СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қызыл кітапқа енген жануарлар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қызыл кітапқа енген жануарлар  технологиялық картасы жаратылыстану

Просмотр содержимого документа
«Қызыл кітапқа енген жануарлар»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: 05.12.17ж

Тәрбиеші: Сәмен Ж.Қ

Білім беру саласы: «Қатынас» Тіл дамыту

Тақырыбы: «Қысқы серуен»(әңгіме құрастыру).

Мақсаты: сурет бойынша әңгімелетуді жалғастыру.қыс мезгілін сипаттай білуге үйрету, сөздік қорларын дамыту. Сөз тіркестерін дұрыс айта білуге жаттықтыру. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: қыс мезгілі

Қостілділік: қыс-зима-winter

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс- әрекеті


Балалардың іс- әрекеті



Мотивациялық қозғаушылық


Тәрбиеші : - Қыс келді. Қар жауды. Дала аппақ. Қыс мезгілінде тағы да немен сырғанауға болады?

Тәрбиеші балалардың жауаптарынан соң:

-Қысқы серуенге шыққан балаларды көргілеріңіз келе ме? Ендеше мына суретке қараңыздар.


Балалар шаттық шеңберін орындайды.


Балалар тәрбиеші сұрақтарына жауап береді



Ұйымдастыру-

шылық ізденіс


Тәрбиеші балаларға «Қысқы серуен» суретін көрсетеді. Оларға суреттен алған әсерлерімен бөлісуге мүмкіндік береді. Сурет бойынша сұрақтар қояды.

Тәрбиеші: Балалар, қысқы көрініс қандай әдемі. Не жауып тұр?

-Балалар, суретте ағасы інісін шана-мен сырғанатып жүр. Інісіне шанамен сырғанау ұнады ма? Сіздер қалай ойлайсыздар?

-Суретте қыздар не істеп жүр?

-Балалар, қараңдаршы, шанада қон-жық отыр екен. Қыздар қонжыққа арнап бірдеңе жасап жатқан сияқты. Қыздар не жасап жатыр деп ойлай-сыздар?

-Қонжық шанада отырғысы келмей жылап отыр. Қыздар оны жұбатып жатыр. Қонжыққа қыздар не айтып жатыр деп ойлайсыздар?

-Балалар, жарайсыңдар. Енді мені тыңдаңыздар.

Тәрбиешінің әңгімесі:

« Қыс.»Үлпілдек әрі аппақ қар жауып тұр. Балалар қысқы серуенге шықты. Ағасы інісін шанамен сырғанатып жүр. Інісіне шанамен сырғанау ұнады. Қыздар серуенге қонжықты алып шықты. Қонжық шанада отырғысы келмей жылады. Қыздар оны «Қонжығым-ау, біз сені қардан төбешік жасап сырғанатамыз. Шанада отыра тұршы» , - деп жұбатты.» Тәрбиеші әңгімені қайтадан бірігіп айтуды ұсынады. Бірнеше балаға әңгімелетеді 

Сергіту жаттығуы. 

Аққала мен ақ бала, Сырғанайды сырғанақта. Жаздым тақпақ бәріне, Ақ қыс сұлу ақ өлең. Ақ бала жасады аққала. Ақ қар жатыр далада.


Тәрбиеші балалардың назарын тағы да суретке аударады да, Е.Өтетілеуұлының «Қыс қызығы» өлеңін жаттауды ұсынады.

Қыс қызығы.

Аппақ көше, бар дала,

Аппақ ойлар қыраттар.

Ақ шатырлы қар қала

Ақ жамылып тұр бақтар.

Тәрбиеші үзіндіні оқиды, мазмұнын түсіндіреді..

- Балалар тәрбиеші сұрақтарына жауап береді.




Қар.

Ия, ұнайды. Інісіне қамқор болып жүр.




Қыздар қонжыққа арнап сырғанайтын төбешік жасап жатыр.













Балалар тәрбиешінің әңгімесін мұқият тыңдайды.









Сергіту сәтін қимылмен орындайды.







Өлеңді қайталайды.



Балалар тақпақты қайталайды.

Тақпақты тәрбиешінің көмегімен жаттауға кіріседі

Рефлексивті түзету

Тәрбиеші оқу іс-әрекетін қорытындылайды. Балаларға оқу іс-әрекеті бойынша сұрақтар қояды.

Балаларды мадақтайды.

Балалар тәрбиеші сұрақтарына жауап береді.

Сабақтың ұнағандығын айтады.


