СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Күз мерекесіне арналған ертеңгілік "Алтын күз"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Алтын күз мерекесі

Залда патша, жемістер мен көкіністер ұйықтап жатады.Жемістер патшаның Торда Алтын күз отырады.

Музыка әуені ойналады залға жүргізушілер кіреді.

1-ші жүргізуші Жандос  : Береке бақ дарыған,

                            Жомарт көңіл, жарқын жүз.

                            Сары алтынға малынған,

                             Жетті міне ,Алтын күз!

 

2-ші жүргізуші: Құрметті ата-аналар , жас бүлдіршіндер, қонақтар сіздерді Күз мерекесімен құттықтаймыз.Біздің Алтын күз мерекемізге хош келдіңіздер.

Музыка әуені ойналады,сол кезде барлығы ояна бастайды.

 

 2-ші жүргізуші Диктафон:Ерте ерте ертеде бір сарайда патша,жемістер мен көкіністер, кішкентай ханзада  өмір сүріпті.

Сол кезде сарайға кішкентай ханзада келеді,бірдеме іздейді,ал тордың ішінен көмекке күз ханшайымы шақырады.Ізденіп жүрген кішкентай ханзада тоқтап:

Просмотр содержимого документа
«Күз мерекесіне арналған ертеңгілік "Алтын күз"»

Алтын күз мерекесі

Залда патша, жемістер мен көкіністер ұйықтап жатады.Жемістер патшаның Торда Алтын күз отырады.

Музыка әуені ойналады залға жүргізушілер кіреді.

1-ші жүргізуші Жандос : Береке бақ дарыған,

Жомарт көңіл, жарқын жүз.

Сары алтынға малынған,

Жетті міне ,Алтын күз!


2-ші жүргізуші: Құрметті ата-аналар , жас бүлдіршіндер, қонақтар сіздерді Күз мерекесімен құттықтаймыз.Біздің Алтын күз мерекемізге хош келдіңіздер.

Музыка әуені ойналады,сол кезде барлығы ояна бастайды.


2-ші жүргізуші Диктафон:Ерте ерте ертеде бір сарайда патша,жемістер мен көкіністер, кішкентай ханзада өмір сүріпті.

Сол кезде сарайға кішкентай ханзада келеді,бірдеме іздейді,ал тордың ішінен көмекке күз ханшайымы шақырады.Ізденіп жүрген кішкентай ханзада тоқтап:


К.ханзада Рауан :-Уа, ханшайым недеген дауыс мынау тордан шығады. Бұл жерде кім отыр?

Ханшайым Айсара:- Мен күз ханшайымды жазаладым. Өйткені бізге келіп, ауа райымызды суытты. Жемістер мен көкіністер мұнайып қалды.

К.ханзада Рауан:- Жоқ,жоқ о не дегеніңіз.Күз ханшайымды мен күз мерекесіне шақырдым.

Ханшайым Айсара:-Қалай шақырдың, кімнен хатты жіберіп шақырдың. Сен неге бұйрық беріп жүрсін,сен әлі кішкентайсың ғой.

К.ханзада Рауан:-Жоқ,жоқ о не дегеніңіз.Мен бұйрық берген емеспін, өткенде теңіз жағалауында отырғанда, судан мынау ыдыс алдыма түсті. Маған өте қызықты болып кетті.Ашқаным сол ішінен ДЖИН шықты, ол өзін солай таныстырды. Содан кейін шығарған үшін, менің бір арманымды орындаймын деп айтты. Көптен бері Күз ханшайымды көрмегесін,менің арманым мерекедебізбен болу.Біз барлығымызда сағына күттік .Жемістер мен көкіністер содан мұнайып отыр. Ал сіз оны торға қамап қойдыңыз.

Ханшайым Айсара:- Солайма егер де Күз ханшайымды шығарғыларын келсе сендер бір тапсырманы орындауларын керек.(Барлығы орындаймыз деп айттады) .Ендеше менің көмекшілерім мақалдың басын айтады, ал сендер жалғастрасындар.

