Вирустық инфекциялар
Қызылша
Қызамық
Індетті паротит
Қызылша
Жедел жұқпалы ауру, қызуының көтерілуімен, жоғарғы тыныс жолдарының, көздің кілегей қабаттарының қабынуымен, дақты-түйінді бөртпелердің пайда болуымен сипатталады.
Корь
Қызылшаның қоздырғышы
- Фильтрленуші вирус , қоршаған ортаның физикалық факторларының әсеріне өте сезімтал. Қызылша вирусына «ұшпалылық» тән – яғни ауа лебімен кілт, есік т.б. саңылаулары арқылы таралуы мүмкін.
- Адам ағзасынан тыс жерде–өледі.
- Осыған байланысты бөлмені желдетуден басқа ешқандай қорытынды залаласыздан- дыру(дезинфекции) шараларын жүргізудің қажеті жоқ.
Эпидемиологиясы
- Көбіне 1 - 5 жас аралығындағы балалар ауырады,мектеп жасындағылар сирегірек.
- Бұл әлем шарында көп таралған аурулардың бірі,үнемі кездесіп отырады;эпидемия әр 2-4 жыл сайын,әсіресе қыста,көктемнің алдында.
- Егер анасы бала кезінде қызылшамен ауырса, онда оның баласы алғашқы 3 айда қызылшаға сезімтал емес-100%, 6 айына жақын бұл көрсеткіш – 50% ды құрайды .
- Ауру көзі тек ауру адам, продромалды кезеңнің бірінші күнінен бастап,бөртпе пайда болғаннан 5-ші күнге дейін қауіпті, ал егер қызылша пневмониямен асқынса, онда бөртпе пайда болғаннан 10-шы күнге дейін қауіпті.
- Таралу жолы ауа-тамшы арқылы.
- Үшінші адам арқылы берілмейді.
- Ауырғаннан кейін иммунитет өмір бойы
сақталады.
Клиникасы.
Жасырын кезеңі 9-10 күн, кейде 17 күнге дейін созылады, ал серопрофилактика, жүргізілгендерде,қан және плазма құйылған балаларда – 21 күнге дейін.
- Продромалды кезең 3-4 күн .
Бұл кезде қызуының көтерілуі, жалпы жағдайының нашарлау байқалады:
- мұрын, көмей, көз кілегей қабаттарында
катаралды өзгерістер
- ( көз ағы қан тамырла рының қызаруы (конь- юнктивит), жарыққа қа-
рай алмау-(светобоязнь), мұрынынан бөліністер, «иттің үргені»тәріздес жөтел байқалады.
- Қызылшаға тән ең ерте белгінің бірі, Бельский- Филатов- Коплик дағы.
- Ұртының кілегей қабатында екінші кіші азу тістерге қарсы–жиегі қызылмен оралған ақ кішкене дақтар пайда болады.Бұл белгі бөртпе шыққаннан кейін
1-2 ші күндері кетеді.
- Екінші маңызды белгі– энантема –жұмсақ және қатты таңдайдың бозғылт
танған кілегей қабатында қызыл дақтардың пайда болуы.
- Ересек балаларда продромальды кезеңнің соңында басы ауру,құсу, әлсіздік,мұрынынан қан кету байқалуы мүмкін.
4-5 ші күннен бастап бөртпе шығу кезеңі басталады – қызуы 39-40º дейін көтеріледі.
Бөртпе пайда болады.
Бөртпе дақты-түйінді ( пятнисто- папулезный) жоғарыдан төмен қарай таралады :
1 ші күні – бөртпе бетінде , басында, мойынында, құлақ артында пайда болады.
2 ші күні –бөртпе денесіне түседі;
3 ші күні –бөртпе аяқ қолдарында.
Сосын қызуы тез түседі бөртпеден кейін 5-8 күнге дейін қоңыр дақ қалады . Балада көп уақытқа дейін әл-
сіздік,шаршағыштық,мазасыздық сақталады
Қызылшаның түрлері: (типтік, атиптік)
- Типтік:
- 1. жеңіл – tº субфебрильді,улану белгілері айқын емес,бөртпе аз, жиі 4-5 айлық балада.