Күтетін нәтиже:

Ұғынады: Қыс мезгілі және оның ерекшеліктері туралы.

Түсінеді: Қысты суреттеп әңгімелеуді.

Қолданады: Мазмұнын айтуды.



























Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: 08.12.17ж

Тәрбиеші: Төлешова Ж.Ж

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта» Қоршаған ортамен танысу.

Тақырыбы: «Су қатады»Мұз.

Мақсаты: Балалармен судың түсі бар ма екенін тексеру. Білімдерін дамыту. Табиғат құбылыстарына қызығушылықтарын арттыру.

Құрал-жабдық: әр балаға суреттер, су құйылған стақандар, әртүрлі түсті фишкалар.

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: әртүрлі түсті фишкаларды дайындау.

Сөздік:мөлдір

Билингвальдік компонент: су-вода, мөлдір –прозрачная


Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың қызметі


Үйлестіру-ұйымдастыру

Бізге тағы қонаққа тамшы келді.Бүгін бізге қораптар әкелді.Ішінде не бар екенін қарайық.

Балалар қорапты қарап отырып, ішінен суреттер мен түрлі түсті фишкаларды табады.


Ұйымдастырушылық

Ізденіс














Тамшы бізге тағыда су қандай және оған мына суреттер көмектесеме?Сендерде стақандар бар, оны ішіне не құйылған?

Бір суретке стақанды сүтпен қоямыз, екінші суретке стақан сумен қойылады.

Енді суреттің бетін қараңдар.Неге судан көрінеді?

Кане оған көз жеткізейік.

Түрлі түсті жолдармен ойнайық. Түрлі түсті фишкаларды рет-ретімен қойыңдар.Стақанды сол жолмен жылжытыңдар.

Не себепті сендер бәрін дұрыс атадыңдар?

Ал егер оны бояса не болар еді?


Түрлі түсті фишкаларды рет-ретімен қойыңдар.Стақанды сол жолмен жылжытып отырып, қандай түс екенін айтып береді.

Судың үстінен қарап көруге болады, өйткені су мөлдір.су түсін өзгертсе ,онда ол мөлдір болмайды.




Тәрбиешіні тыңдайды, әр қайсысы екі суреттен алады.


Стақанға қарап тұрып, біреуінде су, екіншісінде сүт бар екеін айтады.











Балалар суреттің үстіне стақанды қойып, суретті үстінен көре алады.су мөлдңр, ал сүттен көрінбейді.





Рефлексивті түзетуші

Тамшыға сендермен ойын ойнау өте ұнады. Су туралы тағы не жаңалық білгендерің жайлы ол білгісі келеді.

Су түссіз,мөлдір,су арқылы бәрін көруге болады.


Күткен нәтиже:

Ұғынады:Су төмен температурада қататынын ұғынады.

Түсінеді:Қар мен мұз туралытүсінеді.

Қолданады:Мұздан әшекейлер дайындауды, сараптауды қолданады.




Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: 05.12.17ж

Тәрбиеші: Сәмен Ж.Қ

Білім беру бөлім: « Қатынас»Драма

Тақырыбы: «Түлкі мен қырғауыл»

Мақсаты: Балаларды ертегі тыңдауға, байланыстырып сөйлеуге және  мазмұны бойынша

қойылған сұрақтарға жауап беруге үйрету. Өз ойын дұрыс тұжырымдап айтуға дағдыландыру.

Кейіпкерлердің дауыс ырғағын, мимикасын көрсетуге жаттықтыру. Ертегі арқылы  балаларды 

қайсарлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Қырғауыл

Көрнекі құралдар:Хат,суреттер. Әңгімелеу,Сұрақ-жауап,Суретпен жұмыс,Артикуляциялық

жаттығулар ,Сергіту сәті.Дидактикалық ойын


Іс - әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың қызметі



Үйлестіру-ұйымдастыру


Балалар бізге тағы хат келіпті.

Хатта не жазылған екен оқып көрейік.

«Балалар кеше сендер менің ертегілер еліме келдіңдер,рахметсендерге.

Мен сондай көп білгісі келетін балаларды жақсы көремін.

Сондықтан мен сендерге өз ертегі кітабымды тарту етемін».

Балалар келген хатты қызықтап тыңдайды.



Ұйымдастыр

іздену








-Балалар бізқайда бардық кеше?

-Онда қандай ертегілерді кездестірдіңдер?


-Ал енді бізге сыйлыққа берген кітаптан ертегі оқып берейін.