2-ші жүргізуші:

1.Еңбек- ердің.............санаты

2.Білім-ердің...............қанаты

3.Еңбек-барлығын ..................жеңбек


( Жарайсыңдар ханшайым өз уәдесін орындайды музыка әуені ойналып тор ашылады ішіне Күз ханшайымы билеп шығады)

Күз ханшайым Айжан апай:-Рахмет сендерге көкіністер мен жемістер,Кішкентай ханзада. Сізгеде рахмет босатқан үшін, мен сендерге арнап әр түрлі жұмбақтар,ойындар және күз байлығын әкелдім.Мен бұл мерекені өте көп күттім,сондықтанда барлығымызда қуанып мерекені қызықты өткізейік.

2-жүргізуші:Мерекеге арнап Жомарт күз әнің орындап берейік.(хор)


1-ші жүргізуші Жандос:Бүгін мейрам, бүгін той

Қуаныш күн біліп қой.

Күзгі бақтай сыңғырлап,

Алақанды соғып қой.

Күз ханшайым Айжан апай: Мерекеге келгендер жай отырмайсыңдар, қазір ойын ойнаймыз. Ойынның аты «Кім жылдам? » (шартың түсіндіру ,музыка ойналады)

1-ші жүргізуші: Күз ханшайымы сізге арнап көкіністер өздерінің тақпақтарын айтады.

Пияз К. Алина

Асханадан шықпаймын,

Атым пияз бұқпаймын.

Көден жасты шығарып,

Тұмаудан да сақтаймын.


Асқабақ Ш. Амина

Күзді күтіп жатамын,

Жиып нәрді бойыма.

Асқабақпын, жараймын,

Қыстай сақтап қоюға.

Қауын Думан

Исім жұпар аңқыған,

Бақшадағы шырынмын.

Жеп көргендер тамсанған,

Балдай тәтті қауынмын.


Қарбыз Адель

Көрсен егер бақшада,

Доп екен деп қалмағын.

Шөл қандырар қарбызбын,

Ерте үзіп алмағын


Сәбіз Тимур

Өсіретін бойынды,

Дамытатын ойыңды.

Қоянға да азықпыз,

Сәбіздерміз жазықсыз.


Қызылша Аяжан

Ақ түсім бар қант алар,

Қызыл түсім қанға нәр.

Зияным жоқ біліп қой,

Қызылшамын пайдам бар.


Қияр Жансая

Қияр деген мен болм

Ерте пістім бақшада.

Салат жасап өзінен,

Қуантамын бәріңді.


Қызанақ Жания

Бақшамызға көптеген,

Қызанақты өсірдік.

Күз болғанда шырының

Дайындадық мол етіп.

Дәм татыңыз қып-қызыл,

Қызанақ деген мен болам.


Күз ханшайым Айжан апай:-Рахмет сендерге, мен өте қуаныштымын.

1-ші жүргізуші: -Құрметті Күз ханшайым сіз қонақ болып отырыңыз.Ал біздің жемістеріміз сізге және қонақтарымызға өздерін таныстырып кетеді.

Алма Ясмина

Нарттай қызыл алмамын,

Мәз болады алғандар.

Жазда әдемі киінем,

Тілді балдай үйірем.


Алмұрт Тамерлан

Мен алмұртпын, алмұртпын,

Күзде жинап алатын,

Балбыраған біреуін

Жесең тойып қалатын.


Өрік Қасиет

Мен өрікпін, өрікпін,

Табиғатқа көрікпін.


Шие Фирая

Шиемін мен шиемін,

Піскенше тон киемін.

Бала келсе жаныма,

Басымды мен иемін.


Шабдалы Каусар

Пісетін кезде дәл күзде

Мезгілсіз оны сен үзбе.

Ауызынан кетпес бал дәмі

Оның аты шабдалы.