- 2.орташа
- 3. ауыр –жиі 4-5 жастағы балаларда –жалпы, улану белгілері айқын,мұрыны жиі қанайды, менингоэнцефалитикалық белгі дамиды.
- Атипті – созылыңқы,жасырын түрде өтеді.
Митигирленген (әлсіз) қызылша
- жасырын кезеңінде γ-глобулин алған балаларда кездеседі.
- Бұған жасырын кезеңінің 21 күнге дейін ұзаруы, продромальды кезеңнің 1-2 күнге дейін қысқаруы тән.
- tº-қалыпты немесе субфебрильді,
- Мұрын,көмей кілегей қабаттарының катаралды белгілері әлсіз дамыған,көңіл күйі жақсы, ағымы жеңіл.
- Бельский-Филатов-Коплик белгісі жоқ ,бөртпе аз, қоңыр дақ бірнеше сағаттан 1-2 тәулікке дейін сақталады.
Қызылшаның асқынулары
1.Қызылшаның өзінің асқынулары – назофарингит, ларинготрахеобронхит, жалған круп,қызылша пневмониясы, энцефалит.
2. екінші реттік инфекцияға байланысты (пневмококк и стафилококк) асқынулар -кеш дамыған бронхопневмониялар,іріңді плевриттер, стоматиттер.
Емі
Белгісіне қарай (симптоматикалық)
1.Дұрыс күн тәртібін сақтау,яғни бөлмені желдету, тамақты уақытында ішу(жеңіл сіңірілетін,дәрумендерге бай, езбе түрінде),сұйықтықты көп ішкізу!
2 .Жедел кезеңінде –көз және ауыз қуысына мұқият күтім жасау. Әр кез тамақ ішкеннен кейін тамағын шаю ,су ішкізу.
Көзін таза сумен жуу,қажет болса көзіне 30% альбуцид (сульфацил натрий) тамызу.
- Тері күтімінің маңызы зор.
мұрынына–салқындатылған өс
імдік майын немесе бөліністер көп болса балаларға арналған проторгол,колларгол,галазолин т.б. тамшыларын тамызу.
Қызу түсіретін дәрілер: парацетамол, қызуы өте жоғары болса тік ішекке балауыздар (цефекон т.б.)
Дәрумендер : С - (0,1 – 0,2), В1 - 0,005х2, А- 1-2-3 тамшыдан тәулігіне.
- Азапқа түсіретін жөтел болса: кодеин 0,001 на год жизни на прием.
- мазасызданса – фенобарбитал 0,01 – 0,03; 3 жасқа дейін бір қабылдағанда.
- 2 жасқа дейіінгі балаға асқынулардың алдын алу үшін ертерек антибиотиктер тағайындаған жөн.
- десенсибилизациялаушы препараттар-
ды міндетті түрде тағайындау : хлорлы кальций, супрастин, диазолин.
Алдын алу (арнайы және арнайы емес)
- 1.науқасты оқшаулау ( бөртпе басталғаннан бастап ең кемінде 5 күн , асқынулар болса – 10 күнге дейін),жедел хабарлама №058 үлгі бойынша .
- 2.қызылшамен ауырмаған және қызылшамен ауыратын науқаспен қарым қатынаста болған(егу алмаған!), 3 айдан 2 жасқа дейінгі балалардың бәріне 3,0 мл гамма глобулин енгізіледі. Оның әсер ету ұзақтығы 3-4 апта.
- Осыған дейін ауырмаған және егу алмаған балаларға,12 айлықтан бастап ,қызылшаға қарсы тез вакцинация (егу) жасалу қажет,егер ешқандай егуге қарсы қайшылықтар болмаса.
- Вакцинаны енгізгеннен кейін γ-глобулинді енгізу 2-3 аптадан ерте болмауы тиіс .
Белсенді иммунизация
- Қазір тірі әлсіретілген вакцинамен арнайы алдын алу жүргізіледі. « Тримовакс » , 3 жұқпалы ауруға қарсы: қызылша, қызамық , паротит, балаларға 12 айынан бастап, қызылшамен ауырмаған балаларға вакцинация істелінеді. Оны КПК вакцинасы деп те атайды, ревакцинация –6 жаста .