Алдымен жұмбақ жасырайын

Құйрыңы екі айыр.

-Балалар Қарлығаш дегеніміз не?

Дұрыс.

Ертегі осы қарлығаш пен дәуіт туралы екен,мұқят тыңдап отырыңдар.

Дәуіт дегеніміз не?

Тәрбиеші ертегіні оқып береді.

Кім мазмұнынын айтып береді.

Мазмұныны айтқанда дауыс ырғағымен айтуларын қадағалау,дағдыландыру.

Ертегі ұнады ма?

Неліктен?

Енді орынымыздан тұрып сергіту сәтін жасап жіберейік.

Сергіту сәті.







Әңгімелесуді әріқарай жалғастыру.

Сөздік ойын: «Ойлап айт»(доппен)

Бізкеше ертегілер еліне бардық.

«Үйшік,Үш аю,Ит пен Мысық,»ертегілерін кездестірдік.





(Қарлыңаш)

Қарлығаш ол құс.


Балалар ертегіңнің мазмұныны тыңдап отырады.


Дәуіт шегірткенің бір түрі.


Бір бала тұрып мазмұнынын айтады.




Иә ертегі ұнады.




Қане балалар, тұрамыз,

Бойымызды жазамыз.

Қарлығашқа ұқсап біз,

Қанат қағып аламыз.

Қане балалар, тұрамыз,

Бойымызды жазамыз.

Дәуітке де ұқсап біз,

Секіріп-секіріп аламыз.

Балалар қойылған сұрақтараға тез жауап берулері қажет.


Рефлексивті түзетуші

Саабақ соңында сабаққа жақсы қатысқан балаларды мақтап,мадақтау.

Халық ертегісіне деген қандай қызығушылықтары болғандары жайлы сұрасытру.


Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: Ертегіні оқу арқылы мазмұнын түсіне білуге ұғынады.

Түсінеді: Диалог сөздерді мәнеріне келтіре айту жолын түсінеді.

Қолданады: Дауыс ырғағына қарай сөйлем түрлерін ажырата білу іскерлігін қолданады.



















































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: 06.12.17ж

Тәрбиеші: Төлешова Ж.Ж

Білім беру бөлімі: « Шығармашылық» Мүсіндеу

Тақырыбы: «Аққала»

Мақсаты: Аққаланы құрамдастыру тәсілімен мүсіндеуді үйрету. Шиыршықтап илеу, есу және жабыстыру әдістерін жетілдіру. Көз мөлшерін, қолдың ұсақ бұлшық еттерін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Аққала-снеговик,зима-қыс.

Құралдар: Ермексаз, тақта, табақ, майлық.


Іс - әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың қызметі

Мотивациялық қозғаушы

-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

Біз далаға шыққанда немен ойнаймыз,не жасаймыз.


Аққаланы неден жасаймыз?

Қыс мезгілі.



Далаға шыққанда біз шанамен,шаңғымен,конькимен ойнаймыз,аққала жасаймыз.

Қардан жасаймыз.

Ұйымдастыру-іздену






-Балалар бүгін күн суық екен,әйтпесе далаға шығып аққала жасар едік.

-Аққаланы юададар ермексаздан да жасауға болады екен.

-Ендеше біз ермексаздан аққала соғайық.

-Аққаланың бейнесінің пішіні қандай?

Ал түсі ше?

Тәрбиеші аққаланың мүсіндеу жолын түсіндіреді.

-Аққаланың мұрыны қандай?


Түсі қандай?

-Басында не киенген?

Саусақ жаттығуы

Бас бармақтың үйіне

Келді бүгін қонақтар

Бас саусағын бақытың

Сонда, балам, бар құтың

Бес саусағын біріксе,

Текке кетпес уақытың

Барлық саусақ-достар

Бірін – бірі қостар


Қауіпсіздік ережелерін еске түсіреді

Жұмысқа кірісуге ұсыныс жасайды

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді



Үлгі бойынша жұмыс жасау

Өз -бетімен жұмыс.


Ол Аяз ата






Домалақ


Ақ түсті.



Аққаланың мұрны істік.Сәбізден жасалған.

Түсі қызғыл сары.

Шелекке ұқсайды














Балалар аққаланы мүсіндеуге кіріседі

Үлгі бойынша жұмыс жасайды.

Өз -бетімен жұмыс жасайды

Рефлексивті түзетуші

Көрме жасау

-Бүгін біз нені мүсіндедік?

