солға қарай иіліп.

Бір отырып, бір тұрып

Біз тынығып алайық.

Әліппе-дәптер, парақ қағаздар, тескіш, лента, ою-өрнектер үлгісі.

IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. Рефлексия.

)Рефлексивті бағалау.

Дайын жұмысты таныстыру. Тәрбиеленушілер өз жұмыстарын қалай және не үшін қолданатынын айтады. Өздерінің жасаған аль-бомына қандай сурет салатынын, немесе кімге сыйға тартатынын ойлануға уақыт береді.

Қағазды үнемді және орынды пай-далан!

Сендерге өздерің жасаған альбомдарың ұнады ма?

Альбом жасауда қандай қиындықтар бол-ды? Жасалған альбомдардың іші-нен кімнің жұмысы саған ұнады?

Кім бәрінен жақсы жұмыс істеді деп ойлайсың?

Балаларға сабақта өзінің жұмысына баға беруін ұсынады. Сызық төмен қарап тұрса – қиындықтар кездескені, түзу сызық болса, өздігінен орындады дегенді білдіреді. Жұмыс орында-рын жинап, ретке келтіреді.

Әр балаға қарындаш.