СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қысқа мерзімдік жоспар "Ғимарат үлгілерін ойлап тауып суретін салу"

Категория: Технология

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қысқа мерзімдік жоспар. Жалпы білім беретін мектептерге арналған. "Көркем еңбек" пәні бойынша. 3 сынып

Просмотр содержимого документа
«Қысқа мерзімдік жоспар "Ғимарат үлгілерін ойлап тауып суретін салу"»

Қысқа мерзімді жоспар


Тексерілді:

ӘБ жетекшісі: ____________



Пән: Көркем еңбек

2-бөлім :

Мектеп:



Күні:

45 минут

Мұғалімнің аты-жөні: Жунусхожаев А.Т.

Сынып: 3


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ғимарат үлгілерін ойлап тауып суретін салу

Қол жеткізілетін оқу мақсаты

3.2.3.2. Әр түрлі тәсілдермен және материалдармен (ермексаз, қолданыстан шыққан, қағаз материалдары және т.б.) көлемді пішін жасау

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

- ермексазбен жұмыс істеу техникасын меңгереді;

- бұйымның формасын анықтайды;

- бұйымның түстік, реңктік қасиеттерін анықтап, талдау жасауға дағдыланады;

Бағалау критерийлері

  • Суретттегі түстер мен реңктерге сәйкес ермексаз түстерін таңдайды;

  • Шығарманы көлемді формада орындайды;

  • Ғимарат бөлшектерін ажырата алады;

  • Өз жұмысын сауатты таныстырады.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар бірірінің жұмыстарын жақын қашықтықта бақылау дағдылары, түстерді араластыру және тиісті түстерді іріктеу дағдыларын талқыға сала алады.

Сыныптастарымен бірге ескерту жасап және бүкіл сынып алдында пікірін білдіріп (сөйлеу, аудирлеу және жазу), өзінің жұмысы және құрдастары жұмыстарының «күшті жақтары» мен «әрекеттің мүмкін нұсқаларын» талқылай алады

Пәндік лексика және терминология:

Ермексаз, көлемді пішін, ғимарат, түстік арақатынас, түстік шешім

Құндылықтар

Ашықтық: Оқушы жұмыс орындау барысында бір-бірімен ынтымақтастықпен ашық пікір бөлісіп, шығармашылық көзқараспен еңбектенеді. Өз жұмысына асқан жауапкершілікпен, белсенділікпен қатынасады.

Адалдық: Оқушылар мен ұстаздарға деген құрмет пен мадақтау шынайылық пен айқындылықтың ұстанымына негізделген.

Құрмет: Сыныптастардың қабылдаған шешіміне, өзге адамдарға, мәдениетке, пікірге, құндылықтарға деген құрметпен қарауға үйренеді

Жаһандық азаматтық

Әлемдік ғимараттар, олардың пайда болуы, дамуы туралы теориялық бөлімінде мәліметтер келтіріледі. Мысалы Қ.А.Ясауи кесенесі, Үндістандағы Тажмахал кесенесі, Ұлы Қытай қорғаны т.б.

Пәнаралық байланыстар

Тарих: Ғимараттардың пайда болуы мен даму тарихы жайлы кеңінен сөз болады.

АКТ қолдану дағдылары

Миға шабуыл кезінде презентация көрсету

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

«Ең...» миға шабуыл

2 минут














Сабақ мектеп құндылығы бойынша сыпайы сәлемдесумен басталып, өткен сабақтарға шолу жасалады. Сабақтың тақырыбын ашу үшін оқушыларға ғимараттарға қатысты бірнеше жоғары деңгейлі сұрақтар беріледі:
  • Ең биік ғимарат қай елде? «Бурдж-Хали́фа» ғимараты Біріккен арабтар эмиратында биіктігі 828 м
  • Ең ұзын қамал қандай қамал? Ұлы Қытай қорғаны. Ұзындығы шамамен 7450 км, қалыңдығы 5-8 м, биіктігі 10 м.

-Осы ғимараттарды салуды көркем өнердің қандай түріне жатқызамыз?


- Сәулет өнері.


-Демек біз бүгін сәулеттік ғимараттарды зерттей отырып, өзіміз ғимараттардың суретін саламыз.


-Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Ғимарат үлгілерін ойлап тауып суретін салу»

Презентация

Суреттер








Тақырыпты ашу

2 минут

Оқулықта келтірілген мәліметтерге шолу жасалады.

оқулық

«Апта күндері» әдісі Топқа біріктіру 2 минут


-Оқушылар аптада неше күн бар?

-Оқушылар жауабы: 7 күн

-Қане атап шығайықшы:

-Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

-Ендеше, осы апта күндеріне сәйкес 7 топқа бірігеміз. (апта күндері жазылған қағаз тілігі таратылады.)


Сабақтың ортасы:

Практикалық кезең

25 минут




Тапсырма: Берілген суреттердің үстінен ермексазбен түстік шешімін өз қалауыңыз бойынша таңдап, бастырып шығыңыз.


Оқушылар:

7 топқа бірігіп, қағазға басылған ғимараттардың үстіне ермексаздың сәйкес түстерін таба отырып, немесе өз қалауынша түстерді таңдай отырып, жабыстырады.

Критерий:

  • Суретттегі түстер мен реңктерге сәйкес ермексаз түстерін таңдап жабыстырады;

  • Шығарманы көлемді формада орындайды;

  • Ғимарат бөлшектерін ажырата алады;

  • Өз жұмысын сауатты таныстырады.


Ермексаз, үлестірме қағаздар

Көрме жасау

2 минут

Оқушылар ортаға өз жұмыстарын қойып көрме жасайды.


Бағалау

«Аукцион» әдісі

5 минут

Қазір «Аукцион» ойынын ойнаймыз. Қазір мен мына керемет ғимараттарды сатуға аукционға қоямын. Сіздер аукционға қатысушы яғни сатып алушысыздар. Осы жеті жұмыстың қайсысын сатып алар едіңіздер? Сол жұмыстың тұсына мен таратқа қағазды апарып тұсына қойып шығасыздар. Кімнің жұмысына сұраныс көп болса, сол жұмыс озық болып есептеледі.


Рефлексия

2 минут

Озық жұмыстың орындаушыларына қолдау айтылады.


Сабақтың соңы

Рефлексия «СМС» әдісі

5 минут

Бағалау идея алмасу әдісімен жетістік критерийі бойынша жүзеге асырылады.

«СМС» әдісімен бір-бірінің жұмысына смартфонның әр батырмасына жұлдыз қою арқылы баға береді және комментарий жазады. Оқушылар бағалауы мен комментарийлерін ескере отырып, мұғалім тарапынан сабақ барысында белсенділік танытқан оқушылар мен озық үлгідегі жұмыс жасаған оқушыларды атап өтіп, қолдау көрсетіледі.

Практикалық ресурстар:

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


1. Жұмыс орны жақсы жарықтандырылған болуы керек.

2. Ермексазды лақтырмай, ұқыпты пайдалану;

3. Ермексазды ауызға салмау.




Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қандай сабақтың мақсаттары / оқыту мақсаттары шынайы?


ОМ барлық оқушылар қол жеткізді ме?


Егер жоқ болса, неге?


Саралау сабақта дұрыс жүргізілді ме?


Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неге?













Сабақтың ұтымды шыққан тұстары:

1

2

Өзгертуге тиісті дүниелер:

1

2

Сабақтың сәтсіз шыққан тұстары:

1

2



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!