Просмотр содержимого документа
«"Латын графикасына көшу-бүгінгі күн талабы"»
Латын графикасына көшу-бүгінгі күн талабы
Латын әліпбиіне көшу Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2006 жылы өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында: «Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Әйтсе де, латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие және көптеген ел соның ішінде посткеңестік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес» деген сөзінен бастау алды.
2012 жылғы желтоқсан айында жарияланған «Қазақстан – 2050» Стратегиясында: «2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керек» деген мәлімдемесі, әсіресе, зиялы қауым ортасында үлкен резонанс тудырды. Елбасы биылғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында бұл мәселені тағы бір мәрте нақтылады.
«2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз. Ол кезең де таяп қалды, сондықтан біз уақыт ұттырмай, бұл жұмысты осы бастан қолға алуымыз керек. Біз осынау ауқымды жұмысты бастауға қажетті дайындық жұмыстарына қазірден кірісеміз. Үкімет қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауы керек», — деген Елбасының сөздері латын әліпбиіне көшу туралы дау-дамайға нүкте қойғандай болды. 2017 жылғы 26 қазанда «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің №569 Жарлығына қол қойылды.Халықтың,зиялы қауым ортасында талқыға түскен қазақ тілі нұсқасындағы латын графикасы туралы пікірлер екі жақты болып шықты. Біреулер оны қолдаса, енді бірі оның тиімсіз екенін айтып өз пікірлерімен бөлісуде. Тіл тағдыры-ұлт тағдыры.
Сондықтан бізде, «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №17 бөбекжай-бақшасы» МКҚК ұжымы 2018 жылғы 25 тамыз күні отырыс жасап,осы мәселені ортаға салып, талқыладық.
Латын әліпбиін қазіргі қазақ тілі әліпбиімен салыстырып, артық-кем тұстарын айтып,ой бөлістік.
Қарапайым тілмен түсіндірсек, қазіргі қазақ тілі әліпбиінің шынымен қазақтың төл тіліне келмейтіні. Көптеген керек емес ережелер, басқа тілден келген дыбыстар, әріптер, тілді үйренуді қиындатады. Ал латын әліпбиі өзге ұлттарға тілді қабылдауға, қазақ тілінде жазып, оны түсінуге тез үйретеді деп ойлаймыз. Әлемдегі ақпараттық жүйе дені латын графикасына негізделген. Бұл деген сөз ғаламтор желісінде әлемдегі ақпарат алу жүйесіне еркін шығу деген сөз. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 2018 жылғы 19 ақпанда №637 Жарлығына қол қойып, латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі жаңа редакцияда жазылып бекітілді.Сол әліпбимен танысып, алдағы уақытта оны үйренуге, қолдануға тырысатынымызды жеткізгіміз келеді.
Біз, Қазақ Елі, уақыт көшіне ілесіп, әлемдегі өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылу үшін жалпы ұлт ретінде сақталып қаламыз десек, көп кешікпей, әліпбиімізді латын жазуына көшіруіміз керек.Бұл – бүгінгі күннің талабы.Біздің ұжым бірауыздан осы пікірді қолдаймыз.
Қазақ тілі мұғалімі
Сабитова Бибігүл
Sábıtova Bıbigúl