- Вакцинаны 0,5 мл, вакцинамен берілген арнайы ертіндісімен ерітіп тері/астына егеді. КПК тірі вакцина болғандықтан вакцинаға қарсы реакцияны еккеннен кейін баланы 5-6 шы және 10-11 ші күндері бақылау керек – болуы мүмкін: аздаған t, мұрынынан серозды бөліністер,біразғана бөртпе .
- Егу (прививка) алған балалар, басқа инфекцияға қарсы егулерді, 1 айдан кейін алғандары жөн.
- 1-2 сынып оқушылары және қарым қатынаста болған балалар, балалар ұйымдарына (мектеп,балабақша) -17 күн, ал γ-глобулин алғандар - 21күн бойы жіберілмейді.( бұл сұрақты СЭС шешеді )
Тақырып: Қызамық.
- Бұл ауру іштен туа біткен ақаулардың дамуына себепші ,әсіресе жүрек ақаулары дамуы мүмкін, егер қызамықпен жүкті әйел ауырса. Сондықтан қызамыққа үлкен көңіл аударылады.
Эпидемиологиясы
- Қоздырғышы – фильтрленуші вирус, қоршаған ортада төзімсіз. Ауру көзі –ауру адам,ол аурудың белгілері пайда болғаннан 1-2 күн бұрын-ақ қауіпті болып есептелінеді, ал бөртпе пайда болғаннан 5 күннен кейін науқас айналадағы балаларға қауіпсіз.
- Көбіне 2-10 жастағы балалар ауырады.
Клиникасы:
- Жасырын кезеңі 11-23 күн . Продромальды кезең- бірнеше сағаттан 1-2 күнге дейін, катаральды белгілермен сипатталады : мұрынының бітуі,жөтел, көзінің қызаруы (коньюнктивит), қызуы субфебрильді немесе қалыпты.Жалпы жағдайы көп өзгермейді. Бельский- Филатова-Коплик дағы болмайды.
- Асқынулардың дамуы өте сирек
Қызамыққа тән белгі: шүйде және мойынның артқы лимфа түйіндерінің үлкеюі.
- Бөртпе бірінші бетте,мойынында,кейін тез барлық денесіне таралады: бөртпе ұсақ дақ немесе папула-түйін тәрізді,аяқ-қолдың жазғыш бетінде және арқасында,жамбасында көбірек болады.
- 2-3 күннен кейін кетеді, із қалдырмайды.
Емі және алдын алу
- Жедел кезінде-төсек тәртібі
- Жалпы қуаттандырушы,симптоматикалық.
- Науқасты бөртпе шыққан күннен бастап 5 күн оқшаулау.
- Қарым қатынаста болғандарға карантин тағайындалмайды.
- Арнай алдын алу «Тримовакс» (КПК) вакцинасымен 12 айында вакцинация, 6 жаста ревакцинация 0,5 мл т/астына.
Іштен туа біткен қызамық.
ДДҰ-ң (ВОЗ) эксперттерінің мәліметтері бойынша, анасындағы жедел қызамық вирустың қанда уақытша циркуляцияда-айналымда болуына себепші,осының нәтижесінде бала жолдасы мен ұрыққа созылмалы инфекция түсуі мүмкін.
Анасы жүктіліктің алғашқы 2 айында ауырса инфекция ұрықтың 54% да; жүктіліктің 3 айлығында ауырса ұрықтың— 34% да, жүктіліктің 4–6 айлығында ауырса ұрықтың тек 10% да кездеседі.
Осы мерзімдерден кейін, ұрықта созылмалы инфекциялық аурулар сирек кездеседі.
Іштен туа біткен қызамық
Дамитын ақаулар
Қызамық вирусы ұрықта әртүрлі ақаулардың дамуына себепші: микроцефалия,суқараңдық (глаукома), көзіне ақ түсу(катаракта) немесе ретинопатия, микрофтальмия,кереңдік( глухота ) ;
Туа біткен жүрек ақаулары(ашық артериялық өзек,өкпе артериясының стенозы,жүрекше, қарынша аралық перделердің ақаулары т.б.).
