Білім беру саласы: «Коммуникация» Пән: «Көркем әдебиет»
Өтпелі тақырып: «Сыйқырлы қыс» Тақырыбы: «Қыстап қалатын құстар»
Мақсаты:
-Тәрбиелік: Құстарға қамқорлықпен қарауды тәрбиелеу, қиын уақыттарда оларға көмек беруге тілек білдіру
-Дамытушылық: Балалардың жабайы құстар туралы түсініктерін қалыптастыру. Қыстайтын және жыл құстарының атауларын айыра білуді үйрету.
-Оқыту : Қыста қалған құстармен таныстыру.Құстарға қамқорлық жасауға үйрету. Мейірімділікке,достыққа тәрбиелеу.
Педагогикалық технологиялар:Түсіндіру әдісі , сұрақ-жауап әдісі
Ресустармен қамтамасыз ету: құстардың суреттері
Билингвалдық компанент: Қыс-зима
Просмотр содержимого документа
««Қыстап қалатын құстар»»
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Білім беру саласы: «Коммуникация» Пән: «Көркем әдебиет»
Өтпелі тақырып: «Сыйқырлы қыс» Тақырыбы: «Қыстап қалатын құстар»
Мақсаты:
-Тәрбиелік: Құстарға қамқорлықпен қарауды тәрбиелеу, қиын уақыттарда оларға көмек беруге тілек білдіру
-Дамытушылық: Балалардың жабайы құстар туралы түсініктерін қалыптастыру. Қыстайтын және жыл құстарының атауларын айыра білуді үйрету.
-Оқыту : Қыста қалған құстармен таныстыру.Құстарға қамқорлық жасауға үйрету. Мейірімділікке,достыққа тәрбиелеу.
Педагогикалық технологиялар:Түсіндіру әдісі , сұрақ-жауап әдісі
Ресустармен қамтамасыз ету: құстардың суреттері
Билингвалдық компанент: Қыс-зима
Құс- птица
Қанат – крылья.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырылған кезең:
Ұйымдастыру “Жылулық шеңбері” Психологиялық дайындық
2.Негізгі бөлім:
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыстың неше айы бар?
-Қыс айларын атаңдар:
-Қыста табиғатта қандай өзгерістер болады
Балалар, қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сол жұмбақтың шешуі арқылы оқу іс-әрекетінің тақырыбын анықтаймыз.
Жұмбақтар:
Ұшқаны қызық жалпылдап,
Өзі сондай қарқылдақ.
(Қарға)
Ала шапан кигені,
Сескенгіш болған соң,
Шықылықтап жүргені.
(Сауысқан)
Балалар, жұмбақтың жауабын дұрыс таптыңдар, ендеше біз құстар туралы,
соның ішінде қыстайтын құстар туралы әңгімелейміз.
-Балалар мына құстардың атын атап жіберейікші.
-Ал енді балалар біздің жақта қыстап қалатын қандай құстарды білесіңдер?
-Суреттен сол құстарды табайықшы, кәне кім көрсетеді?
-Дұрыс айтасыңдар балалар. Қысқы құстарға: қарға, көгершін, сауысқан, торғай жатады екен.
Балалар жылы жаққа ұшпайтын, суыққа төзімді құстарды қысқы құстар деп атаймызҚысқа қарай олардың қауырсындарының астындағы мамық жүндері қалыңдайды, сондықтан олар суықта тоңбайды, төзімді болады.
Сергіту жаттығуы:
– Торғайларға ұқсайық,
Кәне, қанат жайайық.
Торғай боп ұшайық,
Ұшып-ұшып алайық\
Ойын: «Ұшты-ұшты»
3.Қортынды:
-Бүгін немен таыстық
-Балалар барлығың бүгінгі оқу іс-әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар.
Өздеріңнің білімді, зерек, алғыр, тапқыр балалар екендіктеріңді көрсете білдіңдер.