Просмотр содержимого документа
«Күрделі тапсырмалар жинағы»
Ерікті тәрбие ететін үш жолдың екеуі қысқаша айтылып өтті. Енді үшіншісі туралы сөз болуға отыр.
Ол үшін жол днгнгіміз – үйрену жолы. Бұл осында жазылғанда үшінші болғаны сияқты, жұмыс жүзінде әсер беруінде де үшінші орында тұрады. бұл туралы педагогика Сократтың пікіріне құшақтасып, қосылып кете алмас. Ол айтады: «Игілік – жақсылық деген фән, оны былайғы фәндер сияқты үйрету, сабақ беру жолымен табуға болады» деп, педагогика бұдан гөрі Аристотельге жанасар.
Ол айтады игілік деген – бәрінен бегірек әдет, сол үшін де оны жұмыстану, жаттығу жолымен меңгеруге болады» дейді. Бұныңша сөз үйрену екінші дәрежеге есееп етілуге тиіс болады. Әрине, бір уақытта да қарама – қарсы болған бұл екі жолдың бір шетіне шықпас һәм бір уақытта да үйренудің бұл турада ешбір әсері жоқ.
Ахлақ ( мінез – құлық – М.Ж. ) ережелерін үйренуді түп көтере інкәр етуді (шетке қағу) Руссоның шапшендігі, Шопенгауердің жиіркеніштігі исбат етуге тырысса да, ол тәжірибе һәміс жолына ғана қарсы болу емес хатте адамның жаратылысына да қарсы болады. ақыл иесі махлұқ өзінің мінезі мен істейтін жұмысы туралы пікір жүргізбей тұра алмайды. (3 – бет. 1 – қатар бітті)
Бұл жолда баланың ақылы бірте – бірте өспекші. Міне, осы мезгілдерде баланың фікіріне жолбасшылық ету, бұл – тәрбиенің басты бір жұмбағы. Үйретудің, жол көрсетудің қай орында тұрғандығы бұдан көрінсе керек. Дұрыс әмейі ахлақ – үгітін тыңдау, жә болмаса, ахлақтың он ережесін жаттау ол әдетті тудырып, бірікті тәрбие етпейді; бірақ дұрыс жолымен ахлақ – мінезді үйрету баланың жаңа өсіп келе жатқан ойшылдығына, еркіне белгілі шекте жолбасшылық етіп, әсер беруіндеде дау жоқ.
Бұл үйрену жолында басты екі орынға көзді салу керек. Бірі – тұрмыс жолдары туралы, екіншісі – ұяттың (совесть) пайда болуы туралы. Тұрмыс жолдарын үйрену туралы жұмбақ мынау: адам өз тұрмысын әр турада табиғатқа, жаратылысқа һәм айналадағы халықтың қоғамына (среда) сәйкес етуге негіздеу тиіс.
Адам баласын қамап тұрған түрлі түрдегі (?мына сипат?), мейлі еріктің тууына түрліше әсер беретін айырым – айырым себепте бұдан туатын түрлі – түрлі мінез – хұлықтар, бұлардың бәрі баладан ұшы – қиыры жоқ тексеруді, сынауды талап етеді. Үйренудің жұмбағы – осы мың түрлі өрнектерден керектісін айырып алуға жәрдем ету һәм адам баласының әрбір ісіндегі себепті және ол себептің әлгі іске қалай әсер етуін балаға білдіру.
Адам баласының істерінің, мінездерінің түрліше болуының себептері – түпкі себептеріне тереңнен түсініп, хабардар болып тұру, тура жолды табуға, адамшылықтың жеттігуіне, мінездің тазалығына ұлығ себеп. Жаңылыс жолға кірген залалды мінезге шар еріктің, ұятсыздықтың қанша әсері болса, себебіне түсінбеу, фікірдің тайыздығы бұ да сонша әсер береді. Адам істейтін жұмысын аудара қарап, ақтар сұрамай, көз жұмып істегендіктен, көбінесе өзіне, ия басқаларға зиян етеді. Айталық, адамда жастық күші бар, мұны ойламай, жеңілдікпен жұмсаудан адам кейде өзінің саулығын жояды,