| Тосын сәт: - Балалар экранға қараңдаршы,бізге күшік хат алып келіпті. Қанеки хатты оқыйықшы Хат: - Сәлеметсіңдер ме, балалар! Біз сендерден көмек сұрағалы тұрмыз. Біз өз тобымызды толықтырып алғымыз келеді, бірақ көмекшілер таппай жүрміз. Біздерге көмекшілерді тауып беруге көмектесесіңдер ме? - Балалар көмектесеміз бе? Ал хатты жіберген кім екенін білгілерін келе ме? Қараңдаршы мына хаттың ішінде қиылған суреттер бар екен, егер оларды жинасақ, хаттың иесін табамыз (Балалар хаттағы қиылған суреттерді жинайды). -Балалар бұл хатты күшіктер патрулі жіберген екен. Енді жолға шығып көмекке барайық. Орнымыздан тұрайық, Жол сапарға шығайық Топ-топ басайық, Көмекке барайық. Көмектесіп болған соң Тобымызға қайтайық (Шеңбер бойымен жүріп, орындықтарға отырады) - Балалар, қараңдаршы бізді күшіктер патрулі қарсы алып жатыр. Олар өздерін таныстырғылары келіп тұр. Бәрімен жеке – жеке танысайық. Қараңдаршы олар бір-біріне ұқсамайды, түрлі иттер тұқымдарынан екенін байқаған шығарсыңдар. Енді олардың түрлерімен танысайық. 1. Крепыш- бұл иттің түрі- бульдог деп аталады. Бульдогтар ең алғаш Ұлыбританияда пайда болды. Бульдогтың денесінің қысқа болғанына қарамастан, ол салмақты - кейбір еркектердің салмағы 50 килограммға жетеді. 2. Зума- бұл иттің түрі- лабрадор деп аталады. Лабрадор – иттердің арасында ең әйгілі ит. Ол ең алғашқы рет Канада елінде пайда болды. Оның ерекшеліктері: ол 14 м тереңдікке сүңгиді, 3 секунде 20 км/сағ жылдымдықты жетілдіреді, жұмыртқаны аузымен тасып, сол қалпында әкеле алады. 3. Чейз- бұл иттің түрі- неміс овчаркасы деп аталады. Неміс овчаркасы Германияда малшылар мен фермерлерге көмек ретінде берілген қызметтік иттердің тегі. 4. Маршал- бұл иттің түрі- далмация (далматинец) деп аталады. Бұл иттердің «ресми» отаны - Далматия. Далмация - мықты, бұлшықет симметриялық денесі бар ит. Ол өте ақылды және күшті. 5. Скай- бұл иттің түрі- кокапу деп аталады. Шыққан елі АҚШ. Пудель мен коккер тұқымдарын будандастырудан пайда болған. Ол өте тапқыр және мейірімді. Сондықтан көптеген адамдар оларды үйлеріне қамқорлыққа алады. -Балалар ит адамға не үшін қажет? (балалардың жауаптары) - Иттер түрлі қызметтер атқарады: Бақташы иттер мал бағуға көмектеседі. Сонымен қатар әскери қызметте де иттер болады, олар полицияға, шекарашыларға қылмыскерлерді ұстауға көмектеседі. Түрлі заңмен тыйым салынған заттарды шекарадан кіргізбеуге көмектеседі. Кейбір иттер көздері көрмейтін - соқыр адамдарға көшеде жүріп - тұруға көмектеседі. Аңшылар да иттерді өздерімен аңға алады, олар аңшыларға көмектеседі. Сонымен қатар ең алғашқы рет ғарышты иттер бағындырған. 1960 жылы 19 тамызда «Спутник - 5» кемесімен Белка және Стрелка деген екі ит ғарышқа бірінші болып ұшқан. -Балалар енді күшіктер патруліне көмектеспес бұрын бойымызды сергітіп алайық Сергіту сәті. Саусақ жаттығуы: «Қуыр-қуыр-қуырмаш» 2 кезең Аппликация - Балалар енді жұмысқа кірісейік. Ең алдымен мен сендерге үлгіін көрсетемін. Сендер қайталап отырасыңдар. - Бірінші шаршы қағазды диагональ бойынша үшбұрыш қылып бүктеп аламыз; - үшбұрыштың екі бұрышын бүтеп аламыз - Қосарланған бұрыштың беткей жағын бүктейміз - Қолымызға маркер алып, иттің тұмсығын, көзін толықтырып саламыз (Қиналған балаларға жеке көмек көрсету) |