СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Күшікке арналған үйшік

Нажмите, чтобы узнать подробности

Дайын пішіндерден жапсыру дағдыларын қалыптастыру. Ұқыпты жұмыс істеуге тәрбиелеу

Просмотр содержимого документа
«Күшікке арналған үйшік»

Екінші кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности во второй младшей группе

Өткізу күні/Дата проведения:

Тәрбиеші/Воспитатель: Хамитбекова Н.Б

Білім беру саласы/Образовательная область: Шығармашылық.

Пән/Предмет: Жапсыру.

Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Дені сау боп өсеміз»

Тақырыбы/Тема: «Күшікке арналған үйшік»

Мақсаттары/Цели:

1.Тәрбиелік – воспитательная: Үшбұрыш пен шаршы геометриялық пішіндерден композиция құруға үйрету.

2.Дамытушылық – развивающая: Дайын пішіндерден жапсыру дағдыларын қалыптастыру, пішіндерді қағазға дұрыс орналастыруға үйрету.

3.Оқыту – обучающая: Балаларды ұқыпты жұмыс істеуге тәрбиелеу.


Педагогикалық технологиялар/пед.технологии:денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: күшік ойыншығы, қағаздан қиылған дайын геометриялық пішіндер, жұмсақ модуль «Пирамида»

Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: үйшік-домик үшбұрыш-треугольник , шаршы-квадрат


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:

Сұрақ жауап арқылы балалармен әңгімелесу.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінде ағаштағы жапырақтардың түсі қандай болады?

Тосын сәт: Балалар, бүгін бізге кім қонаққа келді екен, қарандаршы.

Тәрбиеші қолына күшік ойыншығын киеді.

Күшік:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Менің атым- Ақтөс.

Менің үйшігім жоқ, маған үйшік салып беріңдерші.

-Үйшік салмас бұрын пішіндерді ажыратып алайық.

2.Негізгі бөлім/оснавная часть:

Д/о: «Пішіндерді ажырат».

-Мынау-кішкентай шаршы.

-Мынау-үлкен шаршы.

-Мынау-үшбұрыш.

Үлестірмелі материалға назарларын аударады.

-Кішкентай шаршының түсі қандай

-Үлкен шаршының түсі қандай?

Үшбұрыштың түсі қандай?


Билингвалдық компонент: үйшік-домик үшбұрыш-треугольник , шаршы-квадрат

-Енді үйді саламыз.

Тақтаның ортасына үлкен шаршыны қояды.

-Бұл қандай пішін?

-Бұл үйдің қабырғалары.

-Бұл әлі салынып бітпеген үй.

Тәрбиеші кішкентай шаршыны үлкен шаршының ішіне қояды.

-Бұл – үйдің терезесі.

Үйдің төбесіне үшбұрышты қояды.

-Бұл қандай пішін?

-Бұл үйдің төбесі.

Сергіту сәті.

Сергіту сәтің қимылмен көрсетеді.

Орнымыздан тұрамыз,

Қос бүйiрдi сығамыз.

Оңға, солға бұрылып,

Бiр айналып шығамыз.

Бiр,екi, үш, төрт, бес

Қолды қолға ұрамыз.


Жеке жұмыс. Балаларға жапсыруға көмек беру.


Жұмсақ модуль «Пирамида»

Мақсаты: Пішіндердің көлемін және түсін меңгерту.

Балалар көлемі бойынша үлкенінен бастап жинайды. Пирамиданы құрастырған соң, түстерін атайды.


3.Қорытынды/итоговая часть:

-Балалар біз не істедік?

Ақтөс балалар салған үйді қарайды, балаларды мақтайды.

-Болашақта жақсы құрылысшы болады екенсіңдер!

Ақтөс балаларға рақмет айтады.

Қоштасады.










Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!