«Қостанай қаласы әкімдігінің
Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№ 11 бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік
коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Өткізгендер: Құрмансейтова Ә.Т.
Мухамбетжанова К.Б.
Қостанай 2019ж.
Күз мерекесіне арналған мектепалды даярлық тобы мен
ересек топтар арасында өткізілген «Күз ханшайымы» байқауының өткізілу бағдарламамсы.
Жүргізуші:Құрметті ата-аналар, тәрбиешілер,қонақтар!
Сіздерге балабақша бүлдіршіндерінің қатысуымен өтетін
«Күз ханшайымы» байқауын ұсынамыз.
Ата-ананың аялы алақанындағы балалық шақ, балабақшадағы бал дәурен баланың ең бір бақытты, алаңсыз кезі. Біз балабақшамыздағы тәрбиеленуші ұлдармен бірге қыздарымыздың да ақылды да,парасатты, тәрбиелі де инабатты ару қыз болып өскенін қалаймыз. Сондықтан бүгін балауса қыздарымыздың балабақшада қандай тәрбие алып жүргенін көріп, бәріміз куә болайық.
Әділқазы береді,
Өздеріңе билікті.
Өнерде кім жеңеді,
Алады сол сыйлықты,- деп еңалдымен сіздерді әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейік:
1.Іс-қағаздар реттеуші Қарлығаш Байғонысқызы, балабақша әдіскері
Айжан Қайратқызы.
Жүргізуші: Уа, халайық,халайық,
Бәріміз назар салайық.
Мерекесі бақшаның,
Сайысын біз бастайық.
(Ортаға бүгінгі сайысқа қатысушы аруларды шақырамын)
Жүргізуші: Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келді міне ортаға толқып-тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошаметпен қарсы алайық.
( Сайысымызда арулардың реттік белгілерін анықтау үшін, сұлтандарымыз мойындарындағы алқаларын аруларға ұсынады.)Сайысқа қатысушы аруларды реттік белгілері бойынша таныстыру, орындарына отырғызу.
Сайысты бастамас бұрын, сайыстың шарттарымен таныстырып өтейін:
Сайыс шарттары:
1.Менің ата-тегім . (Өзін-өзі таныстыру.)
2.Кім ойға жүйрік (Жұмбақ шешу)
3.Дәрумендер денсаулық сақтаушысы.(Күзгі байлықтардантағам дайындау)
4. «Өнерлі өрге жүзер» (Өз өнерлерін көрсету)
5.« «Әсем біздің арулар» (Сән үлгісін көрсету)
Жүргізуші: «Күз ханшайымы» сайысына қатысушы аруларға арнап, қошыметімізді көрсетейік.
Ендеше сайысымызды бастаймыз.
«Менің ата-тегім»
1.Өзін-өзі таныстыру (реттік санымен аруларды шақыру)
«Кім ойға жүйрік»(жұмбақ шешу)
« Дәрумендер денсаулық сақтаушысы»
(күзгі байлықтардан тағамдар жасау)
4.«Шебер қолдар» (ата-аналармен бірлесіп жасаған жұмысы)
Арулар жасаған жұмыстарын әділ-қазыларға ұсынады.
5.«Өнерлі өрге жүзер» (өнерлерін көрсету)
Арулар дайындаған өнерлерін ортаға салады.
6. «Әсем біздің арулар» (Сән үлгісін көрсету )
Жүргізуші: Білім,ғылым,өнерге,
Қанат қағар кездерің.
Еліміздің ертеңі ,
Үміт етер өздерің.
-дей отырып, бүгінгі «Күз ханшайымы» сайысын аяқтаймыз.
Әділ-қазылар қорытынды шығарғанға дейін балаларға ән кезегін береміз.
Ән: «Күз» .
Әділқазылар сыйлықтар мен мақтау қағазымен мараппаттайды.