-Кімнің жұмысы өте ұнады?

Неге?

Балаларды мадақтау.


Талдайды және қорытындылайды

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: Аққаланы құрамдастыру тәсілімен мүсіндеуді ұғынады.

Түсінеді: Шиыршықтап илеу, есу және жабыстыру әдістерін жетілдіруді түсінеді.

Қолданады: Аққаланы домалақ етіп мүсіндеу жолын қолданады



















































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: 07.12.17ж

Тәрбиеші: Сәмен Ж.Қ

Білім беру саласы: «Шығармашылық» Сурет салу

Тақырыбы: Қысқы пейзаж Г.Нисский «Қар үстінде» суретін бақылау

Мақсаты: Қыстың суретін салуды, жұмысты жоспарлауды, ұсақ бейнелерді түрлі түсті қарындаштармен салуды үйрету. Шығармашылық ой-қиялын, қолдың ұсақ бұлшық еттерін дамыту. Эстетикалық талғамға, қайталанбас сурет салуға ынталы болуға тәрбиелеу.

Құралдар: ақ парақ, түрлі-түсті қарындаш

Сөздік жұмыс: пейзаж

Қостілділік: қар-снег-snow


Іс - әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті


Баланың қызметі

Үйлестіру-ұйымдастыру

-Балалар, біз қонаққа шеберханаға келдік, онда қыс туралы пейзаждарды суретке салады.


Балалар қызығушылық-пен қарап отырады.


Ұйымдастыру-іздену






-Қазір қай жыл мезгілі?

-Қараңдар суреттерде қандай жыл мезгілі бейнеленген?

Г.Нисский «Қар үстінде» суретің балалармен бақылау.

-Қандай жыл мезгілі суреттел-ген?

-Неге осылай ойлайсындар?


-Қараңдаршы, суретші қандай қысқа сәнді қиім кигізді, сендер да бүгін суретші-модельер боласыңдар, қысқа сәнді киім жасайсыңдар.

-Қысқа қандай түстер қажет-салқын немесе жылы түстер?

-Суретші бояудың қандай түстерді қолданды?

Үлгі бойынша жұмыс жасау.

Саусақ жаттығуы

«My family»


Өз -бетімен жұмыс.

-Қыс мезгілі.

-Қыс жыл мезгілі бейне-ленген.

Балалар суретің бақылап отырады.

-Қыс


-Өйткені ақ қар, ағаш-тарда жарырақтар жоқ.


Балалар қызығушылық-пен қарап отырады.



-Салқын түстер.


-Ақ,көк түстерді қолдан-ды.

Балалар жұмыс жасап отырады.

Үлгі бойынша жұмыс жасайды.

Өз -бетімен жұмыс жасайды.

Рефлективтік тузеуші

Бекіті сұрақтар қою

Балаларды мақтап- мадақтау.

Сұрақтарға жауап береді

Балалар қуанып риза болады.

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: Қыстың суретін салуды, жұмысты жоспарлауды, ұсақ бейнелерді түрлі түсті қарындаштармен салуға ұғынады.

Түсінеді: Шығармашылық ой-қиялын, қолдың ұсақ бұлшық еттерін дамытуға түсінеді.

Қолданады: Эстетикалық талғамға, қайталанбас сурет салуға ынталы болуға өлданады.











Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: 06.12.17ж

Тәрбиеші: Төлешова Ж.Ж

Білім беру саласы: «Таным» Жаратылыстану

Тақырыбы: «Жабайы жануарлар қыстауға қалай дайындалады?»

Мақсаты: Өлі және тірі табиғаттың байланыстылығын қарауға және жануарлар өміріне қандай зиян келтіретіні туралы айту. Жабайы жануарлардың орманда қалай өмір сүретінін түсіндіру. (қасқыр, аю, қоян, түлкі) жануарлардың қалай қысқа дайындалатынын балаларға түсіндіру.

Құрал-жабдықтар: жабайы жануарлардың суреттері, слайд

Іс әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Мотивациялық қозғаушы





Балалар, мына жұмбақты ойлап тапсаңдар, бүгін не жайында әңгімелейтінімізді білесіңдер?
- Ең айлакер аң…
- Ең қорқақ аң…
- Балды жақсы көретін аң …
- Үстінде тікенегі бар...
- Аң патшасы...
- Батыл аң…
Бұлардың барлығын бір сөзбен, қалай айтамыз? Неге жабайы аңдар деп айтамыз? Осы аңдар қыста қалай тіршілік етеді? Әрі қарай сабағымызды ертегімен жалғастырайық:

Балалар жұмбақтың жауабын ойласады

Түлкі


Қоян
Аю
Кірпі


Арыстан
Қасқыр


Жабайы аңдар
Өз бетімен тіршілік етеді




Ұйымдастырушылық ізденіс






















«Шегіртке мен жабайы аңдар» ертегісін мұқият тыңдаймыз.
Балаларға ертегіні оқып беру.

