Ересек тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в старшей группе
Өткізу күні / Дата проведения: 10.10.2018
Тәрбиеші / Воспитатель :
Білім беру саласы / Образовательная область:Коммуникация
Пән / Предмет: Сөйлеуді дамыту
Өтпелі тақырып /Сквозная тема: Жомарт күз
Тақырыбы / Тема: :«Күз». Әңгіме құрастыру, дауысты және дауыссыз дыбыстар
Мақсаттары / Цели :
1. Тәрбиелік – воспитательная:.Қатаң дауыссыз «К» дыбысы мен әрпі туралы түсінік беру.«Күз», «Көк» сөздеріне дыбыстық талдау жасату.
2.Дамытушылық – развивающая: Балалардың ұсынған тақырып бойынша әңгіменің жалғасы мен аяғын ойлап табу қабілеттерін дамыту
3. Оқыту – обучающая : Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата білу іскерліктерін арттыру.Күз туралы әңгіме құрауға үйрету
Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : суреттер,отбасы суреті,
Көп тілділік полиязычие:
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі
Мотивациялық қозғаушылық
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз екенін қайдан білдіңдер?
- Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Неліктен алтын, жомарт күз дейміз?
- Күз мезгілінде бау-бақшада не піседі?
Жауып жаңбыр,
Жер сабыр,
Шөп, жапырақ солады,
Бұл қай кезде болады? (Күз)
2.Негізгі бөлім
- Жапырақтар - сары, қызыл, жасыл болады. Күн біртіндеп қысқарады. Жауын-шашын көбейіп, күн суытады. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Күзде жеміс-жидектер, көкөністер, бақша дақылдары, егістіктегі астық пісіп, қамбаларға жиналады. Сондықтан адамдар күзді «жомарт», «алтын» деп атайды.
Мақсаты: Балалар жинаған жапырақтарын ажыратады. (түсін, пішінін айтады)
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар, (Қолдарын жоғары көтеріп оңға, солға иіледі)
Алдымнан жел еседі (Қолдарымен беттерін желпиді)
Кіп-кішкентай ағаштар, (Қолдарын біртіндеп түсіріп, ақырындап отырады)
Биік болып өседі. (Біртіндеп тұра бастайды)
Мақсаты: Балалардың епті, жылдам болуға үйрету.
Үнтаспадан көңілді әуен ойналып, балалар түрлі-түсті жапырақтарды жинап, түрін, түсін, пішінін атайды. Кім қанша жапырақ жинағанын санатып, епті, жылдам баланы атап өтеді.
Дидактикалық ойыны: «Кім, не біледі»
Балалар педагогтың күз туралы қойған сұрағына жауап беріп, кім тез және көп ұпай жинаса, сол бала жеңімпаз атанады.
“Күз белгісі неде? (Ойын)
Күзде жапырақтар… (сарғаяды)
Күзде күн … (суып, жаңбыр жауады)
Күзде құстар…(жылы жаққа ұшада)
Күзде түн…(ұзарады) Күн…(қысқарады)
Күзде жеміс-жидек… (піседі)
Күзде жазғы демалыс бітіп… (оқу басталады)
3.Қортынды
Балалар бүгінгі жұмыстарың үшін көп рахмет