Жүзім Нурай

Мен жүзімін, жүзімін

Моншақ болып тізілдім


Күз ханшайымы Айжан апай:- Уа, ханшайым сіздердің көкіністерін де, жемістерін де қалай жақсы өздерін таныстырды.

1-ші жүргізуші: Құрметті Күз ханшайымы сізге және қонақтарымызға арнап ағылшын және орыс тіліне тақпақтарын айтады.

Күз ханшайымы Томирис:-Мен өте қуаныштымын сіздермен осы мерекені өткізгеніме.

Ханшайым Айсара:-Жоқ тоқтаңыз біздің мерекеміз осымен аяқталған жоқ. Сіздерге айтарым бар.

Санжар:Алақай,алақай

Күз келді балақай

Береке Алтын күз

Мереке Алтын күз

Жүргізуші: (жаңбырдың дыбысы )Балалар тындаңдаршы бұл не деген дыбыс?

Жаңбыр келеді,ойын өткізу «Шалшық» ойының шартын түсіндіреді

1-ші жүргізуші: Құрметті Күз ханшайымы сізге және қонақтарымызға тосын сый бар.Сіздерге арнап би билейміз.

Күз ханшайымы Томирис:-Би билеп, ән шырқадық енді мен сендерге дайындаған жұмбақтарым бар. Оларды көмекшілерім оқып береді, ал сендер шешуін айтасыңдар.

2-ші жүргізуші:

1.Іші толған шәрбат,

Дәмі қандай әйбат!

Үзесің бірдей жүзін,

Оның аты ( ЖҮЗІМ)

2.Дөп-дөңгелек доптай,

Одан дәмді жоқтай.

Мезгілсіз оны жұлма,

Оның аты ( АЛМА)

3.Дөп-дөңгелек, сары

Ішінде бар дәні.

Қызығасын көріп,

Оның аты ( ӨРІК)

4.Жапырақты тасалап,

Өсетін жері бақша-бақ.

Күрең қызыл, шіркін-ай!

Оның аты ( ҚҰЛПЫНАЙ)

Ханшайым Айсара:-Ия Күз ханшайымы жұмбақтарыңыз қызықты екен.

Дильназ:Біздің дала бай дала,

Алтын астық айнала.

Астық дала сәулетті

Астық – Отан дәулетті

Біздің дала-бай дала,

Алтын астық айнала.


1-ші жүргізуші: Хордың орындауында «Әрқашан күн сөнбесін» әнің қабыл алыңызда.

Күз ханшайым Айжан апай : Балалар мен сендердің әсем билеріңді тамаша әндеріңді ,тақпақтарыңды қызыға тамашаладым.Алай да мені сендер сияқты басқада кішкене бүлдіршіндер күтіп отыр.Мен соларға баруым қажет.Мен сендерге күз мерекесінің сыйлықтарын алып келдім.

Жүргізуші:

-Ән шырқадық бәріміз,

Мерекеде қуанып.

Қоштасамын сендермен,

ҰМЫТПАЙМЫЗ БӘРІМІЗ (Балалар хормен айтады)

( Балалар хормен қоштасады)

1-ші жүргізуші:

Таймас:Құтты болсын тойымыз

Сәтті болсын ойымыз.

Рамина:Бүгін міне мерекеде

Той тойладық бәріміз.

2-ші жүргізуші: -Құрметті ата-аналар, қонақтар біздің Алтын күз мерекеміз аяқталды қош сау болыңыздар.











Пияз

Асханадан шықпаймын,

Атым пияз бұқпаймын.

Көден жасты шығарып,

Тұмаудан да сақтаймын.



Қызанақ

Бақшамызға көптеген,

Қызанақты өсірдік.

Күз болғанда шырының

Дайындадық мол етіп.

Дәм татыңыз қып-қызыл,

Қызанақ деген мен болам.

