СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Қыс қызығы" сабақ жоспары

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Орыс сыныбына арналған сабақ жоспары.Әр түрлі тапсырмалар.

Просмотр содержимого документа
«"Қыс қызығы" сабақ жоспары»

Сабақтың тақырыбы

«Қыс қызығы» 3 сынып

Мұғалімі:Бекташева Райгул Жумагалиевна №23ЖОББМ

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың «Қыс мезгілі» тарауы бойынша алған білімдерін жинақтау, тиянақтау,ойлау белсенділігін дамыту, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру, талдау машықтарын жетілдіру;

оқушыларды ұқыптылыққа, зейінділікке тәрбиелеу, сауатты жазуға үйрету, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;


Күтілетін нәтиже:


Берілген қосымша тапсырмаларды орындайды. Сұраққа жауап береді. Өз ойларын еркін білдіреді.

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі:

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар:

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер:

Сұрақ-жауап, «Сиқырлы таяқша» әдісі, «Миға шабуыл» әдісі,оқылым, «ПОПС» әдісі, «Суреттер сөйлейді» әдісі,әңгімелеу, түсіндіру, интерактивті тақта,көрнекілік,рефлексия.



Сабақтың жоспары:

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Басталуы

5 минут

Сәлемдесу.

Сынып реттілігін қадағалау.

Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.


Сәлем сөздің анасы.

Тобымызға кеп отырған,

Қонақтарға қарашы,

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз,

Сәлеметсіздер ме?


Қыстың үш айына байланысты оқушыларды үш топқа бөлу. Бағалау парағы үйлестіріледі. Критериилері түсіндіріледі.


Өз-өздерін ауызша фонетикалық жаттығу жасау арқылы таныстырады.



Әр оқушы бойында сыйластық қасиеті оянады.

Ортаға қыста ойналатын ойын заттары шана, шаңғы, конькидің суреттері қойылады.Балалар өздері ұнатқан,қалаған заттардың

суреттерін таңдап алып, сол бойынша топқа бөлініп отырады.Топ ережесін айтады.


Үй тапсырмасын сұрау:

7 минут




  1. «Сиқырлы таяқша» әдісі арқылы өткен тақырыпты пысықтау

  1. Неше жыл мезгілі бар?

  2. Қазір қай мезгіл?

  3. Қыс айларын ата.

  4. Қазір қай ай?

  5. Апта күндерін айт.

  6. Қазақ тілінде неше септік бар?

  7. Оларды атап бер.




Тақырыпты және сабақтан күтілетін нәтижені анықтап алады.

Оқушылар өткен сабақтарды естеріне түсіреді, ойланып жауап береді

Оқушылар өз пікірлерін білдіреді.

Сабақтың ортасы

16 минут


«Миға шабуыл» әдісі

арқылы жұмбақ шешіп тақырыпты анықтып алу.


Жапалақтап қар жауады,

Жердің бетін басады

Бұл не аппақ мақтадай?

Кәнекей кім табады?

(қар-снег-snow)

Қолы жоқ, сурет салады,

Тісі жоқ, тістеп алады

(аяз-мороз-frost)

Қыста үйге кірмейді

Жазда жүрмейді

( шана-сани-sladge)

Қыста айна, Көктемде су.

(мұз-лед-ice)

Қысы-жазы бір түсті.Ол не? (Шырша-елка-New Year tree)

Табанға тақтым, зырлап тептім (коньки-коньки-skise)

Қанаты жоқ ұшады, аузы жоқ ұлиды. (Боран-snowy)

Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тоңады.

(қар-снег-snow)

Жұмбақ шешу арқылы балалар сабақтың тақырыбы «Қыс қызығы» туралы екенін анықтайды.

Деңгейлік сұрақтар қою.


Оқылым.

Мәтінді оқып,таныс сөздерді атап бер.


Қыс мезгілі .Күн қатты суық,аяз.Адамдар жылы киімдерін киіп,өз жұмыстарымен жүр.Айнала аппақ мамыққа оранған.Балалар далада шанамен сырғанап,конки теуіп,аққала жасап кейбіреулері мұзға шаңғымен сырғанап, ойнап жүр. Мектепте де оқушылар бір-бірін қарға құлатып,қар атысып ойнап жүр.Қыста көптеген мерекелер болады.Жаңа жыл мерекесі өте қызықты болады.Шыршаға ойыншықтар ілеміз.Олар әдемі.Қыстың қызығы өте көп.

Тапсырмалар

1.Берілген мәтіндегі сөздерді аударып сөйлем құрап жаз.

Қыс айлары:(декабрь,январь,февраль). Қыста күн (холодно) болады. (Снег) жауады. (Зимой) жылы киім керек.Олар:(шуба,шапка,сапоги,шарф,

куртка).Қыста мен жылы (одеваюсь).


2.Сөйлемдерді қажетті сөздермен толықтыр.

Далада........... жауып тұр.

Балалар.....,.......,...теуіп жүр.

Қыс айлары....

Адамдар жылы............

Шыршада...........ілінген.

3.Сұрақтарға жауап беріңдер.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-

-Қыс мезгілінде ауа райы қандай болады?

-

-Қыста адамдар қалай киінеді?

-

-Қысқы киімдерді ата.

-

-Қысқы ойындарды ата.

-

-Қысқы мерекелерді ата.


Сергіту сәті. Шырша биі


Әр оқушы өз ойымен бөліседі.

«ПОПС формуласы» бойынша қыс мезгілінің басқа жыл мезгілдеріне қарағанда қызықты екенін дәлелдеңдер.

1.Менің ойымша..........

2.Мен оны былай түсінемін......

3.Оны мына деректермен, мысалдармен дәлелдей аламын.............

4.Осыған байланысты мен мынадай қорытындыға келдім .......





Ойланып жұмбақ шешеді.















Балалар топта жұмыстана отырып, берілген сөйлемдерді аяқтайды.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

7 минут

«Суреттер сөйлейді» әдісі бойынша үш топқа қыс қызығы тақырыбына байланысты үш түрлі сурет беріледі.Сол суреттерге қарап оқушылар өз ойларын айтады.


Оқушылар өз пікірлерін білдіреді.

Рефлексия

«Шыршаны безендіреміз» кері байланыс


Сабақтан алған әсерлерін әр түрлі стикерлерге жазып, шыршаны безендіреді.


Үйге тапсырма

1.(А)«Қыс қызығы» тақырыбына эссе жазу.

2.(В)Сөзжұмбақ құрастыру

3.(С)Сөздікпен жұмыс

Әр оқушы эссе жазады.


Сөзжұмбақ құрастырады.

Сөздік жаттайды.

Бағалау


5 минут

Оқушыларды бағалайды.