СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Қызықты математика әлемі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларға қызықты болар деген ойдамын. Сіздерге сәттілік.

Просмотр содержимого документа
«"Қызықты математика әлемі"»

Астана қаласы №63 «Әсем-Ай» балабақшасы

«Алпамыс», «Ақбұлақ» шағын орталығы

«Бәйтерек» мектепалды даярлау тобының

тәрбиешісі: Арзыкулова Роза Ширенбаевна


Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы:

«Қызықты математика әлемі»

Мақсаты:

Білімділік: 1 - ден 20 - ға дейінгі сандарды, олардың таңбалауын, құрамын үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: "Қызыл телпек" ертегісіне салынған кейіпкерлерінің бейнесі, 1 - ден 20 - ға дейінгі сандар, дидактикалық ойындар, тапсырма кедергілер.


Сәлеметсіздер ме балалар. Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ, бізге қонақтар келді.Олай болса бір бірімізбен сәлемдесіп, қонақтарымызбен амандасайық.

Үлкенге де сіз,

кішіге де сіз

Құрметпенен сіздерге

Сәлем бердік біз.

Жалқаулықты тастаймыз

Сабақты біз бастаймыз.

-Балалар бір жылда неше мезгіл бар?

- Бір жылда төрт мезгіл бар.

-Олар қалай аталады?

-Көктем, жаз, күз, қыс деп аталады

-Қазір жылдың қай мезгілі?

- Қазір жылдың көктем мезгілі

-Көктем мезгілінде неше ай бар?

-Көктем мезгілінде үш ай бар

- Көктем мезгілінің айларын кім атап береді?

-Наурыз, сәуір, мамыр айлары

Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

-Күн жылиды, қар ериді, өсімдіктер өседі, ағаштар бүршік атады, бәйшешек шығады, құстар ұшып келеді

-Бір аптада неше күн бар?

-Аптаның бірінші күнін қалай атаймыз?

-Аптада неше демалыс күні бар?

-Сәрсенбіден кейінгі күн ?

Слаид

Әңгімелесу.(Триз әдісін қолдану)

Балалар мен сендерге бүгін ертегі айтып берейін.

Өте ерте заманда кішкентай қыз болыпты. Ол үнемі басынан әжесі тігіп берген телпекті басынан тастамай жүргендіктен оны барлығы Сары телпек деп атапты. -Балалар бірден ертегі айтқан тәрбиешіні түзеп, оның Сары емес, Қызыл телпек деп атайтынын айтады

Бір күні Қызыл телпектің әпкесі бәліш пісіріп беріп, оны әкесіне апарып беруін сұрапты. –Балалар бірден ертегі айтып жатқан тәрбиешіні түзеп бәлішті пісірген анасы және оны әкесіне емес, әжесіне апарып беруін сұрағанын айтады.

Жолға шыққан қызыл телпек әндетіп келе жатып, Түлкіге кездесіп қалады. –Балалар тағы да ертегінің қате тұстарын айтып, Қызыл телпектің Түлкіге емес, Қасқырға кездескенін айтады

Осы сәтте есіктен Қызыл телпек кіріп келеді.

-Қызыл телпек саған не болған, көңіл күйің жоқ қой?

Қызыл телпек: әжемнің үйіне бара жатқан жолда қасқыр кезігіп, қолымдағы себетімді тартып алып, ондағы әжеме деп пісірген бәліштерді алып қойды. Ал орнына мына тапсырмаларды берді. Осы тапсырмаларды орындасам қасқыр бәліштерімді қайтарып берем дейді. Ал мен мектепке барған жоқпын, ештеңе білмеймін. Балалар сендерден көмек сұрап, сіздерге келдім.

- Уайымдама , Қызыл телпек. Балалар Қызыл телпекке көмектесесіздер ме?

-Ия

Ал балалар олай болса Қызыл телпектің әжесіне жетуі үшін қасқыр тоғыз тапсырма салыпты, осы тапсырмаларды орындайық.

1 - тапсырма: 1 - 20 - ға дейін тура, кері санау.(аяқ іздері)

2 - тапсырма: Көрші сандарды атау.

3 - тапсырма: Қандай ұғымдармен таныстыңдар? Оны есімізге түсіру үшін, мына сұрақтарға жауап беріңдер.

Слаид

4-тапсырма Санамақ айту

5 - тапсырма: Кеңістікте бағдарла

Дидактикалық ойын « Көбелек қонды»

Мынау тор көздердегі сандарға қараңдар, ортасында 5 саны тұр. Оның қасында көбелек қонып тұр. Енді көздеріңнің көмегімен көбелек қайда қонғанын табамыз. Ол үшін қазір мен сендерге әр түрлі бағыттарға нұсқау беремін. Мысалы: оңға десем сендер көздің көмегімен оң жаққа жүреміз, төмен десем төмен қарай түсеміз. Енді қараңдар көбелек қай санға тоқтағанын айтасыңдар.