Асқабақ

Күзді күтіп жатамын,

Жиып нәрді бойыма.

Асқабақпын, жараймын,

Қыстай сақтап қоюға.


Сәбіз

Өсіретін бойынды,

Дамытатын ойыңды.

Қоянға да азықпыз,

Сәбіздерміз жазықсыз.


Қияр

Қияр деген мен болм

Ерте пістім бақшада.

Салат жасап өзінен,

Қуантамын бәріңді.


Қызылша

Ақ түсім бар қант алар,

Қызыл түсім қанға нәр.

Зияным жоқ біліп қой,

Қызылшамын пайдам бар.


Қарбыз

Көрсен егер бақшада,

Доп екен деп қалмағын.

Шөл қандырар қарбызбын,

Ерте үзіп алмағын.


Қауын

Исім жұпар аңқыған,

Бақшадағы шырынмын.

Жеп көргендер тамсанған,

Балдай тәтті қауынмын.


Шие

Шиемін мен шиемін,

Піскенше тон киемін.

Бала келсе жаныма,

Басымды мен иемін.

Өрік ( Иманали)

Мен өрікпін, өрікпін,

Табиғатқа көрікпін

Шабдалы

Пісетін кезде дәл күзде

Мезгілсіз оны сен үзбе.

Ауызынан кетпес бал дәмі

Оның аты шабдалы.


Алмұрт

Мен алмұртпын, алмұртпын,

Күзде жинап алатын,

Балбыраған біреуін

Жесең тойып қалатын

Жүзім

Мен жүзіммін,жүзіммін.

Моншақ болып тізілдім .


Алма

Нарттай қызыл алмамын,

Мәз болады алғандар.

Жазда әдемі киінем,

Тілді балдай үйірем






К.ханзада:-Уа,тақсыр недеген дауыс мынау тордан шығады. Бұл жерде кім отыр?

К.ханзада:- Жоқ,жоқ о не дегеніңіз.Күз ханшайымды мен күз мерекесіне шақырдым.

К.ханзада:-Жоқ,жоқ о не дегеніңіз.Мен бұйрық берген емеспін, өткенде теңіз жағалауында отырғанда, судан мынау ыдыс алдыма түсті. Маған өте қызықты болып кетті.Ашқаным сол ішінен ДЖИН шықты, ол өзін солай таныстырды. Содан кейін шығарған үшін, менің бір арманымды орындаймын деп айтты. Көптен бері Күз ханшайымды көрмегесін,менің арманым мерекедебізбен болу.Біз барлығымызда сағына күттік .Жемістер мен көкіністер содан мұнайып отыр. Ал сіз оны торға қамап қойдыңыз.

Патша:- Мен күз ханшайымды жазаладым. Өйткені бізге келіп, ауа райымызды суытты. Жемістер мен көкіністер мұнайып қалды.

Патша:-Қалай шақырдың, кімнен хатты жіберіп шақырдың. Сен неге бұйрық беріп жүрсін,сен әлі кішкентайсың ғой.

Патша:- Солайма егер де Күз ханшайымды шығарғыларын келсе сендер бір тапсырманы орындауларын керек.(Барлығы орындаймыз деп айттады) .Ендеше менің көмекшілерім мақалдың басын айтады, ал сендер жалғастрасындар.

Патша:-Жоқ тоқтаңыз біздің мерекеміз осымен аяқталған жоқ. Сіздерге айтарым бар.

Күз мезгілі басталды,

Құстар қайта бастады.

Туыстық адал достықпен,

Бейбіт өмір жалғасты.

-Мен және менің сарайындағы көмекшілерім бейбіт өмірімізге арнап ән шырқаймыз.

Патша:-Ия Күз ханшайымы жұмбақтарыңыз қызықты екен.

Біздің дала бай дала,

Алтын астық айнала.

Астық дала сәулетті

Астық – Отан дәулетті

Біздің дала-бай дала,

Алтын астық айнала.