СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Күз мезгілі туралы тақпақтар жинағы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Күз мезгілі туралы балаларға арналған тақпақтар жинағы. Жаттауға оңай әрі тез.

Просмотр содержимого документа
«Күз мезгілі туралы тақпақтар жинағы»

Нурбол

Күзде дала жаурайды, Көкте бұлттар аунайды.

Бұтағынан үзіліп, Жапырақтар саулайды.



Нәби

Қарашы күз келді, күз келді

Жапырақ жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен тізеді,

Қара бұлт қабағын түйеді.


Адия

Алтын, сары, қызыл,көк, Алуан-алуан жапырақ. Күзгі бақта күлімдеп, Көз тартады атырап.



Расмина

Жапырақ ұшты

Суық та түсті.

Сонда да бізге,

Қызық көп күзде.



Көркем

Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді



Сара

Көбейді құт –береке

Астық толы қоймамыз.

Құтты болсын мереке,

«Алтын күзді»тойлаймыз.


Нурикамал

Көрініп еліме

Күндері мереке.

Келді ғой жеріме

Күз дейтін мереке.





Ясмина

Сап - сары маңай,

Сап - сары тоғай.

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып.

Айша

Күздің қазан айында,
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр - сыбдыр түседі.


Анель

 Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз.
Жиып - теріп болған соң,
Той жасайды халқымыз.

Нұржан
Сап - сары ғып даланы,
Бояпты ғой күз деген.
Құстар қанат қағады,
Қоштасқандай бізбенен.


Адель

Күзім-ау, күзім-ау, 
Мінезің бұзық – ау
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық – ау


Аида

 Жайдары күз,жомарт күз,

Аяулы күз,алтын күз.

Дәнге толы кең далам

Дариядай шалқып жүр.


Асем

 Алқаптан бидайды

Қоймаға ел жинайды.

Тырнасы тізілген,

Ұнатамын күзді мен.






Ханшайым

Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық
Би билейік, ойнайық.

Айзере
Кун суытып
Жапырақтар түседі.
Астық - жеміс жиылды.
Қамбамызға құйылды.



Амангелді

Қамба толды астыққа
Алғыс саған алтын күз.
Бір уыс дән шаштық та,
Қап - қап қауын алдық біз.


Ильяс

Алақай! Алақай!

Шаттанды  балақай!

Күз түсті, дән  пісті.

Айтамыз  алғысты.



Адлет

Құстар қайтты ән салып,
Бұлт шарлады аспанды,
Қыс келеді жар салып
Күзгі суық басталды.


Ануар

Келді міне күз,

Айнала сары түс.

Керемет, тамаша,

Қандай әсем күз. 












Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!