-Ертегі ұнады ма балалар?

-Ертегіде не жайында айтылған?

Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы қырлы жерлермен
Ытқып, ытқып жүгірді
Қарап еді артына
Көзіңе сап қиығын
Келе жатқан тоңпаңдап
Көжек екен өзінің
Желілі рөлді ойын:


«Ертегіні сахналауға шығайық»
Балалар сендерге қай кейіпкер ұнады?

Ал сендер аңдардың орнында не істер едіңдер?
Жабайы аңдар табиғаттың бір бөлігі. Оларды біз қорғауымыз керек. Көретін аң


Балалар мұқият тыңдайды


Суретін көрсету
Аңдардың қысқы тіршілігі жайында









Балалар өлеңге сәйкес қимыл қозғалыс жасайды, тәрбиешінің сонынан қайталайды.







Балалар ертегіні сахналауға шығады


Рефлексивті түзеуші


Бекіту сұрақтары

Балаларды мадақтау


Балалар сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже: Ұғынады: жабайы жануарлар туралы түсініктері қалыптасады; Түсінеді: жануарларға қамқорлық жасауды; Қолданады: сахналау, рөлге бөліне отырып ертегіні айтып беруді үйренеді.
























































- Ерте, ерте, ертеде, ертегілер елінде әнші шегіртке болыпты. Шегіртке жаз бойы ән айтып, би билеп скрипка ойнайды.
Күн артынан күн өтіп, жаз да, күз де бітіп, қылышын сүйретіп қыс келеді. Орман іші ертегідей тыныштыққа бөлінген. Көп қар жауып, күшті аяз болды.
Әбден тоңған шегіртке ән айтуға шамасы келмейтін болды. Шегіртке дірілдеп ағаш түбіне отырып:
- Енді күнім не болмақ? Бекер жүрісті қойып, тамақ тауып жейін. Жақын жерде аюдың апаны бар еді. Аюға барып бір амалын табайын.
- Тук, тук. Аю ағай, аман ба?
- Бұл кім?
- Үйіңе кіргіз, қыс біткенше асыра.
- Қыс боларын біліп пе едің? Қыста орман аңдары ұйқыға кетеді, олар қорегін жазда жинап алған.
- Ұйқымды бұзба, әніңді айтып, билей бер.
Шегіртке дірілдеп келіп бұта түбіне отырады:
- Енді күнім не болмақ?
- Жақын маңда түлкінің іні бар еді деп түлкіге келеді
- Тук, тук
- Бұл кім?
- Түлкі апай, аман ба?
- Үйіңе кіргіз, қыс біткенше асыра.
- Қыс боларын біліп пе ең?
Қыстың қамын жазда ойла. Мен ұзақ жолға шығып барам. Қар астынан азық іздеп жеймін мазамды алма. Әніңді айтып, билей бер дейді түлкі
Шегіртке енді күнім не болмақ, деп кірпі қыздың үйіне келеді
- Түк, түк
- Бұл кім?
- Кірпі апай аман ба?
- Үйіңе кіргіз, қыс біткенше асыра.
- Қыс боларын біліп пе ең? Менің інім тар. Өзім жапыраққа оранып, ұйықтап жатырмын, мұнда саған орын жоқ. Бар әніңді айтып билей бер.
Шегіртке дірілдеп келе жатып, бұта түбіндегі қоянды көреді.
- Сәлем бердік қоян - жан.- Мына суыққа аяздан құтқар, тоныңды бер, қыс біткенше асыра.
- Қыста тонымды ауыстырып жауларымнан қорғанамын, ағашты кеміріп, күндіз ұйықтаймын, түнде жүгіріп азық іздеймін, мазамды алма, әніңді айтып билей бер.
Шегіртке дірілдеп құлап түседі.
- Мұнда келіңдер, шегіртке құлап қалды. Аңдар келіп шегірткенің аяқ қолын уқалайды, ыстық сүт беріп, жылы төсекке жатқызады. Шегіртке көзін ашады.
- Мен қайдамын(дірілдеп)
- Қорықпа енді біз сенімен біргеміз.
- Қамқорлықтарыңа рахмет.
- Менде қыстың тіршілігін жазда жасаймын.
Аңдар өздеріне жинаған азықтарын шегірткеге сыйлыққа береді.
- Рахмет, рахмет. Мен де сендерге мына әуенімді сыйлаймын. Аңдар көңілді билейді.














Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Күні: 06.12.2017

Тәрбиеші: Төлешова Ж.Ж

Білім беру саласы: «Таным» ҚМҰҚ

Тақырыбы: Заттардың кеңістікте орналасуына санның тәуелсіздігі, үлгі бойынша санау, аралас сандарды салыстыру, заттардың теңдігін анықтау. Заттың орналасқан орнын анықтау және сөзбен баяндау. Шеңбер, сопақша.

Мақсаты: өзгеше орналасқан (шеңбер, шаршы ішінде) заттар тобын теңестіруді үйрету; заттарды үлгі бойынша санауға үйрету; әртүрлі арақашықтықта орналасқан заттардың тең немесе тең еместігін анықтау; заттың орналасқан орнын анықтау.


Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс- әрекеті


Балалардың іс- әрекеті



Мотивациялық қозғаушылық


Тәрбиеші мынандай тапсырма береді:

-Балалар үстелде геометриялық фигуралар жатыр. Кез келген фигураны алып, сол туралы білгендеріді айтып көріңдер.


Балалар фигуралар туралы айтады. Тіктөртбұрыш дегеніміз-.....

Шаршы дегеніміз-......



Ұйымдастыру-

шылық ізденіс



Үлестірмелі материялдармен жұмыс:

Тәрбиеші балаларға таяқшалар салынған тәрелкені жақындатып, «Таяқшалардың түсі қандай?» деп сұрайды.Ол балаларға әр түрлі өз алдына бөліп алып, оларды әртүрлі фигуралар шығатындай етіп қойып шығуды тапсырады.

Тапсырма орындалғаннан кейін балалар таяқшаларды тағы бір рет санап шығады. Әр фигураға неше таяқшадан келгенін анықтайды. Тәрбиеші таяқшалар әртүрлі орналасқанмен олардың тең, үш-үштен екенін түсіндіреді.

«Олардың саны тең екенің қалай дәлелдйміз?»

1-тапсырма:

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:

-Шеңбердің ішінде неше кесе бар?
-Шеңбердің ішінде нешекесе бар?

-Олар туралы не айтуға болады?


2-тапсырма:

Тәрбиеші балаларға төмеңдегі жолаққа жоғарғыдан қанша болса, соңша дөңгелек салуды ұсынады.

Ол дөңгелектердің арақашықтығы алшақ болуы тиіс.

-Балалар дөңгелектердің саны туралы не айтасыңдар?
-Жоғарғы жолаққа тағы бір дөңгелек салындар.

-Еңді жолақтар ішіндегі дөңгелектер туралы не айтасындар?

3 – тапсырма:

Тәрбиеші балаларға сол жақтағы аюды сары карандашпен, оң аюды қонырмен бояуды ұсынады.

-Сол жақтағы аюдың шарлары қандай гометриялық фигураларға ұқсайды?

-Оң жақтағы аюдың қолына дөңгеле және сопақша салыңдар?

Сергіту сәті

Бәріміз біргеміз

Оңға бір қадам, солға бір қадам

Шапалақ ұрамыз.

Алға бір қадам, артқа бір қадам

Шапалақ ұрамыз.


Балалар әр түрлі фигураларды құрастырады.


Балалар таяқшаларды бір қатарға қойып шығады.




Балалар сұрақтарға жауап береді.

Төрт






Төрт шеңбермен шаршыдағы кеселердің саны бірдей төрт-төрттен.




Балалар сұрақтарға толық нақты жауап беруге тырысады.












Балалар аюлардың суретін бояйды.






Балалар тамәтіні бойынша жаттығу жасайды.

Рефлексивті түзету

Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жбаға беру.

Тәрбиеші балаларды сабақта белсенділік танытқаны үшін мадақтайды.

Балалар өз жұмыстарын тәрбиешбірге талқылайды.


Күтетін нәтиже:

Ұғынады: заттардың кеңістікте орналасуына санның тәуелсіздігін;

Түсінеді: орналасқан екі топтағы заттарды теңестіру; заттардың орналасу орнын анықтау;

Қолданады: топтағы заттардың тең немесе еместігін анықтау;



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!