Орталық жүйке жүйесінің зақымдануы, ақыл-ой (нерв психикалық) дамуының қалыстығына әкеледі.
Іштен туа біткен қызамық.
Классикалық триада:
Көзінің зақымдануы,құлағының дұрыс естімеуі,көзінің дұрыс көрмеуі,туа біткен суқараңғылық ( глаукома ) , сияқты патологиялар біртіндеп дамиды және нәрестелік кезеңде емес,бірнеше жылдан кейін анықталуы мүмкін.
Індетті паротит - (Мысқыл) («шошқа мойын»)
- Құлақ қасы бездерінің және басқа да бездердің зақымдануымен сипатталатын жұқпалы ауру.
Қоздырғышы : вирус.
- Қоршаған ортада төзімсіз,аздап ұшпалы.
- Ауру көбіне салқын кезде 5-15 жас аралығындағы балаларда кездеседі
Таралу жолдары:
1)ауа-тамшы
2)қарым-қатынас: заттар арқылы: (ойыншықтар,күтім заттары яғни науқас ұстаған оған жақын болған заттар)
Ауру көзі – ауру адам.
Вирус науқастың сілекейімен жасырын кезеңнің соңында және аурудың алғашқы 3-5 ші күндерібөлінеді.
Жасырын кезеңі 3-35 күнге дейін.
Клиникасы
продромальды кезеңде –улану белгілері:
тәбетінің төмендеуі,
басының ауруы,
қалтырап,тоңазынсынуы.
Ерте жастағы балаларда құсу,бұлшық еттерінің жиырылулуары(подергивание) байқалуы мүмкін.
Әрі қарай дене қызуы көтеріледі,
Құлақ маңының ауырсыну сезімі,
құлағының шулап, ызыңдаған дыбыс сезуі, тамақ шайнағанда ауырсыну пайда болуы.
Құлақ маңы шұңқырын толтыратын ісік пайда болады (құлақтың алдыңғы жағында ),ол сосын жылдам өсе бастайды .
Зақымданған без үстіндегі терікерілген, біртүрлі жылтырайды.
Ісік тығыз консистенциясы қамыр тәріздес, сипап,ұстаған кезде аздап ауырсынады.
- Науқас ауызын қиынсынып ашады, сөйлегенде дауысы төмен (глухость).
- 2-5 күннен кейінісік екінші жағынан пайда болуы мүмкін.
- Құлақ маңы безінен басқа да бездер зақымдануы мүмкін: жақасты, сілекей және тіласты.
Асқынулары
1. Серозды менингиттер және менингоэнцефалиттер : сандырақтау,құрысу,басының қатты ауруы,желке бұлшық еттерінің тартылуымен сипатталады .
2 . Панкреатит –асқазан тұсының қатты ауруы,құсу,ішінің кебуі байқалады. Несепте диастаза көтеріледі.
3 .ер балаларда – тестикулит, орхиттер .
Аурудың 5-6 шы күндері аталық безге(яичко) таралатын (иррадирующий) ауырсыну пайда болады.
Ұманың(мошонка) терісі қызарған,ісіңкі.Аталық безін сипағанда қатты ауырады.
Екі жақты орхиттен кейін –аталық бездерде (яичек) атрофия дамып, бедеулікке ( бесплодие ) әкелуі мүмкін.
Емі:
- Төсек тәртібі,құлақ маңы безі үстіне құрғақ жылылық басу.
- Қызу түсіретін дәрілер беру: парацетамол
- Менингоэнцефалитте – тез ауруханаға жатқызу, люмбальды пункция.
- Орхитте –құрғақ жылылық қолдану.
Алдын алу:
- Арнайы және арнайы емес
- Науқасты жағдайына байланысты үйде 10 күнге дейін оқшаулау.
- Егу 12 айында, т/а қарына немесе жауырын астына 0,5мл.(вакцина КПК), ревакцинация 6 жаста.
- Қарым-қатынаста болғандарға карантин 21 күн.
- Ошақта залалсыздандыру (дезинфекция) жүргізілмейді, бөлмені тек ылғалды жинау, желдету шаралары жүргізіледі.