-Қай санға тоқтапты?

-5 санына

-Жарайсыңдар, енді бастаймыз.

-Көбелек жоғары қарай ұшты

Балалар 2санын көрсетеді

-Көбелек оңға қарай ұшты

Балалар 3санын көрсетеді

-көбелек төмен қарай ұшты

Балалар 6санын көрсетеді

-көбелек солға қарай ұшты

Балалар 5 санын көрсетеді

Жарайсыңдар балалар, кішкене шаршаған боларсыңдар, бойымызды сергітіп алайық

Сергіту сәті. (Музыка әуенімен)

Сағаттың тіліндей,

Иіліп оңға бір,

Сағаттың тіліндей

Иіліп солға бір.

Оң аяқ, сол аяқ,

Жаттығу оңай-ақ.

123

Қарлығаш боп ұш

456

Аспанда ұшып қалқы

78910

Орныңа кеп қон


Оңға, оңға, түзу тұр

Солға, солға, түзу тұр.

Алға қарай бір адым.

Артқа қарай бір адым.

Жоғары - төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

6 - тапсырма: Есеп шығар

Балалар сендер білесіңдер. Есептің 4 компоненті бар.

Шарты, сұрағы, шешуі, мәні

Есептер құрастыру.

Иллюстартивті есеп құрастыру.

1. Алинада 4 алма ал Арсанада 3 алма бар. Балаларда барлығы қанша алма бар?

2.Әлімде 10 алмұрт бар еді, 4 –еуін Аңсарға берді. Әлімде неше алмұрт қалды?

1. Он асықтың үшеуін Досың сұрап алады Айтшы сонда нешеуі Өз қолыңда қалады? 2. Табақта бес алма Қолымда екі алма Қосқанда барлығын Болады қанша алма?

3.Көлден ұшты жеті қаз

Қайтып қонды екі қаз

Қонбады оның нешеуі

Қане кім тез шешеді?

4.Оң қолымда үш алма

Сол қолымда екі алма

Қосқанда барлығын

Болады неше алма?

5.Шығармақ боп кеше есеп

Жиналғанды бес есек

Үшеуі ұйықтап отырды

Ынталысы неше есек?

7 - тапсырма: Салыстыру.

- Балалар айтыңдаршы сандарды салыстырғанда қандай белгілерді қолданамыз?

- Дұрыс, артық , кем

3 жылқы және 5 сиыр

Сиырлар нешеге артық?

2мысық және 5ит

Мысықтар нешеге кем?

8 - тапсырма: Уақыт бағдарла

Уақытты бағдарлау туралы жұмбақтар айтамыз.

-Ұйқымыздан тұрамыз

Беті-қолды жуамыз

Әкемізге ереміз,

Бақшамызға келеміз

Бұл қай кез болады балалар? (таңертең)

- Сабақ оқып, ойын ойнап,

Серуендеп қайтамын

Тамағымды ішіп

Түсте ұйықтап жатамын. (Күндіз)

-Күн батады қызарып,

Ұясына қонады

анамызды күтеміз

Бұл қай кезде болады? (Кеш)

- Кешкі тамақ ішкен соң

кино көріп біткен соң

тіс тазалап, жуынып

ұйықтаймыз одан соң

Бұл қай кез? (Түн)

9 - тапсырма: Қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?

-Үшбұрыш

-Төртбұрыш

-Шеңбер

-Ромб

-Шаршы

-Сопақша

-Дұрыс айтасыңдар, үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер, сопақша, шаршы

Ал қандай геометриялық денелерді білесіңдер?

* Текше , шар, конус, цилиндр

* Мына суретті қандай пішіндер арқылы жасалған?

Үшбұрыш нешеу?

Төртбұрыш ше?

Шеңбер?

Шаршы ?

- Енді, мына алдарыңда жатқан пішіндерден зат құрастырыңдар? - сол затты құрастыруға қандай пішін жұмсадыңдар?


Балалар біз қасқырдың барлық тапсырмасын орындадық. Енді Қызыл телпек сен әжеңе баруыңа болады.Қасекең енді бәліштеріңді қайтарып береді.

Қызыл телпек рахметін айтып шығып кетеді.

Ал балалар бүгін біз Қызыл телпекке көмектескеніміздің арқасында жыл бойы өткен тақырыптарды қайталап алдық. Балалар бүгінгі сабаққа барлықтарыңыз да жақсы, белсене қатыстыңыздар.

Қорытындылау

-Балалар бүгінгі күндерің қалай өтті?

-Қасқырдың қандай тапсырмаларын орындадық?

-Мына смайликтермен өз көңіл күйлеріңді көрсетіңдерші.

Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметі аяқталды. Олай болса келген қонақтарымызға сау болыңыздар дейік.